Сұйық дәрілік түрлердің артықшылықтары:
Ағзаға тез сіңіріледі, сол үшін терапевтік әсерін жылдам көрсетеді;
Қолданылуы қарапайым және қолайлы;
Дайындалу технологиясы да қарапайым;
Асқазан-ішек жолының шырышты қабығына дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерін азайтады;
Ащы дәмді дәрілік заттардың дәмін жасыруға болады.
Сұйық дәрілік түрлердің кемшіліктері:
Олар сыртқы орта факторларының, яғни жарықтың,температураның әсеріне тұрақтылығы төмен;
Олар бактериялардың өсуі мен көбеюіне қолайлы орта болып табылады;
Сақтау мерзімі қысқа, 3 тәуліктен артық емес;
Тасымалдауға ыңғайлы емес;
Дәл дозаланбайды.
Сұйық дәрілік түрлердің жіктелуі.
Қолданылуы бойынша:
ішке қолданылатын микстуралар мен тамшылар,тұнбалар,қайнатпалар және т.б.
жуу,шаю,компресс,спринцевания үшін сыртқы қолданылатын ерітінділер мен көзге,құлаққа,мұрынға арналған тамшылар;
инъекцияға арналған дәрілер.
Дисперстік фазасының ұнтақталу дәрежесі мен оның дисперстік ортамен байланысы бойынша:
Нағыз ерітінділер молекулалы-дисперсті жүйеде және ионды-дисперсті жүйеде болады. Бірінші жүйе өлшемі 1 нм-ден кіші болады,оларға электролит емес ерітінділер спирт пен қанттың сулы ерітіндісі жатады. Екінші жүйе өлшемі 0,1 нм-дей болады, оларға электролит ерітінділер натрий хлориді мен магний сульфаты ерітінділері жатады.
ЖМҚ ерітінділері – молекулалы-дисперсті, бір фазалы гомогенді жүйелер.
Коллоидты ерітінділер бөлшектерінің өлшемі 1-ден 100 нм-ге дейін болады, олар гетерогенді жүйе болып табылады.
Суспензиялар – қатты дисперстік фаза мен сұйық дисперсті ортадан тұратын гетерогенді жүйе. Бөлшектерінің мөлшері 0,1-10 мкм болады, лайлы сұйықтық,тұнбаға түседі, бірақ фильтрден өтпейді.
Эмульсиялар – дисперстік фазасы мен дисперстік ортасы бір-бірімен араласпайтын сұйықтықтардан тұратын гетерогенді жүйе. Бөлшектердің өлшемі 1 мкм-ден 150 мкм-ге дейін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |