* Туа біткен цитомегаловирустық инфекция+++
13
*! Жаңа туылған ұл балада туылғаннан кейін 2-ші күні іріңді конъюнктивит дамыды. Аймақтық дәрігердің қарауында конъюнктивиттен басқа, артқы мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды, жалпы баланың жағдайы жақсы, дене температурасы қалыпты, жақсы емеді. Жүктіліктің соңғы айында анасында колпит пен уретрит болды.
Ең ықтимал диагноз
* Дакриоцистит
* Гонореялық конъюнктивит+++
* Стрептококкты конъюнктивит
* Хламидиоз конъюнктивиті
* Аденовирустық конъюнктивит
14
*! Ұл бала, 3 жаста, ауылда тұрады, жермен ойнағанды ұнатады, қолын жумайды. Анасы бір ай бойы баланың мезгіл-мезгіл жөтеліп тұрғанына шағымданады, дене қызуын өлшемеді, бірақ ұстағанда ыстық емес. Бала өте бозғылт. Анасы тәттілерге аллергия деп санайтын өтпелі бөртпе мезгіл-мезгіл пайда болады. Өте нашар тәбет пен тағамның таңдап ішуін атап өтеді. Ұзақ жөтелді ескере отырып, дәрігер кеуде қуысының рентгенографиясын тағайындады. Суреттің сипаттамасында өкпе тамырларының кеңеюі, шашыраңқы эозинофильді инфильтраттар (Лефлер синдромы) бар.
Жалпы қан анализінде қандай өзгерістер күтіледі:
* Айқын лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ-ның жоғарлауы!!!!!
* Ерекше өзгерістер анықталмайды, барлық көрсеткіштер қалыпты
* Лейкопения, лимфоцитоз, моноцитоз, тромбоцитоз
* Тапшылықты анемия, эозинофилия, шамалы лейкоцитоз++
* Эритроцитоз, тромбопения, ЭТЖ күрт жоғарлауы
15
*! Ұл бала, 9 жаста, жазда Шығыс Қазақстанға туысқандарына қонаққа барған. Балық аулауға жиі баратын. Балықты сүрлеткен, бірнеше рет шикі балықтан хе жасады. Сапардан кейін 1-1, 5 айдан соң ол оң жақ қабырға асты ауырсынуға шағымдана бастады, 2 рет қысқа мерзімді бөртпе болды, тамақтың жыбырлауы, нәжістің өтпелі бұзылуы бірнеше рет байқалды. Қарау кезінде дәрігер мойын, қолтық асты, шап лимфа түйіндерінің лимфаденопатиясын, бауырдың шамалы ауырсынуымен орташа ұлғаюын анықтады. 10 күнге созылған субфебрильды температура пайда болды. ЖҚА-де эозинофилия 15%, анемия 1 дәрежелі, ЭТЖ- 25 мм.сағ.
Ең ықтимал диагноз:
* Вирустық гепатит
* Сальмонеллез
* Мононуклеоз
* Описторхоз+++
* Листериоз
16
!Аймақтық дәрігердің қабылдауында 3 жастағы қыз бала. Анасының сөздерінен шағымдар: дене температурасының 39,0 ºС-тан жоғары көтерілуіне, жөтелге, мұрынның ағуына ,аурудың 3-ші күні айқын әлсіздік, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы, беттің бозаруы, ентігу пайда болды. Ұстамалар болды. Дәрігердің қарауында: бала ұйқышыл, тексеру кезінде оянбады, склера тамырларының инъекциясы, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы, гиперестезия байқалады.
Бірінші кезекте аймақтық дәрігер баланы БАБЖ бағдарламасы бойынша қауіптіліктің жалпы белгілерінің болуы бойынша бағалады және оны шұғыл түрде стационарға жіберді.
Ол қандай қауіп белгілерін анықтады:
* тахикардия, тыныштықта ентігу;
* әр сұйықтық ішуден кейінгі құсу;
* су , тамақ іше алмайды;
Достарыңызбен бөлісу: |