Теория дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары. Рецепт,анықтамасы,маңызы,құрылымы. 89 Дәрілік препараттар өндірісін нормалау



бет7/39
Дата25.05.2024
өлшемі97,1 Kb.
#202902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
ОФТ ПОЛНАЯ ВЕРСИЯ

Аралас жүйелерге өсімдік шикізатынан сумен сығындылау арқылы алынған сығындыланған заттар ерітіндісі,суспензия,эмульсия түрінде болатын экстракциялық препаратар, яғни тұнбалар мен қайнатпалар жатады.



Құрамы бойынша қарапайым және күрделі сұйық дәрілік түрлер болып жіктеледі.
Еріткіш табиғаты бойынша: сулы сұйық дәрілік түрлер – еріткіш ретінде тазартылған су болады, бейсу сұйық дәрілік түрлер – еріткіш ретінде ұшқыш немесе ұшқыш емес заттар, яғни спирт,эфир,өсімдік майлары таңдалады.
6.Тазартылған су еріткіш ретінде. Сипаттамасы.Дәріхана жағдайында алу. Сапаны бақылау.Сақтау.Құрал-жабдықтар. Сүзу-ерітінділерді механикалық қоспалардан тазарту тәсілі ретінде. Құрал-жабдықтар. Уникальность 100
Сұйық ДЗды дайындау үшін табиғаты түрлі еріткіштер пайдаланылады. Олар сулы және бейсу болып жіктелінеді. Осылардың ішінде сулы еріткіштерге тазартылған су жатады.
Тазартылған су- басқаша дистилденген су сұйық дәрілік түрлер технологиясында өте жиі қолданыды, тіпті рецептте еріткіш көрсетілмесе біз бірден оны дис. су деп қарастырамыз.Оның еріткіштік қасиеті шектелген , яғни белгілі бір еріткіш мөлшері ДЗтың нақты белгіленген мөлшерін еріте алады.
Дәріхана жағдайында алу- арнайы бөлек бөлмеде ҚР ДСМ номер 9 бұйрықтың 9 бөліміне сай құбырдағы судан айдау әдісімен жүргізіледі, ол бөлмеде басқа жұмыстар жүргізілмейді. Тазартылған суды алудың сатылары:

  1. Механикалық қоспалардан тазарту

  2. Уақытша және тұрақты кермектіліктен арылу

  3. Дистилляторда айдау ,ол 3 бөліктен тұрады : буландыратын камера, конденсатор, қабылдағыш

Сапаны бақылау

  • Органолептикалық бақыласақ мөлдір, түссіз, иісі жоқ , дәмі болмауы керек

  • Рн ортасы 5,0-6,8 болуы керек

  • Құрамында ауыр металлдар, сульфаттар, нитраттар, хлоридтер, көмір ангидриді болмауы керек

  • Аммиак қоспасының мөлшері 0,0002 пайыздан , құрғақ қалдықтар 0,001 пайыздан аспауы керек

Сақтау : Су көлемі 6-250л аралығында болса арнайы болаттан жасалған су жинағыш сыйымдылықтарда сақталынады. Ол су өлшегіш түтікшемен және су ағатын кранмен жабдықталған. Үстінгі бөлігінде тазартуға арналған санитарлық өңдеуге арналған люк болады. Су жинағыштар айына 1-2 рет тазартылады. Егер су көлемі аз болса, мысалы лабороторияларда химиялық тұрақты шыны баллондарда сақталынады, ол екі тесігі бар резина тығынмен тығындалады да тесіктерге шыны түтіктер тығылады ол судың келіп түсуіне қажет. Дис. су асептикалық жағдайда 3 тәулік қана сақталады себебі микробиологиялық тұрақсыз.25.03.02 ж ҚР ДСМ номер 9 бұйрық талаптарына сай сақталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет