Суппозиторийлер (Suppositoria) – дегеніміз бөлме температурасында қатты, ал дене температурасында еритін мөлшерленген дәрілік түрлер. Суппозиторийлердің негізгі үш түрі бар – ректалды, вагиналды, таяқшалар. Олар тік ішекке және басқа дене қуыстарына енгізуге арналған.
Қойылатын негізгі талаптары.
Балқу температурасы дене температурасынан аспауы керек
Деформациялану уақыты фармакологиялық әсеріне қарай 3 – 15 минут аралығында жүруі тиіс
Бөлме температурасында қажетті түрде қатты формасын сақтауы тиіс
Дәрілік затты жеңіл босатып, шырышты қабатты зақымдамауы керек
Ағзада еріген кезде түзілген сұйықтық ағза сұйықтығымен араласуы тиіс
Формасы, өлшемі, массасы бірдей және ұзыннан кескенде біркелкі болуы керек
Жақсы сақталуы керек.
Суппозиторий негіздерің жалпы екі түрі бар – гидрофильді және гидрофобты. Гидрофобты негіздер ретінде майлар, май тәрізді заттар, гидрогенизацияланған майлардың парафинмен балқымалары жатады.
Какао майы – қалыпты температурада сары түсті, әлсіз какао иісті, тәтті дәмді болып келеді, 30 – 34 градуста ериді. Ол индиферентті, дәрілік заттармен жақсы араласатын пластикалық масса. Жазылымда негіз көрсетілмеген кезде какао майын қолданады.
Гидрофильді негіздерге желатин – глицеринді гельдер, полиэтиленоксидтің балқымалары, сабын – глицеринді негіздер жатады. Желатин – глицеринді негіздерді медициналық желатин, су мен глицериннен 1:2:5 қатынаста дайындайды. Сабын – глицеринді негізді глицерин, натрий карбонатынан, стеарин қышқылынан дайындайды.
Суппозиторийлік негіздер талаптары; дене температурасында еруі, бөлме температурасында қатты болу, химиялық және фармакологиялық индиферентті, қоршаған орта факторларына тұрақты болу.
Суппозиторийлерді дайындаудың үш тәсілі бар – қолмен илеу, қалыпқа құю, престеу.
Қолмен илеу тәсілінің бес сатысы бар;
Дәрілік зат пен негізді жасау, негіз ретінде какао майы алынады.
Суппозиторийлік массаны жасау.
Дайын массаны мөлшерлеу.
Суппозиторийді формалау.
Орамдап, безендіру.
Қалыпқа құю тәсілінің үш сатысы бар;
Негізді фарфор табақшада 40 – 50 градуста су моншасында еріту.
Негізге дәрілік затты оның қасиеті бойынша енгізу.
Массаны араластырып, арнайы формаларға құю, мөлшерлеу, орау.
Престеу тәсілінің сатылары;
Суппозиторий негізін жасау.
Негізді салқындату.
Негізді ұсақтап, сүзу.
Негізге дәрілік затты енгізу.
Престеу.
Сапаны бағалау көрсеткіштері.
Құжаттардың дұрыс болуы.
Босату үшін дәрінің дұрыс безендірілуі.
Дәрілік массаның біркелкі болуы – ұзыннан кескен кезде дақтардың болмауы.
Бір суппозиторий салмағының ауытқу мөлшері 5% аз немесе кемболмауы керек.
Липофильді негізді суппозиторийдің балқу температурасы 37 градустан төмен болуы керек.
Деформациялануы 3 – 15 минут аралығында жүруі тиіс.
Құрғақ және салқын жерде сақталуы керек
18. Асептика түсінік. Асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлер. Дәрілік препараттардың микробтық тазалығының маңызы және микробтық контаминация көздері. УНИКАЛЬНОСТЬ 100
Асептика - дәрілік препараттарды дайындау барысында жүзеге асырылатын технологиялық процесстердің барлық деңгей сатыларында микроорганизмдердің енуін барынша төмендетуге мүлде болдырмауға негізделген іс шаралар жиынтығы , жұмыс істеу режимі.