«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Ежелгі көшпелілер мәдениеті
Су – тіршілік көзі
Әлемдегі ірі кітапханалар
Тыңдалым
Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штатының Ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Ол Вашингтонда орналасқан. Америка Құрама Штат Конгресінің ғылыми кітапханасы болып есептеледі. Конгресс Кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде Америка Құрама Штат президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде құрылған.
Жыл сайын кітапханадағы кітап қоры 1-3 миллионға дейін өсіп отырады. Сканерлеу жылдамдығы күніне 75-200 құжатты құрайды.
Конгресс кітапханасында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар. Конгресс кітапханасының 1958 жылдан бастап ай сайын шығып тұратын маңызды библиографиялық көрсеткіштері бар. Соның бірі – Америка Құрама Штатының кітапханасында сақталған жиынтық каталог.
Мұнда президенттердің кітап жинақтары, қытай және жапон халқының туындылары, сирек кездесетін америкалық басылымдардың коллекциялары сақталған. (109 сөз)
1. Мәтіннен берілген сөздердің синонимін тауып жазыңыз.
А) дүние жүзі- _______________ [1]
В) саналады- _______________ [1]
С) көбею-_______________ [1]
Д) шығарма- _______________ [1]
2. Мәтіннің негізгі ойын, тақырыбын ашатын тірек сөздерді белгілеңіз.
А) АҚШ, оқу залы, библиографиялық көрсеткіш
В) Конгресс кітапханасы, оқу залы, кітап жинақтары
С) кітапхана, Америка президенті, сканерлеу жылдамдығы
Д) Конгресс кітапханасы, кітап қоры, жиынтық каталог
[1]
Оқылым
Баяғыда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының: «Біздің отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса» деген жалғыз армандары болыпты.
Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Балаға Толағай деп ат қояды. Бала жыл сайын емес, күн сайын өседі. Бір жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар өле бастайды. Сонда Толағай Дана деген ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт:
– Толағай, біздің жерімізде тау жоқ, бұлт келмейді. Сондықтан жаңбыр жаумайды,- дейді.
Толағай:
– Ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? - дейді.
Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді.
Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына жетіп, төменде орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. Біраз уақыт өткен соң, Толағай әлсірей бастайды. Ауылына жақындап қалғанда, құлап түседі. Еліне жаңбыр сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді.
Содан бері ол тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Жаңбыр жауған сайын жұрт Толағайды есіне алады екен. (149 сөз)
3. Мәтінге сай келетін дұрыс ақпараттарды белгілеңіз.
Ақпараттар
|
+ дұрыс
| |
А.Дәулетті елді мекендеушілердің бір ғана армандары болған екен.
|
|
|
В. Елінің жағдайын ойлаған Толағай анасынан ақыл сұрапты.
|
|
|
С. Бұл аймақта биік таулар болмағандықтан, жауын жаумайды.
|
|
|
Д. Толағай тауды ауылына жеткізе алмай қалады.
|
|
|
[2]
4-5. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
А) Толағай қалай өседі?
_____________________________________________________________________________[1]
В. Халық неге қатты қиналады?
_____________________________________________________________________________[1]
6. Мәтінге қай тақырып сай келеді?
А) Алып бала
В) Жалғыз арман
С) Батыр Толағай
Д) Толағайдың ақылы
[1]
Жазылым
Судың адам өміріндегі маңызын сипаттап, эссе жазыңыз. Эссенің құрылымын сақтаңыз және жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін қолданыңыз. Сөз саны-100-110.
[10]
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрыңыз (әр білім алушыға 3 минут). Сөйлеу кезінде қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріңіз.
[10]
Ежелгі қалалар
Су - тіршілік көзі
Суды үнемдеу жолдары
Мектеп кітапханасында
Достарыңызбен бөлісу: |