Теория дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары. Рецепт,анықтамасы,маңызы,құрылымы. 89 Дәрілік препараттар өндірісін нормалау



бет25/39
Дата25.05.2024
өлшемі97,1 Kb.
#202902
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
ОФТ ПОЛНАЯ ВЕРСИЯ

Есептеулер: май мөлшері көрсетілмеген 1:10 қатынаста аламыз
180/10= 18.0г күнбағыс майы
Қант шәрбанының көлемін салмаққа айналдырамыз тығыздықты ескере отырып
p=1.3г/см3 m=20*1.3= 26г қант шәрбаты
Эмульгатор майдың жартысындай мөлшерде алынады. Рецепттегі камфора майда ериді сол үшін эмульгаторды есептегенде оның салмағы ескеріледі.
(18,0+2.0)/2= 10г крахмал
10пайыздық крахмал шырышын дайындаймыз
Суық су мөлшері эмульгатордан екі есе алынады
10*2=20 мл
Ыстық су мөлшері 100-(10+20)=70 мл
Сұйылтуға арналған су көлемі
180-(2,0+18,0+100+26)=54 мл
Б.П.
Camphorae 2.0
Olei Helianthi 18.0
Amyli 10.0
Aquae purificatae frigidae 20 ml
Aquae purificatae calidae 70 ml
Aquae purificatae pro dultio 54 ml
Sirupi simplicis 20ml
mж= 180,0
Камфора-өзіне тән иісі бар түссіз жеңіл ұшатын кристалдар; суда нашар еритін, ал аз полярлы органикалық еріткіштерде жақсы, майда ,спиртте өте жақсы еритін терапевттік қатардағы кетон.
Күнбағыс майы-күнбағыс майлы сорттарының тұқымдарынан алынатын өсімдік майы.
Крахмал — мономері альфа-глюкоза болып табылатын амилоза полисахаридтері мен амилопектиннің қоспасы.
Қант шәрбаты (қарапайым сироп) — негізгі және жалғыз ингредиент қант болып табылатын сироп.
Эмульсия- дисперсті ортасы мен дисперсті фазасы бір бірінде ерімейтін , аз еритін сұйықтардан тұратын микрогетерогенді жүйе.
Технология: Фарфот табақшаға 18,0 г күнбағыс майын, 2 г камфора салып су моншасында 40-50С қыздырамыз. Суытамыз. 10% крахмал шырышын дайындаймыз. 10г крахмалды 20 мл суық сумен араластырып алып, 70 мл суды қайнатып екеуін қосамыз. Мөлдір ерітіндіге дейін табақшада қайнатып, жартылай суытамыз. Сосын ерітіндіге камфораның майлы ерітіндісін бөлшектеп қосып , біріншілік эмульсия дайын болғанша жақсылап араластырамыз.Сұйылтуға арналған суды қосып, дайын эмульсияяны екі қабат дәкеден өткізіп, құтыда босатамыз. Ең соңында 20мл қант шәрбатын қосамыз, қажет болса салмағын 180,0 болғанша сумен жеткіземіз.Тығындап , босатуға безендіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет