Теория дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары. Рецепт,анықтамасы,маңызы,құрылымы. 89 Дәрілік препараттар өндірісін нормалау



бет35/39
Дата25.05.2024
өлшемі97,1 Kb.
#202902
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
ОФТ ПОЛНАЯ ВЕРСИЯ

Жарамдылық мерзімі; 10 күн


17 рецепт
Рецептке толық талдау жүргізу. Дәрілік қалыпты дайындау. Дәрілік қалыптың сапасын бағалауды жүргізу.
Ал: Дерматолдан 0,2 
Ихтиолдан 0,15
Какао майынан 2,0
Суппозиторий алу үшін араластыр 
4 дозасымен босат.
Белгіле. Түнде 1 балауыз енгіз.
Rp.: Dermatoli 0,2
Ichtholi 0,15
Oleі Cacao 2,0 
Mіsce fіat supposіtorіum 
Da tales doses N 4.
Signa. Түнде 1 балауыз енгізу.


Есептеу: Рецепте берілген әдіспен жазылған.
0,2*4 = 0,8 дерматол
0,15*4 = 0,6 ихтиол
2,0*4 = 8 какао майы
Мж = 0,8+0,6+8,0 = 9,4
М1супп = 9,4/4 = 2,35
Б.П.
Dermatoli 0,8
Ichtholi 0,6
Oleі Cacao 8,0
Mж = 9,4
М1супп = 2,35


Дерматол – сары түсті аморфты ұнтақ, иіссіз, дәмсіз. Су мен спиртте ерімейді. Жарықтан қорғайтын жақсы тығындалған ыдыста.
Ихтиол – шәрбат тәрізді қара түсті, өзіне тән өткір иісі мен дәмі бар. Суда ериді, жақсы тығындалған шыны немесе металл ыдыстарда сақталады.
Какао майы – тығыз біртекті сарғыш түсті, әлсіз какао иісі мен дәмі бар масса, 30-34 градус температурада балқып, түссіз сұйыққа айналады. Сусыз қайнаған спиртте шайқаған кезде ериді. Жақсы тығындалған ыдыста, салқын, жарықтан қорғалған жерде сақталады.
Суппозиторийлерофициналды жұмсақ, дозаланған дәрілік түрлер. Бөлме температурасында қатты, ал дене температурасында ериді. МФ бойынша үш түрге жіктеледі – ректалды, вагиналды, таяқшалар.


Технологиясы: Дерматол суда да, майда да ерімейді, негізге суспензия түрінде енгізіледі. Келіге 0,2 г дерматолды салып, ихтиолдан 0,15 қосып араластырады. Сосын қоспаға бөлшектеп какао майын 8,0 қосады, біртекті масса алғанша илейді. Дайын массаны пергамент қағазға салып, тығыз шарикке айналдырады, салмағын өлшеп, рецепт артына көрсетеді, сосын серіппе дайындайды. Серіппе көмегімен пилюля машинасының кескіші арқылы серіппені төрт теңдей бөлікке бөледі, әр шариктің массасының дозалануын тексереді. Суппозиторийлік массаның әр бөлігіне пилюля машинасының ағаш таяқшасы арқылы шарик формасын береді, сосын шариктерден конус дайындайды. Суппозиторийлер бірдей формалы, массалы болу керек. Оларды балауыздалған қағазға орамдап, сосын қорапқа салады. Қорапқа негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткаларымен «Салқын жерде сақта», «Балалардан сақта» безендіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет