Ұнтақтардың жіктелуі:
Қолданылуы бойынша: ішуге және сыртқа қолдану үшін.
Құрамына байланысты: бір ингредиенттен тұратын қарапайым және бірнеше ингредиенттерден тұратын күрделі.
Дозалау сипатына қарай: дозаланған, яғни жеке дозаларға бөлінген және дозаланбаған, яғни бөлінбеген.
Сыртқа қолдануға арналған ұнтақтардың негізгі түрлері: сеппелер,дене қуыстарына үрлеуге арналған ұнтақтар,тісті емдеуге арналған ұнтақтар және зиянкестермен күресуге арналған ұнтақтар.
Ұнтақтарға қойылатын талаптар:
Дайындау және сақтау процесінде ұнтақтар тұрақты болуы керек;
Ұнтақтар көзбен қараған кезде біртекті болуы керек;
Бөлшектердің мөлшері 0,160 мм-ден аспауы керек.
Кейде стерильді болуы керек.
4. Тритурация. Тритурацияны қолдана отырып,улы дәрілік заттар сығындылармен, қиын майдалайтын, иісті және бояғыш дәрілік заттармен дайындалатын ұнтақтардың ерекшеліктері. 85%
Құрамында күшті және улы әсер ететін заттары бар ұнтақтарды дайындау кезінде пациент жасы ескеріледі,ингредиенттердің сыйымдылығы мен дозасының дұрыстығы тексеріледі, улы заттардың асты қызыл карандашпен сызылады.
Егерде , ұнтақтардың құрамындағы улы және күшті әсер ететін заттардың мөлшері жалпы ұнтақ салмағы бойынша есептегенде 0,05 г кем мөлшерде болса, онда ұнтақтар тритурация түрінде жазылады. Тритурация сөзі латын тілінен аударғанда ысқылау дегенді білдіреді. Тритурация – күшті және улы әсер ететін заттардың 1:10, 1:100 қатынасында сүт қантымен алдын-ала дайындалған қоспасы. Тритурация үшін сүт қантының таңдалу себебі, ол иіссіз,тәтті дәмді,улы емес,гигроскопты емес. Тритурацияны улы және күшті әсер ететін заттармен ұнтақ дайындау ережесін сақтай отырып фармацевт-технолог дайындайды. Ал оның сапасы мен сандық мөлшерін фармацевт-аналитик бақылайды. Қоспа қатпарланып кетпеу үшін оны штангласта сақтайды және әр 15 күн сайын келіде араластырып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |