РЕЦЕПТТЕР
1.Рецептке толық талдау жүргізу.Дәрілік қалыпты дайындау.Дәрілік түрдің сапасын бағалауды жүргізу.
Ал: Белладонна экстрактысынан 0,015
Фенобарбиталдан 0,02
Папаверин гидрохлоридінен 0,03
Анальгиннан теңдей 0,25
Ұнтақ жасалғанша араластыр
Мұндай дозаны 12 санымен беріңіз
Белгіле.Күніне 3 рет 1 ұнтақтан
Rp.: Extractі Belladonnae 0,015
Phenobarbіtalі 0,02
Papaverіnі hydrochlorіdі 0,03
Analginі 0,25
Mіsce fіat pulvіs.
Da tales doses № 12.
Sіgna. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.
А және Б тізіміндегі дәрілік заттардың дозаларын тексеру.
Папаверин гидрохлориді (Б тізімі)
МФ бойынша: ЖРД 0,2 Рецепт бойынша: ЖРД 0,03
ЖТД 0,6 ЖТД 0,03*3=0,09
Қорытынды: дозалары аспаған.
Фенобарбитал (күшті әсер ететін зат)
МФ бойынша: ЖРД 0,2 Рецепт бойынша: ЖРД 0,02
ЖТД 0,5 ЖТД 0,02*3=0,06
Қорытынды: дозалары аспаған.
Анальгин (Б тізімі)
МФ бойынша: ЖРД 1,0 Рецепт бойынша: ЖРД 0,25
ЖТД 3,0 ЖТД 0,25*3=0,75
Қорытынды: дозалары аспаған.
Құрғақ белладонна сығындысы (Б тізімі)
МФ бойынша: ЖРД 0,05 Рецепт бойынша: ЖРД 0,015
ЖТД 0,15 ЖТД 0,015*3=0,045
Қорытынды: дозалары аспаған.
Есептеулер:
Ұнтақты 1:2 қатынаста құрғақ экстрактымен дайындау технологиясын қарастырайық.
0,015 x 12 = 0,18 x 2 = 0,36 (1:2) құрғақ экстракты
0,02 x 12 = 0,24 Фенобарбитал
0,03 x 12 = 0,36 Папаверин гидрохлориді
0,25 x 12 = 3,0 Анальгин
mж = 0,36 + 0,24 + 0,36 + 3,0 = 3,96
m1 ұнт. = 3,96 : 12 = 0,33
Есептеу нәтижелері жазбаша бақылау паспортының артқы жағына жазылады.
Аналгин/Analginum-ақ немесе ақ түсті әрең байқалатын сарғыш реңді ірі-инелі, иісі жоқ кристалды ұнтақ, ащы дәмі бар. Судың 1,5 бөлігінде, спирттің 160 бөлігінде ериді.
Достарыңызбен бөлісу: |