Технологиясы: Қосымша ыдысқа жаңа айдалған,алдын-ала фильтрленген 200 мл суды өлшеп алып, онда 0,05 г калий перманганатын ерітеді.
Оралуы. Дәрілік зат толық еріген соң, оны босататын қоңыр түсті құтыға құйып,тығындап,безендіреді.
Безендірілуі. Негізгі этикетка - «Сырт тәнге»,ескерту этикеткалары – «Балалардан сақта», «Қараңғы салқын жерде сақта».
Бақылаудың міндетті түрлері: - жазбаша. Жалпы массаны дайындағаннан кейін алдыңғы жағында бақылау паспорты жазылады.
Күні Б.П. №
Aquae purificatae 200 ml
Kalii permanganatis 0,05
Vж.= 200 ml
Органолептикалық бақылау – ерітінді мөлдір,күлгін түсті,иіссіз,біртекті, балаларға арналған ерітіндінің дәмі тексеріледі.
Таңдамалы бақылау түрлері:
Физикалық бақылау: Рұқсат етілген ауытқу нормалары +-4% болуы тиіс.
100% --- 200
4% --- х
х=+-8
200+8=208 мл
200-8=192 мл
[192-208]
Жарамдылық мерзімі: 3 тәулік
5.Рецептке толық талдау жүргізу.Дәрілік қалыпты дайындау.Дәрілік қалыптың сапасын бағалауды жүргізу.
Ал: Протарголдан 0,5
Глицериннен 3,0
Тазартылған судан 25 мл
Араластыр.Босат:Белгіле.Спринцевание үшін.
Rp.: Protargoli 0,5
Glycerini 3,0
Aquae purificatae ad 25 ml
Misce.Da.Signa. Спринцевание үшін.
Рецепте А және Б тізіміндегі заттар жоқ,яғни ингредиент дозасы тексерілмейді.
Есептеу:
Протаргол 0,5
Глицерин 3,0/1,23=2,44 мл
Тазартылған су 25-2,44=22,56 мл
Жалпы көлемі 25 мл
Есептеу нәтижелері жазбаша бақылау паспортының артқы жағына жазылады.
Глицерин / Glycerinum - иіссіз немесе өте әлсіз ерекше иісі бар тәтті дәмі бар мөлдір түссіз сироп тәрізді сұйықтық. Сумен және спиртпен барлық арақатынаста араласады, майларда ерімейді.
Протаргол / Protargolum - қоңыр-сары немесе қоңыр жеңіл ұнтақ иіссіз, сәл ащы және сәл тұтқыр дәмі бар. Гигроскопты. Суда оңай ериді, 95% спиртте ерімейді.
Достарыңызбен бөлісу: |