Теория дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары. Рецепт,анықтамасы,маңызы,құрылымы. 89 Дәрілік препараттар өндірісін нормалау



бет34/39
Дата25.05.2024
өлшемі97,1 Kb.
#202902
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
ОФТ ПОЛНАЯ ВЕРСИЯ

Жарамдылық мерзімі: 30 тәулік


16 рецепт
Ал: Салицил қышқылынан 0,1
Негізгі висмут қышқылы нитратынан 0,3
Вазелиннен 8,0
Сусыз ланолиннен 2
Араластыр. Босат. Белгіле. Терінің зақымдалған бөлігін майлау үшін.
Rр: Bіsmuthі subnіtratіs 0,3
Acіdі salіcylіcі 0,1
Vaselіnі 8,0
Lanolini anhydrici 2
Mіsce fіat unquentum
Da. Sіgna. Терінің зақымдалған жеріне жағуға
Рецептіде негізде ерімейтін дәрілік заттар жазылған суспензия түрінде енгізіледі.
Есептеу:
mж = 0,3+0,1+8,0+2 = 10,4
Қатты зат мөлшері 10,4– 0,50
100 – х x = 0,50*100/10,4 = 4,8% < 5%
Қатты фазаның мөлшері 5% кем, дәрілік заттарды негізге сәйкес сұйықтықпен ысқылайды.
Вазелин майы 0,5/2=0,25 г
1 – 50 тамшы
0,25 – x x=50*0,25/1=12,5=12 тамшы вазелин майы
Б.П.
Bіsmuthі subnіtratіs 0,3
Acіdі salіcylіcі 0,1
Vaselіnі 8,0
Lanolini anhydrici 2
Olei Vaselini 0,25 (12 guttas )
Mж=10,4
Негізгі висмут қышқылы нитраты – ақ түсті аморфты кристалды ұнтақ, су мен спиртте ерімейді, жарықтан қорғалған жерде, жақсы тығындалған ыдыста сақталады.
Вазелин – біртекті, иіссіз, ақ немесе сары түсті жақпа май тәрізді масса. Суда ерімейді, спиртте аз ериді, май мен май тәрізді заттармен барлық қатынаста араласады. Жақсы тығындалған банкаларда, салқын жерде сақталады.
Сусыз ланолин – өзіне тән әлсіз иісі бар, сары түсті қою тұтқыр масса. Спиртте нашар ериді, суда ерімейді, жақсы тығындалған құтыда, салқын және жарықтан қорғалған жерде сақталады.
Салицил қышқылы – ақ түсті ұсақ ине тәрізді кристаллды ұнтақ, иіссіз. Суда аз ериді, қайнаған суда ериді, спиртте оңай ериді. Жақсы жабылған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде сақталады.
Жақпа майлар – сыртқа қолдануға арналған официналдық, жұмсақ дәрілік түрлер. Олар теріге, жараларға, шырышты қабаттарға қолданылады. Жағар майлар белгіленуі, қолданылатын жері, технологиялық қасиеттері бойынша жіктеледі.
Технологиясы: келіге 0,1г салицил қышқылын және 0,3 висмуттың негізгі нитратын өлшеп салып 12 тамшы вазелин майын қоса отырып, жұқа пульпа түзілгенше мұқият ысқылайды. 8,0 вазелинді және сусыз ланолиннен 2 г бөлшектеп қосып, біртекті масса түзілгенше араластырады, целлюлоидты қалақша көмегімен келі қабырғасын, келсапты тазалайды, біркелкілігін тексереді.Жағармайды құтыға ауыстырып салып, тығындап, босатуға безендіреді. Негізгі этикетка «Сырт тәнге» сары түсті, ескерту этикеткаларымен – «Салқын жерде сақта», «Балалардан сақта» безендіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет