Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы қырқүйек айы, 01. 09



бет33/81
Дата10.03.2023
өлшемі181,47 Kb.
#171787
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81
Байланысты:
карла циклограмма - 4 жас (1)

Дене шынықтыру
Жалпы дамытушы жаттығулар:
-Қолдарын арқасына апару: қолдарды төмен түсіру; белге қою, кеуде тұсына қою


Балалар сендер тұратын мемлекет қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
- Қазақстан мемлекетінің тұңғыш елбасы кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Елбасы қандай адам болуы керек?
Балалар: Білімді, ақылды, іскер, жан - жақты, өз Отанын шексіз сүйетін адам болуы керек.
- Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?
Балалар: Ту, елтаңба, әнұран
- Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
Балалар: Астана
- Мен өз мемлекетімді мақтан тұтамын!
- Мен өз Отанымды шексіз сүйемін!
- Мен өз Отанымның бақытты ұланымын! балалар «Көк ту және достар» мультфильмін тамашалайды.
Балаларға көк тудың суретін салдыру, мүсіндету,құрастыру.
(қоршаған ортамен таныстыру,сөйлеуді дамыту,сурет салу, құрастыру, мүсіндеу)

Дене шынықтыру
Кеудеге арналған жаттығулар:
-Солға еңкею, шалқаю. Тұрған қалыпта екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкейіп, қолдың саусақтарын аяқтың ұшына жеткізіп, заттарды қою және жоғары көтеру


«Геометриялық 
пішіндер туралы ертегі» "
Ерте, ерте, ертеде шеңбер мен үшбұрыш болыпты. Олар бір күні серуендеп жүріп, белгісіз фигураны көреді. Шошып кетіп, ағаш арасына тығылып қалады да, "бұл кім екен?" деп ойлайды. Шеңберге ұқсай ма? Жоқ. Неге? (Бұрыштары бар). Үшбұрышқа ұқсай ма? Жоқ. Неге? (Бұрыштары бар). Үшбұрышқа ұқсай ма? Жоқ. (Бұрыштары бар, санаңдаршы). - (4). "Жүр, атын сұрайық", - дейді шеңбер. Олар осылай танысып.
- Мен шеңбермін, менің бұрыштарым жоқ, мен Күнге, тәрелкеге, құймаққа ұқсаймын. Мен дөңгелек сияқты домалай аламын.
- Мен үшбұрышпын, менің үш бұрышым, үш қабырғам бар, мен шатырға ұқсаймын.
- Сен шатырға ұқсасаң мен қабырға бола аламын.Екеуміз бірге үй жасай аламыз.
- Балалар тағы қандай үйлер болады?
-Бір қабатты үй мен көп қабатты үйдің айырмашылығы қандай?
Ойын «Қай пішінді жоғалттым» Суреттер: геометриялық пішіндер (атау, жоғалған геометриялық пішіндерді табу). Балалар орындарына отырады
Сергіту сәті.
Бойыңды сергек тік ұста,
Емін - еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер сызып зырласын. Балалар геометриялық пішіндерін тауып береді.Ертегіні мұқият тыңдайд
Балалардың жауабы
Балаларға геометриялық пішіндердің суретін салдырып,мүсіндеу және құрастыру,
(көркем әдебиет,математика негіздері,сурет салу, құрастыру, жапсыру)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет