Сапасын бақылау; Балқу температурасын анықтайды, 37 градустан аспау керек, суппозиторий массасы біркелкілігі – ұзыннан кескен кезде дақтардың көрінбеуі. Сандық мөлшері мен әсер ететін заттардың дозалануы дұрыс болуы керек.
Жарамдылық мерзімі: салқын жерде сақталады тұрақтылығын жоғалтпас үшін
18 рецепт
Рецептке толық талдау жүргізу. Дәрілік қалыпты дайындау. Дәрілік қалыптың сапасын бағалауды жүргізу.
Ал: Новокаин ерітіндісінен (прокаин) 5%-50 мл
Залалсыздандыру !
Босат. Белгіле.
Жұлын инъекциясына арналған.
Rp: Solutionis Novocaini 5% - 50 ml
Sterilisetur!
Da.Signa. Жұлын инъекциясына арналған
Жұлын каналына тұрақтандырғыштарды енгізуге болмайтынын ескере отырып, жұлын анестезиясына арналған 5% новокаин ерітіндісін асептикалық жағдайларда инъекцияға арналған стерильді суда дайындайды ,новокаинді кептіргіш шкафта алдын ала стерильдейді. Ол үшін новокаин ұнтағын 120+2 0Стемпературада 2 сағат стерильдейді. Ерітіндіні тұрақтандыру үшін 0,1 моль/л хлорсутек қышқылымен рн мәнін 4,5 дейін жеткізіп тұрақтандырады.
Новокаин Б тізіміне жататын қатты әсер ететін зат
Дозаны тексеру:
Ерітіндінің жалпы көлемі Vжалпы=50 мл
5 –100
Х – 50 Х=2,5 г (дәрілік зат)
2,5—50мл
Х—1мл Х=0,05 ЖРД
ЖРД ( МФ) в/м 0,1
ЖРД(рецепте) 0,05 Дозасы аспаған
Новокаин/Novocainum. Түссіз кристалдар, иіссіз. Ащы дәмі бар, тілді ұйытып тастайды. Суда өте оңай ериді, алкогольде оңай ериді. Жақсы жабылған қызғылт шыны бөтелкелерде сақтаңыз. Б Тізімі ЖРД в/м 0,1; ЖТД в/м 0,1 .
Инъекцияға арналған су/ Aqua pro injectionibus. Түссіз мөлдір сұйықтық, иіссіз және дәмсіз. Асептикалық жағдайларда 24 сағаттан артық сақтуға болмайды.
Шаншуға арналған дәрілік түрлер – ағзаға шприц көмегімен теріні немесе шырышты қабатты бұзу арқылы енгізілетін, асептикалық жағдайда жасалатын дәрілік түрлер.
Технологиясы: Асептикалық жағдайда стерильді қосымша дәрі дайындайтын ыдысқа 50 мл шаншуға арналған суды өлшеп, онда 2,5 г новокаин ерітіледі. Ерітіндіні сыйымдылығы 50 мл флаконға сүзіп, химиялық талдауға (сандық, сапалық) жібереді. Талдау қорытындысы тіркеу журналында көрсетіледі. Содан соң флаконды тығындап, механикалық қоспадан тазалығы тексеріледі. Бақылаудан соң егер көзге көрінетін бөлшектер табылса, ерітіндіні тағыда фильтр арқылы сүзіліп, қайтадан тексеріледі, тығынды өлшемі 3х6см ұзартылған ұшы бар пергамент қағазымен жауып, жіппен байлап, оған ерітіндінің атауын, дайындалған күнін, фармацевтің қолы қойылады. Осылай безендірілген ерітіндісі бар құты стерильдеуге жіберіледі. Автоклавта 120 0С температурада 8 минут стерильденеді. Уақыт өткен соң салқындатып, мөлдірлігін, түсін, механикалық қоспалардан тазалығын тексереді. Сонан соң ерітіндіні босатуға безендіреді. Негізгі этикеткада көк түсті «Шаншуға арналған» , "зарарсыздандырылған", "Салқын жерде сақта", "балалардан сақта" деген ескертпе жазулар, жеке рецептуралық нөмір. толық ерітінді құрамы және қолдану тәсілі көрсетіледі.
Бақылау паспорты
Бақылаудың міндетті түрлері:
- жазбаша. Жалпы массаны дайындағаннан кейін алдыңғы жағын толтырады.
БП күні, №
Aquae pro іnjectіonіbus 50 ml
Novocainum 2,5
Vжалпы=50 мл
Қол таңба:
Дайындаған:
Тексерген:
Босатқан:
Бақылаудың таңдамалы түрлері :
-физиалык;
-химиялық;
-сауалнамалық;
Достарыңызбен бөлісу: |