Бақылау сұрақтары:
1. Химиялық үдерістер, химиялық реакциялардың жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?
2. Жекелеген химиялық үдерістерді ата. Гидролиз, меланоидинтүзілуі, дегидраттау, сульфиттеу, тотығу және т.б.
№9 дәріс. Тамақ өнімдерін өндіруде шикізатты өңдеудің биохимиялық үдерістері.
Дәріс жоспары:
1. Биохимиялық үдерістердің жылдамдығына әсер ететін факторлар
2. ферменттердің құрылысы, қасиеті және жіктелуі
3. ферменттердің көздері және ферменттік препараттар туралы ұғым
4. тамақ өнімдерін өндіру және сақтау кезіндегі ферменттердің ролі.
Ферменттердің қатысымен жүретін биохимиялық үдерістер тамақ өндірісінде үлкен тәжірибелік маңызға ие, себебі олар нан өнімдері, шарап, сыра, шай, органикалық қышқылдар, витаминдер және антибиотиктерді т.с.с. өнімдерді алудың негізін құрайды. Сондай-ақ бұл үдерістер тағамдық шикізат пен дайын өнімдерді(астық, жеміс-көкөніс, май, құрамында майы бар өнімдер және т.б.) сақтау барысында да маңызды орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |