Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»



бет57/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

4 САҢЫРАУҚҰЛАҚ
І
? ?

ІІ –




8 ЖАҢҒАҚ БОЛДЫ БОЛДЫ

2 ЖАҢҒАҚ АЛДЫ АЛДЫ
ҚАЛҒАНЫ ? ҚАЛДЫ – ?

І – І – І –




ІІ

ІІ –


ІІ

Кесте-2.





І 3 қызғалдақ І

ІІ ? , 5 есе көп ІІ ? , есе көп







1 заттың салмағы

5 кг

5 кг

8 кг

10 кг




заттың саны

6

4

3

3

8 · 3 + 5 · 6 5 · (6 + 4)
10 · 3 5 · 4 (8 + 10) · 3





І 8 І

ІІ ? , 4 есе аз ІІ – ? , есе аз


Сызба-1.
4 сынып, №2, 205 бет:


40 кмкм/сағ

х км/сағ






Сурет бойынша жауап бер, мына өрнектер нені білдіреді:


(х+40) км/сағ; (40·6) км және (х·6) км; 780:(х+40) (сағ); (х+40)·6 (км), (780:6) км/сағ; (40·6+х·6) км.

Сызба-2..

4 сынып, (№2, 207 бет):

Мына өрнектердің сурет бойынша нені білдіретінін анықта: (х + 10) км/сағ;


(10 · 4) км және (х · 4) км; (х + 10) · 4 (км); 320 : (х + 10) (сағ); (320 :

  1. км/сағ;

(х · 4 + 10 · 4) км.
Жабдығы. Әртүрлі көрнекі құралдар:

    1. Табиғи көрнекі құралдар;

    2. Үлестіру материалдары (қиылған беттер, фломастер, тушь, сызғыш, трафарет, т.с.с.)

    3. Бейнелік көрнекі құралдр (қағаздан жасалған геометриялық фигуралар т.б.);

    4. Математикалық символдар, схемалық суреттер, сызбалар;

    5. Сабақ беру үлгілері түсірілген бейне және жазба таспалы материалдар; диапозитивтер, диафильмдер, оқу фильмдері, слайдтар, флепчарттар топтамасы, т.б. демонстрациялық материалдар;

    6. 1-сыныпқа арналған электрондық математика практикумы; 2-сыныпқа арналған электрондық оқулық;

3-4-сыныптарға арналған электрондық дидактикалық практикумдар және т.б.
Электрондық оқулықтар елестетуді кеңейту, бар білімді дамыту және тереңдету мақсатында пайдаланылады және пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз етеді.

    1. Компьютерге қосылатын дискеттер, дискілер, флеш-карталар, интерактивтік тақта, т.б.

Осы көрнекіліктердің қайсысын қандай сабақта, сабақтың қандай кезеңінде (жаңа материалмен таныстыруда, жалпылама қорытынды жасауда, білімдері мен біліктерін тексеруде, т.б.) және қандай деңгейде
қолдану керектігін мұғалім өзі шешеді. Біртіндеп көрнекі оқыту әдісінен – нақты зат немесе оның суреті, сызбасы, математикалық жазулар, схемалық иллюстрация сияқты түрлерінен, көрнекіліктің ең абстракты түрі – сөзді (тексін) қолдану деңгейіне көтеру қажет. Математика сабағында оқытудың техникалық құралдарының жиі қолданылуы міндетті емес.
Үлгі 2. Бастауыш сыныптарда қағаздан жасалған көрнекіліктер пайдалануға ыңғайлы, әрі көп қолданылатындықтан көрнекілік жасаудың бір әдісін ұсынамыз.
Жазу және қатты қағаздардан көрнекі құралдар жасау әдісі

Математикадан өзбетінше жасалатын көрнекі құралдардың ішінде, бірінші орынды жазу және қатты (картон) қағаздан жасалған көрнекіліктер алады. Бұл екі себеппен түсіндіріледі. Б і р і н ш і д е н , оларды дайындау үшін пайдаланатын керекті құралдар мен материалдар қажетінше барлық мектептерде табылады, олар: жазу қағазы, қатты қағаз, желім, пышақ, сызғыш, циркуль, қайшылар – міне, бұлар көрнекіліктер жасау үшін керекті заттар. Е к і н ш і д е н , жазу қағазы және қатты қағаз кесілгіш, майысқыш, жылдам жөндеуге ыңғайлы, жақсы желімденеді және боялады, сондықтан әр түрлі көрнекіліктер жасауға өте ыңғайлы.

  1. Ж а з у қ а ғ а з ы м е н қ а т т ы қ а ғ а з д ы ң с а р а п т а м а л а р ы ж ә н е

н е г і з г і қ а с и е т т е р і .
Қазіргі кезде біздің өндірістерімізде жазу қағаздары мен қатты қағаздардың 200-ден аса түрлері шығарылады. Оларды бір-бірінен ерекше қасиеттері бойынша ажыратуға болады.
Қағазды ағаш үгінділерінен, сабаннан, мақта, зығыр, жүн маталардан дайындайды. Қағазды дайындау процесінде оған әр түрлі қоспалар қосылады: каолин, бор, асбест, гипс, желім, канифоль және т.б. Қатты қағаздың жазу қағазынан айырмашылығы тек оның салмағында (1 м2 қатты қағаздың салмағы 250 г көбірек). Жазу немесе қатты қағаздардың көрнекілік жасауға жарамдылығы олардың механикалық, физикалық және технологиялық қасиеттеріне байланысты.
Механикалық қасиетіне мыналар жатады: жылдам жыртылмайтындығы, мыжылмайтындығы, майыспайтындығы және т.б.; физикалық қасиетіне: түсі, салмағы, бетінің тегіс болуы, сапалылығы және т.б.; технологиялық қасиетіне: оны әр түрде қайта өңдеуге болатындығы жатады.

  1. К ө р н е к і қ ұ р а л ж а с а у ү ш і н қ о л д а н ы л а т ы н қ а ғ а з д а р .

Жазу қағазының үш түрі бар: №№ 0, 1, 2.
№0 – сапасы ең жоғары қағаз болып табылады. Целлюлозамен шүберектен жасалады. 1м2-ң салмағы – 80 г (80 г/м2).
№1 – жазу қағазы ағартылған целлюлозадан жасалады, 1м2-ң салмағы
– 75г (75г/м2).
№2 – ағартылған және ағартылмаған целлюлозадан және ағаш қоспасынан жасалады. 1м2-ң салмағы – 60 г (60 г/м2).
Сызу жұмыстарына арналған қағаздың 70% шүберек және 30% ағартылған целлюлоза қоспасынан жасалады. 1м2-ң салмағы – 200 г. Ең мықты қалың қағаз, желіммен нашар желімденеді, бірақ жақсы боялады.
Сызу қағазын шиыршықтап орауға болмайды, егер орау керек болса, онда диаметрі 8 см аспау керек, өйткені кері жағдайда ол майысқыштық қасиетін жоғалтады. Мұны әсіресе жазық жақты денелер жасаған кезде ескеру керек.
Орауға арналған қағаздың әр түрлі сорты болады, оларды бір-бірінен қалыңдығы, салмағы және түсі бойынша ажыратады. Кестелердің сыртын және денелердің ішкі жақтарын желімдеу үшін қолданылады. Орау қағазының көптеген түрлерінің ішінінен қара қағаз суреттерді, т.б. орау үшін пайдаланылады.


  1. С а п а л а р ы ә р т ү р л і қ а т т ы қ а ғ а з д а р д ы ң і ш і н д е д е н е л е р ж а с а у ғ а ы ң ғ а й л ы с ы : альбертин, прессшпан, ақ қатты қағаз, сары қатты қағаз және қағаз қалдықтарынан жасалған қатты қағаз.

Альбертин – бір жағы жылтыр, жұқа, мықты, түрлі-түсті қатты қағаз. Альбертин жыртылмайды, сыртқы түрі әдемі. Альбертиннен жасалған көп жақты көрнекіліктер өте әдемі болады және ешқандай бояуды, қаптауды керек етпейді. Альбертин оңай кесіледі және жақсы майысады.
Прессшпан – целлюлоза мен қағаз қалдықтарынан жасалады. Бұл өте қалың және өте мықты қағаз. Бір беті жылтыр, тегіс. Прессшпаннан айналу денелері және майда көпжақтар жақсы жасалады, т.с.с. Бетінің тегістігі мен мықтылығына қарамай одан жасалған денелерді қаптау және бояу керек, ал өзінің түрі талапқа сай болмайды.
Ақ қатты қағаз - целлюлозадан жасалады. Ол өте оңай кесіледі, бірақ нашар майысады. Ақ қатты қағаздан жасалған затты майлы бояумен бояу немесе қаптау керек. Дөңгелек дене жасау үшін ақ қатты қағазды пайдалануға болмайды, тез сынады.
Сары қатты қағаз - сабаннан жасалады. Ол жақсы кесіледі, майысады және боялады. Одан жасалған денені қағазбен қаптау немесе майлы
бояумен бояу керек. Сары қатты қағаз кітаптарды қаптауға пайдаланылады.
Қағаз қалдықтарынан жасалған қатты қағаз - өте қатты, нашар кесіледі және күшпен майысады. Көпжақты денелерді жасауға ыңғайсыз. Бірақ жазық фигураларды жасауға өте ыңғайлы және жақсы боялады.

  1. Ж е л і м ж ә н е ж е л і м н і ң қ ұ р а м ы .

Сапасына қарай желімдер тез жабысатын (декстрин, казеин, ағаш желімі, т.б.) және жәй жабысатын (ұн және крахмал желімі) болып бөлінеді.
Желімнің түріне қатыссыз, көрнекілік жасау кезінде оған мынадай талаптар қойылады:

  1. Көрнекілік жасайтын желім қағаз ылғалды болса да, тез жабыстыратын, тез кебетін болуы керек.

  2. Желім дақ қалдырмауы керек.

  3. Желім модельдің сыртқы түрін бұзбауы керек (түсін, жылтырын).

  4. Желім, желімдегішпен жеңіл және бірдей етіп жағылуы тиіс.

Көрнекіліктерді жасау кезінде көбіне мынадай құрамды желімдер пайдаланылады: крахмал немесе ұннан жасалған желім, декстрин желімі, казеиндік желімдер, ағаш желімі, гуммиарабик т.б.
БФ-2 желімі фарфордан, фаянстан, шыныдан, ағаштан, әртүрлі металдардан жасалған заттарды желімдеу үшін пайдаланылады.

Қ а ғ а з д а н т е к ш е , п а р а л л е л е п и п е д ж ә н е т . б . д е н е - л е р ж а с а у ә д і с і .


Мақсаты: Текше (гексаэдр) және т.б., көпжақтарды (дұрыс: 4 жақты пирамида (тетраэдр), 8 жақты дене (октаэдр), 12 жақты дене (додекаэдр), 20 жақты дене (икосаэдр), т.б.) жазбалары бойынша жасап, өлшемдерін анықтап, тиісті есептеулерді орындау.
Тапсырмаларды орындауға қажетті материалдар:

  1. Қатты қағаз (альбертин)

  2. Желім

  3. Қайшы

  4. Сызғыш

  5. Қалам.

Сурет-1. Текше (гексаэдр) және оның жазбасы


Сурет-2. Дұрыс төртжақты пирамида (тетраэдр) және оның жазбасы



Көпжақтар жазбасындағы үзік сызықтар бойынша бүктеліп, ішіне кететін жағына желім жағып бекітіледі. Сонда текшенің, параллелепипедтің, және т.с.с. денелері (моделі) жасалады.


Көпжақтарды жазбалары бойынша жасаудың слайдтарын, флепчарттарын дайындап интерактивті тақтадан көрсетіп, көрнекіліктерді
оқушыларға жасатуға болады. Ары қарай өлшеу жұмыстарын жүргізіп, жақтарының (беттерінің) аудандарын, периметрлерін, көлемдерін табуға жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Мұндай жұмыстар балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттырып, материалды жете меңгерулеріне, логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына көмектеседі. Оқушылар математикалық білімді игеріп қана қоймайды, көрнекі құралдарды өздігінен жасап пайдалана білу білігін де меңгереді.
Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары

Интерактивті тақтада жұмыс жасау үшін слайдтар мен флепчарттар топтамасын және т.б. көрнекіліктер дайындап, оны сабақта пайдалану әдістеріне түсініктеме жазыңыздар:

  1. Ауызша және жазбаша есептеу тәсілдеріне;

  2. Сабақта өз бетімен істелетін жазба жұмыстарына арналған тапсырмаларға;

  3. Есептерге сызылатын сызбалардың салу кезеңдерін көрсететуге және шешу кезінде пайдалануға;

  4. Геометриялық көпжақтарды (текше т.б.) қатты қағаздан жасап, онымен жұмыс істеу әдістеріне.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет