Тазартылған су / Aqua purificata - түссіз мөлдір сұйықтық, иіссіз және дәмсіз. Алдын ала мұқият жуылған жабық ыдыстарда 3 тәуліктен асырмай сақтайды.
Сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік түр,бұл қорғалған коллоид-протаргол ерітіндісі болып табылады.Ингредиенттері сыйымды.
Технологиясы: Ең алдымен 0,5 г протарголды 3,0 г глицериннің аз мөлшерімен ысқылайды, содан кейін ысқылағаннан кейін глицериннің қалған мөлшерін қосады. Үстіне ақырындап 25 мл тазартылған су қосады. Алынған ерітінді ыстық суға батырылған мақта арқылы босатуға арналған бөтелкеге сүзіледі.
Оралуы.Қызғылт сары шыны құтыға босатылады. Құтыны бұрандалы қақпағы бар пластмасса тығынмен тығыз тығындайды.
Безендірілуі.Құтыға рецепт нөмірі мен этикеткалар жапсырылады:" Сыртқа"," жарықтан қорғалған жерде сақтау","Салқын жерде сақтау".
Бақылаудың міндетті түрлері: - жазбаша. Жалпы массаны дайындағаннан кейін алдыңғы жағында бақылау паспорты жазылады.
Күні Б.П. №
Protargoli 0,5
Glycerini 3,0 (2,44 мл)
Aquae purificatae ad 25 ml
Vж= 25 мл
Органолептикалық бақылау – сұйықтық қара түсті, иіссіз. Механикалық қосылыстар жоқ.
Таңдамалы бақылау түрлері:
Физикалық бақылау: Рұқсат етілген ауытқу нормалары +-4% болуы тиіс.
100% --- 25
4% --- х
х=+-1
25+1=26 мл
25-1=24 мл
[24-25]
Жарамдылық мерзімі: 3 тәулік
6. Рецептке толық талдау жүргізу.Дәрілік қалыпты дайындау.Дәрілік қалыптың сапасын бағалауды жүргізу.
Ал: Фурацилин ерітіндісінен 1:5000-150 мл
Босат.Белгіле. Тамақты шаю үшін
Rp.: Solutionis Furacilini 1:5000-150ml
Da.Signa. Тамақты шаю үшін
Фурацилин Б тізіміне кіреді
ЖРД 0,1 г
ЖТД 0,3г
Есептеулер :
Фурацилин:1---5000
Х----150 , х =0,03 дозасы аспаған
Фурацилин суда өте нашар еритіндіктен 0,9 натрий хлоридінің изотондық ерітіндісінде ерігіштігін арттыру мақсатында дайындалады. Натрий хлориді : 0,9—100
Х—150,х =1,35 г
Достарыңызбен бөлісу: |