Темербаева Жанна Амангелдиевна


Студенттерді кредиттік технология арқылы оқытудың үлгісі



бет9/38
Дата06.02.2022
өлшемі3,38 Mb.
#36266
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
1.3 Студенттерді кредиттік технология арқылы оқытудың үлгісі


Жоғары оқу орындарында бүгінгі күнге дейін диалектика нысаны басынан үш түрлі парадигманы өткізді. Оның біріншісі – эмпирикалық парадигма. Бұл парадигмада көбінесе шетел және Одақ көлеміндегі жоғары оқу орындарының озық деген тәжірибелері біздің ғалымдарымызға сүрлеу болды. Нақтылап айтсақ, басқа бір ғалымдардың өздеріне ғана тән тағылымы мен тәжірибесін жүзеге асырып келді. Әрине, барлық оқытушы-профессорлар құрамы осындай іспен шектелді деуден аулақпыз. Бірақ жалпы оқытушы-профессорлар құрамының 25-30 пайызы өзінің төл тағылымы мен тәжірибесіне сүйенгені байқалды. Зерттеу барысында оқытушы-профессорлар құрамының тағылымдық, гносеологиялық деңгейден гөрі тәжірибелік іскерлікті басымдықта ұстап, өзінің қызметін автоматты іс-әрекетке айналдырып жібергені де жоқ емес. Эмпирикалық парадигма – жоғары оқу орындарында тек әр оқытушы-профессорлардың өзінің тәжірибесіне сынмен қарауына қатысқан немесе баспасөз арқылы меңгерген басқа ғалымдардың іс-тәжірибесіндегі ғылыми негіз. Мұнда тәжірибе жүйесі қалай құрылғанына айрықша мән беруі көзделеді. Сөйтіп, өзінің іс-тәжірибесіне нені үлгі ретінде ұстанады, нені теориялық негіз ретінде алады деген мәселені алға қоюы ұтымды. Мұндай қорытынды жасауға түрткі болған сол адамның ішкі интеллектуалды әлеуетінің қаншалықты деңгейде екендігі, ал оның қолы жеткен ол деңгей екінші бір адамға жұмбақ. Құр сыртқы құрылым-жүйесін қайталағаннан басқа өзіне тән ұшқыр ой-тұжырым туа қоймайды. Эмпирикалық парадигма бүгінгі модернизация кеңістігінде әрбір оқытушы-профессорлардың өзіне қатысты жинақтаған теориясы мен тәжірибесіне сүйену үдерісінде жүзеге асыруы қарастырылады. «Модернизация» ұғымы француз тілінен енген сөз (modernization - moderne) қазіргі, жетілген деген мағынаны білдіреді. Ал «эмпирикалық парадигма» құбылыс пен үдеріске жаңа философиялық көзқарас деген мағынаны білдіреді. Бұл парадигманың пайдасы әрбір оқытушы-профессорлардың басқа ұлт арасында, әлемде болып жатқан жаңалыққа ықыластанып, одан өзіне үлгі алуына мүмкіндіктер туатыны демекпіз. Жоғары оқу орындарында алгоритмдік парадигма - әрбір оқытушы-профессорлардың алдымен өзінің ғылыми зертханасының белгілі бір тәртіпке құрылыуымен туатын үдерісі. Іс-әрекеттің рет тәртібі бір жүйеге түсіп, оған философиялық мән берілсе, оны алгоритмдік парадигма дейміз. Бұның көлеңкелі тұсы – студенттердің іс-әрекетін оқытушы-профессорлардың құрамының қалыптасқан алгоритміне ұдайы бағындыруды нысанаға алуы. Мұндай іс-әрекет нәтижесі студенттерді оқыту үдерісінде әкімшіл-әміршіл басқаруды басымдықта ұстайды. Тұлғаның, студенттің ішкі интеллектуалды әлеуетін ескермей, оқытушы-профессор өзінің мүмкіндігін басқаға міндеттеуі соңғы нәтижеге жетуіне бағдарламайды. Сондықтан алгоритмдік парадигма жоғары оқу орнында білім мазмұнына инструмент болғанымен, диалектика нысанында, оқыту үдерісінде сүбелі нәтижеге қол жеткізбей, керісінше, оқытушы-профессорлардың құрамы мен студенттердің арасында түсінбеушілікті тудырады. Үшінші парадигмаға стохастикалық жатады. Стохастика «мүмкіндік теориясын» жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызады. Егер оқытушы-профессорлардың құрамы лексикасында «мүмкіндік туғызу» деген сөз тіркесі көбірек қолданымда болса, онда оқытушы-профессорлардың құрамы өзінің қызметін стохастикалық парадигмаға салып жүргізгенінің көрсеткіші. Стохастикалық парадигма көбінесе әрбір ғылыми нысанның теориялық-ғылыми тірек көздерін студенттердің өздігінен жұмыс жүргізе алу мүмкіндігіне сай жобалап беруімен оқшауланады. Осы стохастикалық парадигма басымдықта болып, әрбір оқытушы-профессорлардың құрамы өзінің іс-тәжірибесін әлемдік модельмен салыстырып, аналитикалық, сараптамалық бағаммен қарап, нәтижеге бағдарлайтын ғылыми проект құра алған жағдайда ғана Болон үлгісі бірыңғай Еуроодақтық білім кеңістігіне кіруге мүмкіндік туады. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жоғары құзыреттілікті жүзеге асырудың екі сатылы жүйесіне (бакалавр-магистр) көшкені белгілі. Болон үлгісі оқу үдерісін модульді жүйеге бейімдеуге бағыт жасайды. Мұның өзі әжептәуір күрделі жұмыстарды атқаруға міндеттейді. Модульдік мақсатшылықпен кең ауқымды бағдарламасын енгізуді аңғартады. Барлық жоғары оқу орындарында пәндердің стандарт ауқымында оқылуы дәстүрге айналып келді. Сол секілді тағы да бір көкейкесті мәселе жоғары оқу орындарының штатты кестелері жоғары оқу орындарында білім берудің жаңаша мазмұнына сәйкеспейді, сол себепті үштен бір материалды қысқарту үдерісі қарастырылуы тағы да мәселенің тез шешілуіне кедергі.
Аталған мәселелермен бірге салыстыруды, сараптауды қалыпқа келтіру (унифицированного) де өткір тұрған үдеріс. Мұндай жүйені жүзеге асыруда бакалавр-магистрлердің мамандығын бір-біріне жақындату көзделеді. Жұмыстың бұндай түрі Еуропалық Одақтың қосымша зерттелуі тұрғысында іске аспақ. Стандарттағы берілген сағат ескерілмей, ақиқатында меңгерген білімімен есептеледі. Бірақ унифицирлік жүйе дипломдардың бір-біріне жуықтауының абсолютті индикаторы болып табылмайды. Шетелдік және Қазақстан Республикасының дипломдарының да басымдығын мойындатуға қадамдар жасаған тиімді. Екі жақты келісім болған уақытта Еуропалық Одақ білімденудің шыңына жететініне ешбір күмән келтірмейді. Болон үлгісінің құптарлық тұсы – Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге бармай-ақ, әлемдік мәртебеге сәйкес келерлік білім алып, құзыреті жоғары маман болуға мүмкіндіктер жасалмақ. Міне, жоғарыда айтылған Еуропалық Одаққа Қазақстан Республикасының кіруіне де стохастикалық парадигма жобасын жасау іс-әрекетіне рөл атқаратыны байқалды.
Қазақстан Республикасында модульдік оқыту 80-жылдардың аяғынан қолға алынды. Оның бастау көзі АҚШ-та ХХ ғасырдың 60-жылдарында тәжірибеде айқындалып, оқыту саласында Америка мен Еуропа біртұтастық іс-әрекет тұрғысында оқыту ісіне енгізілді. Модульдік оқыту ең ұтымды технологияны дидактикалық үдерісте іске асырады. Дидактикалық үдерістің маңыздылығы – модульдік технологияға жүгініп, оқыту мазмұнының жеке блоктарға автономды жіктеліп келуі. Жұмыстың бұл түрінде бұрынғы тараулар жеке-жеке бір сағат көлемінде қарастырылмай, тұтас, туыстас, ұсақ тақырыптардың блокқа бөлініп, оның тұтас жүйесі бір модуль құрастыратыны ескеріледі. Болон үлгісіне көшу үшін жоғары оқу орындарында барлық мамандыққа орай мемлекеттік стандарт сыйымдылығында барлық пәндерден осындай модульдік жүйедегі оқулықтарды даярлау керектігі байқалып отыр. Модульдік көлемі мамандықтың оқытылатын дидактикалық мақсаттарына тікелей байланысты болып келеді. Мұндай жағдайда бұрынғы стандарт пен бүгінгі стандарт арасындағы айырмашылықтарды жіктеп, әрбір оқытушы-профессорлар құрамы өзінің жұмыс жобасын ұлттық мүддені негізге алып, Еуроодақ елдеріндегі тағылым мен тәжірибені зерделеп, бейімдеп жүйелеуіне ұшқырлық көзделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет