Көлемі мен тамшыменмөлшерлеу сұйықтықтарды дозалауға мүмкіндік береді. Оған салмақ бойынша мөлшерлеуге қарағанда бірнеше фактор әсер етеді, олар: температура, сұйықтық табиғаты, жұмысшы көзінің қырағылығы. Көлемі бойынша мөлшерлеудің артықшылығы – уақыттың үнемделуі. Сұйық дәрілік препараттарды мөлшерлеу үшін бюреткалар мен пипеткаларды,тамызғыштарды қолданады. Бюретка көмегімен концентрлі ерітінділерді мөлшерлейді, дәріханада ол үшін 8,16,20 бюреткадан тұратын бюретка қондырғысы орнатылады. Әр бюретканың сыйымдылығы 10,25,60,100,200 мл болады. Пипеткалар көмегімен аз көлемді сұйықтықтарды мөлшерлейді. Оның сыйымдылықтары 3,6,10,15 мл болады. 1,0 мл-ге дейінгі сұйықтықтарды тамызғыштар көмегімен мөлшерлейді. МФ бойынша стандартты тамызғыш 20 градус температурада 1 мл-де 20 тамшы суды мөлшерлейді.
Дозалау дәлдігіне әсер ететін 4 негізгі фактор бар,олар:
Дәлдік – өлшенетін зат массасы мен стандартты өлшегіш тастар массасы арасындағы дұрыс қатынасты көрсететін таразы қабілеті.
Сезімталдық –тостағаншаларда жатқан жүктер арасындағы мииимальды айырмашылықты көрсететін таразы қабілеті.
Тұрақтылық – тепе-теңдік қалыптан шығарылған, бірақ бастапқы қалпына 4-6 тербелістен кейін қайта келетін таразы қабілеті.
Көрсеткіштердің бір қалыптылығы –бірдей жағдайларда бірдей заттарды таразыда бірнеше рет өлшеу кезінде бірдей нәтижелер көрсететін таразы қабілеті.
3.Ұнтақтар дәрілік қалпы ретінде. Анықтау. Жіктелуі. Ұнтақтарға қойылатын талаптар. 100%
Ұнтақтар – ішке және сыртқа қабылдауға арналған, сусымалы қабілеті бар дәрілік қалып. Ұнтақтар дисперстік ортасы болмайтын,әртүрлі көлемдегі майда дисперстік бөлшектерден тұратын еркін дисперстік жүйе.
Ұнтақтардың дәрілік қалып ретінде артықшылықтары:
Қолданылуы ыңғайлы ,яғни балаларға беруге мүмкіндік береді.
Кемшіліктері:
Ағзаға сіңуі,еруі қажет болғандықтан ұнтақтардың әсері баяу басталады;
Ұнтақ түрінде ащы дәмді, жағымсыз иісті және бояғыш заттарды қолдану қолайсыз;
Гигроскопиялық қасиетіне байланысты олар көгеруге бейім болады;
Ұнтақтар иісі бар заттарды өзіне сіңіріп, бөгде иісті болып кетуі мүмкін. Бұл жағдайларды болдырмау үшін, дәрілік препараттың сақтау және қаптау ережелерін қатаң орындау қажет.