Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары



бет52/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
66. Оқудан кейінгі әңгіме мазмұны
Әңгіме — оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин,Ж.Аймауытов,М.Әуезов,Ғ.Мүсірепов,Ә.Кекілбаев,М.Мағауин,Т.Әбдіков т.б жазушылардың әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар
Академик З.Ахметовтің пікірінше, әңгіме оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көлемді шығарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, кейіпкер жүйесі арқылы анықталады. Әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады… Әңгімеде де басқа жанрлар секілді, алдымен адам — оның өмірі мен тағдыры көрінуі тиіс. Аса маңызды деген оқиға суреттелуі керек. Сөйтіп әңгіме көлемі шағын шығарма болғанымен, қаламгер үшін нағыз шеберлік мектебі екеніне сөз жоқ. Оған қатысатын кейіпкерлер де көп болмайды. Сюжет желісі бір арналы, ширақ келіп, тақырыбы мен идеясы айқын болады. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ-сонар суреттеме жазуға орын жоқ. Бір оқиға, тартыс-қақтығысты бейнелеумен кейіпкерлердің мінез-тұлғасы толық, айқын көрініс тауып, маңызды ой-түйіндер жасалуы қажет. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айырықша көркемдік шеберлікті талап етеді.Қысқа мерзімде оқылатын әңгіме оқырманға қыруар эстетикалық ләззат беру тек шебер жазушыларының ғана қолынан келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма көлемінде үлкен өмірдің бір бөлген жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп, жақсысына сүйсінтіп, жаманынан түңіліп отыру — ірі шеберлік
Әңгіме туралы ұғым. V сыныпта бірнеше авторлардың әр түрлі тақырыпқа жазған әңгімелері өтіледі. Әңгімені оқытпас бұрын оқушыларға біз ең алдымен әңгіме дегеніміз не екенін түсіндіріп кетеміз. Әдеби-теориялық ұғым беріп кеткен соң, оны мәнерлеп оқи білуге үйретеміз. Мәнерлеп оқи білген оқушы әңгімедегі оқиғаларды жақсы түсінеді, есінде ұзақ сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет