Рецепт (латынша - алу) – дәрігердің нұсқауымен дәрілік препаратты дайындау және босату туралы жазбаша құжат. ҚР ДСМ 21.05.2008 жылғы 289-ші бұйрығына сәйкес рецепті тек жоғары медициналық білімі бар дәрігер жазуға құқылы. Орта білімді медициналық қызметкерлер улы,психотропты дәрілерді жазуға құқығы жоқ.
Рецепт құрылымы келесі бөліктерден тұрады:
Inscriptio – бұл бөлімде емдеу мекемесінің штампы,рецептің жазылған күні,науқастың аты- жөні мен жасы, дәрігердің аты-жөні жазылады.
Invocatio – бұл бөлім Rp. сөзімен белгіленеді, яғни дәрігердің фармацевтке дәрі дайындау жөніндегі өтініші.
Ordinatio – бұл бөлімде рецептің құрамына кіретін заттардың атауын латын тілінде жазу, ол заттарға: basis- әсер ететін негізгі зат, adjuvans – қосымша заттар, corrigens – ДЗ жағымсыз иісін және дәмін жоятын заттар, constitiens – қалып түзуші заттар.
Subscriptio – бұл бөлімде ұнтақ түзілгенше араластыр (М.f.pulv.) деген сияқты дәрігердің фармацевтке дәрілік қалыпты дайындау туралы нұсқауы жазылады.
Signatura – бұл бөлімде ұлттық тілде дәрінің қолдану әдісі, дозасы, қабылдау жиілігі мен уақыты, ем ұзақтығы жазылады.
Subscriptio medici – дәрігердің қолы мен жеке мөрі, қажет болса емдеу мекемесінің мөрі көрсетіледі.
2.Мөлшерлеу тәсілдері. Салмағы бойынша мөлшерлеу. Көлемі мен тамшылары бойынша мөлшерлеу. Дозалау дәлдігіне әсер ететін факторлар. 100%
Дәрілік препараттарды дайындау кезінде оның құрамындағы ингредиенттер мөлшерленуі керек. Дозасына байланысты дәрілік препараттар фармакологиялық әсерін көрсетеді. Мөлшерлеудің үш тәсілі бар:салмақ бойынша,көлем бойынша және тамшымен мөлшерлеу.
Ең көп қолданылатын мөлшерлеу ол – салмақ бойынша мөлшерлеу. Ол қатты заттарды, сондай-ақ сұйық заттарды да қол таразылары мен тарирлі техникалық таразыларда мөлшерлеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |