Теория дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары. Рецепт,анықтамасы,маңызы,құрылымы. 89 Дәрілік препараттар өндірісін нормалау


Новокаин- орташа белсенділігі бар анестетик.Бұл өмірлік және маңызды дәрі-дәрмектер тізіміне кіреді. Анестезин



бет24/39
Дата25.05.2024
өлшемі97,1 Kb.
#202902
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
ОФТ ПОЛНАЯ ВЕРСИЯ

Новокаин- орташа белсенділігі бар анестетик.Бұл өмірлік және маңызды дәрі-дәрмектер тізіміне кіреді.
Анестезин- жергілікті әсер ететін анестетик. Ақ кристалды ұнтақ иіссіз, сәл ащы дәм; тілде ұйқышылдық сезімін тудырады. Суда, этанол, эфир, хлороформ, майларда ериді
Этил спирті- этанол, С2Н5ОН – біратомды қаныққан-алифатты спирт, түссіз, күйдіргіш дәмі және өзіндік исі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу t –144,15°С, қайнау t 78,39°С.
Жақпа май- терінің бетіне, кілегей қабатқа жағылатын сыртқа қолдануға арналған тұтқыр дәрілік түрлер.
Технология: Құрғақ стерильді қоңырқай шыны флаконға1,0 ментол,0,5 новокаин,0,5 анезтезин саламыз. 48 мл 70 пайыздық этанолды өлшеп құйып, тығынмен жақсылап тығындап шайқаймыз. Концентрацияларын, сигнатурасын жазып безендіріп, босатамыз.
Сапасын бақылау:

  • Көзбен бақылағанда нормаға сай емес бөлшектерінің болмауы

  • Жалпы барлық дәрілік түрге қойылатын технологиялық көрсеткіштермен анықталады :Бөлшектердің дисперстігі, өлшемі, біркелкілігі

Жарамдылық мерзімі : дәріханаларда дайындалатын жақпа майлар сақталу мерзімі 10 күн


8. Рецептке толық талдау жүргізу. Дәрілік қалыпты дайындау. Дәрілік қалыптың сапасын бағалауды жүргізу.
Ал: Натрий бромидінен
Калий бромидінен теңдей 3,0-ден
Натрий Кофеин-бензоатынан 0,5
Шүйгіншөп тұндырмасынан 2 мл
Тазартылған судан 200 мл
Араластыр. Босат. Белгіле. 1 ас қасықтан күніне 3 рет
Rp.: Natrii bromidi
Kalii bromidi ana 3,0
Coffeini-natrii benzoatis 0.5
Tincturae Valerianae 2ml
Aquae purificatae 200ml
Misce. Da. Signa. Белгіле. 1 ас қасықтан күніне 3 рет
Микстураның жалпы көлемі Vж = 200+2 = 202 мл
Кофеин-натрий бензоаты күшті әсер ететін Б – тізіміндегі зат.
Дозасын тексеру: 200/15 = 13 қабылдау саны
ЖРД 1/13 = 0,07 0,5 г
ЖТД 0,07*3 = 0,21 1,5 г
Доза аспаған.
Есептеулер: микстураны концентрлі ерітінділер қолдана отырып дайындайды.
Натрий бромиді (1:5)​​​ 3,0*5=15мл
Калий бромиді (1:5)​​​ 3,0*5=15мл
Натрий Кофеин-бензоаты (1:10) ​​0,5*10=5мл
Шүйгіншөп тұндырмасы 2 мл
Микстураның жалпы көлемі: Vж = 200+2 = 202мл
Vсу = 200мл
Құрғақ заттың жалпы мөлшері
3,0+3,0+0,5 = 6,5
​6,5 – 202
​​​Х – 100 Х = 3,2%>3%
Натрий бромиді – ақ түсті кристалды ұнтақ, иіссіз, тұзды дәмі бар, гигроскопиялық зат. Жақсы жабылған ыдыста, құрғақ, жарықтан сақталған жерде.
Калий бромиді – түссіз кристалды ұнтақ, иіссіз, тұзды дәмі бар. Жақсы жабылған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде сақталады.
Натрий-кофеин бензоаты – ақ түсті иіссіз ұнтақ, ащы дәмді, суда оңай ериді, спиртте нашар ериді. Жақсы жабылған ыдыста сақтайды. Б – тізіміне жатады, ЖРД ішке – 0,5, ЖТД ішке – 1,5, ЖРД тері астына – 0,4, ЖТД тері астына – 1,0.
Шүйгіншөп тұндырмасы – мөлдір кою-қызыл түсті ерітінді, ароматты иісі мен тәтті-ащы дәмді. Жақсы жабылған шыныда, жарықтан қорғалған жерде сақтайды.
Тазартылған су – түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Алдын ала стерильденген ыдыстарда сақталады.
Б. П.
Aquae purificatae 200ml
Coffeini-natrii benzoatis (1:10) 5ml
Natrii bromidi (1:5) 15ml
Kalii bromidi (1:5) 15ml
Tincturae Valerianae 2ml
Технологиясы: Босататын құтыға бюретка қондырғыдан 200мл су, 5мл натрий кофеин-бензоатының 10%-дық ерітіндісін, 15мл натрий бромидінің 20% -дық ерітіндісін, 15мл калий бромидінің 20%-дық ерітіндісін, 2мл Шүйгіншөп тұндырмасын өлшеп құяды. Микстураны тығындап, босатуға безендіреді. Негізгі этикетка “Ішке”, ескерту этикеткасы “Қолданар алдында шайқа”, “Балалардан сақта”, “Салқын және жарықтан қорғалған жерде сақта” жапсырылады.

9. Рецептке толық талдау жүргізу. Дәрілік қалыпты дайындау. Дәрілік қалыптың сапасын бағалауды жүргізу.


Ал: Күнбағыс майының эмульсиясынан 180,0
Камфорадан 2,0
Қант шәрбатынан 20 мл
Араластыр. Босат. Белгіле. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.
Rp.: Emulsi olei Helianthi 180,0
Camphorae 2,0
Sirupi simplicis 20 ml
Misce.Da.Signa. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.
Рецептте А, Б тізіміне жататын заттар жоқ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет