Оралуы.Жарықтан қорғайтын шыныдан жасалынған 20 мл босатуға арналған құтыға құяды, бұрандалы қақпағы бар полиэтилен тығынмен тығындайды.
Безендірілуі. «Ішке», «Балалардан сақта», «Салқын,жарықтан қорғалған жерде сақта» этикеткаларымен безендіріледі.
Бақылаудың міндетті түрлері: - жазбаша. Жалпы массаны дайындағаннан кейін алдыңғы жағында бақылау паспорты жазылады.
Күні Б.П. №
Kalii iodide 2,0
Aquae purificatae 1,5 ml
Iodi 1,0
Aquae purificatae 19,3 мл
Vж= 20 мл
Органолептикалық бақылау. Ерітінді-белгілі бір иісі бар қоңыр түсті мөлдір сұйықтық. Механикалық қосылыстар жоқ,біртекті,мөлдір.
Таңдамалы бақылау түрлері:
Физикалық бақылау. Ерітіндінің салмағы ауытқу нормасынан ±8% аспайды.
100% --- 20
4% --- х
х=+-0,8
20+0,8=20,8 мл
20-0,8=19,2 мл
[19,2-20,8]
Жарамдылық мерзімі: 3 тәулік
4.Рецептке толық талдау жүргізу.Дәрілік қалыпты дайындау.Дәрілік қалыптың сапасын бағалауды жүргізу.
Ал: Калий перманганат ерітіндісінен 1:4000-200 мл
Бер.Босат:Жараларды жуу үшін.
Rp.: Solutionis kalii permanganatis 1:4000 – 200 ml
Da.Signa. Жараларды жуу үшін.
Рецепте А және Б тізіміндегі заттар жоқ,яғни ингредиент дозасы тексерілмейді.
Есептеу:
1 – 4000 мл
х – 200 мл
х=0,05 калий перманганаты
Ерітіндінің Vж.= 200 ml
Есептеу нәтижелері жазбаша бақылау паспортының артқы жағына жазылады.
Калия перманганат/ Kalii permanganas - қара немесе қызыл-күлгін кристалдар немесе металл жылтырлығы бар ұсақ кристалды ұнтақ. Суда ериді, қайнаған суда оңай ериді.
Тазартылған су / Aqua purificata - түссіз мөлдір сұйықтық, иіссіз және дәмсіз. Алдын ала мұқият жуылған жабық ыдыстарда 3 тәуліктен асырмай сақтайды.
Ерітінділер – қатты дәрілік затты арнайы еріткіштерде еріту арқылы алынатын сұйық дәрілік түр.
Достарыңызбен бөлісу: |