Теория дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары. Рецепт,анықтамасы,маңызы,құрылымы. 89 Дәрілік препараттар өндірісін нормалау



бет8/39
Дата25.05.2024
өлшемі97,1 Kb.
#202902
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
ОФТ ПОЛНАЯ ВЕРСИЯ

Сүзу немесе фильтрлеу – сұйықтарды кез келген көзге көрінетін бөлшектерден тазарту әдісі. Фильтрлеу үшін фильтрлеуші материалдар фильтрлер ,сүзу үшін борпылдақ заттар мақта маталар қолданылады. Мысалы қағаз фильтр (бір реттік)немесе шыны фильтрлер. Бұл материалдар белгілі мөлшерде берік, термиялық стерилизацияға төзімді (шыны), қысым мен кернеуге төзімді, биологиялық индифферентті, жоғарғы өткізгіштік қасиеті болуы керек. Фильтрлеудің жылдамдығы тек фильтрден емес, қысым мен сұйық тұтқырлығына да байланысты болады. Тұтқыр сұйықтарды дәріханада фильтрлеу атмосфералық немесе одан төмен қысымда жүреді.

7.Стандартты фармакопеялық сұйықтықтарды сұйылту ережелері. Стандартты фармакопеялық ерітіндіге және оларды сұйылтуға ҚР МФ талаптары. Уникальность 100


Стандартты ерітінділер деген МФ дағы мақалаларда көрсетілген белгілі бір қатаң түрдегі белгіленген концентрацияда болатын сұйықтықтар. Олар шартты түрде 3 топқа жіктелінеді:
1-топ Таза хлорсутек қышқылы, сұйылтылған хлорсутек қышқылы
2-топ Аммиак ерітіндісі, концентрлі сірке қышқылы, сұйылтылған сірке қышқылы
3-топ Буров сұйықтығы(алюминийдің негізгі ацетаты ерітіндісі), калий ацетатының сұйықтығы(калий ацетатының ерітіндісі),пергидроль(сутек асқын тотығының концентрлі, сұйылтылған ерітінділері), формалин(формальдегид ерітіндісі).
Егер рецептте стандартты ерітінділер басқа концентрацияда жазылса, оларды сұйылтады (сумен жақсы аралқандықтан сумен). Сұйылту реті , сұйылтуға байланысты есептеулер ҚР ДСМ 15.12.2004 №142 бұйрығының 19 тармағына сай жүргізіледі.
1-ші топтағы стандартты сұйықтықтарды сұйылту
Мысалы хлорсутек қышқылын алса, рецептте концентрациясы берілмесе стандартты сұйылтылған 8,2-8,5 пайыздығын аламыз. Хлорсутек қышқылы күшті әсер ететін зат болғандықтан міндетті түрде дозасы тексеріледі. ЖРД мен ЖТД мөлшері аспаған дұрыс болса, дәріханада 1:10 қатынаста сумен сұйылтылып бақылау пастортында жалпы көлем, қажетті су мөлшері, ерітінді мөлшері пайызбен немесе қатынаспен көрсетіліп босатылады.
2-ші топтағы стандартты сұйықтықтарды сұйылту
Бұл топтың ерекшелігі есептеулер кезінде әсер ететін заттардың нақты концентрациясы ескеріледі, дайындау ерітіндінің қолдану тәсіліне байланыссыз. Есептеу сұйылту теңдеуімен жүреді: х=V*a/b немесе Х=V*C1/C2 бұндағы х – стандартты сұйықтық көлемі , V- дайындалатын ерітінді көлемі , а,С2- стандартты сұйықтықтың нақты концентрациясы, b, С1- ерітіндінің қажетті концентрациясы. Мысалы сірке қышқылы оның 2 препараты бар, 30-пайыз сұйылтылған 98-пайыз концентрлі. Жоғарыдағы формула арқылы рецепт бойынша стандартты сұйықтық көлемін тауып кейін су көлемін тауып , бақылау пасторты жазылып босатылады.
3-ші топтағы стандартты сұйықтықтарды сұйылту
Бұл стандартты сұйықтықтардың екі атауы шартты , химиялық атаулары болады. Егер рецептте шартты атауымен берілсе стандартты сұйықтықтарды 1 бірлікке тең(100%) деп аламыз. Егер ерітінді химиялық атауымен берілсе , онда есептеулерді стандартты сұйықтықтардағы әсер етуші заттардың нақты концентрациясы ескеріп сұйылту теңдеуі бойынша жүргіземіз. 3-ші топтың сұйықтықтары арасында сутек асқын тотығының ерітіндісі стандартты екі концентрацияда болады. Концентрлі ерітіндісі 27,5-30,1 пайыз, сұйылтылған 2,7-3,0 пайыз. Егер рецептте концентрациясы жазылмаса сұйылтылған 3 пайыздығы қолданылады. Пергидроль ҚР ДСМ 15.12.2004 №142 бұйрығының 1 бөлім, 9 тармағына сай салмақпен дозаланыды. Сол үшін массаны көлемге тығыздығын ескере отырып алмастыру маңызды. ОЛ m=V*p тығыздық арнайы кестеде жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет