Термиялық тұрақтылығын анықтау – 50 градуска дейін қыздырғанда қабатқа бөлінбесе тұрақты
Тұтқырлығын анықтау – вискозиметр құралымен анықтайды
Біртектілігін анықтау – микроскоппен анықтайды, эмульсиялар біртекті тұрақты сүт тәрізді болуы керек.
16. Жақпа майы, сипаттамасы, жіктелуі. Дәріхана жағдайында жақпа май өндірудің технологиялық сұлбасы. Жақпа майларға арналған негіздер. Уник 84
Жақпа майлар (Unguenta) –сыртқа қолдануға арналған жұмсақ дәрілік түрлер, олар негіз бен онда біркелкі араласқан әсер етуші заттардан тұрады.
Жіктелуі. Белгіленуіне байланысты – косметикалық, емдік, қорғаныс болып бөлінеді.
Қолданылатын жері бойынша – ректалды, көзге арналған, вагиналды, мұрынға арналған, дерматологиялық, уретралды.
Технологиялық жіктелуі – гетерогенді, гомогенді.
Негіздер – жақпа майлардағы дәрілік заттың тасымалдаушылары. Олар жақпа майларға қажетті массаны, оның сіңу жылдамдығы мен дәрежесін анықтайды. Сонымен қатар олар дәрілік заттардың резорбция деңгейін және жылдамдығын реттейді. Олар мына талаптарға сай болу керек; дәрілік заттың қажетті концентрациясы мен массасын қамтамасыз етуі, химиялық индифферентті, жылу, жарық, ылғалға тұрақты, физико – химиялық тұрақты, микробқа қарсы тұрақты, биологиялық қауіпсіз, бейтарап реакция көрсетуі қажет. Негіздердің жіктелуі;
Алыну көзіне байланысты –табиғи, синтетикалық, жартылай синтетикалық.
Химиялық құрамына байланысты – глицерин эфирлері, көмірсутектер, бейорганикалық қосылыстар мен полисахаридтер.
Сумен әрекеттесу қабілетіне байланысты –гидрофобты, гидрофильді, дифильді.
Дәріханада жақпа майды жасау дайындық жұмыстан және негізгі технологиялық сатылардан тұрады. Дайындық жұмысына нормативті құжат бойынша жақпа майдың құрамын анықтау жатады. Жақпа майды жасау сатылары; балқыту, еріту, диспергирлеу, эмульгирлеу, буып түю, безендіру. Кейбір сатыларда жақпа майлардың еру толықтығы мен араластыру біркелкілігі бойынша бақылау жүргізіледі. Дайын жақпа майлардың технологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау жүргізеді.
17. Суппозиторилар дәрілік қалып ретінде. Талаптар. Суппозиторийлерге арналған негіздер. Суппозиторийлерді дайындау тәсілдері (Қолмен қалыптау, құю, престеу) ҚР МФ бойынша суппозиторийлердің сапасын бағалау. 86 уник