Тoтpp 2211 – «Тамақ өнімдері технологияларының теориялық негіздері» пәні бойынша


Биохимиялық үдерістердің жылдамдығына әсер ететін факторлар



бет21/40
Дата01.04.2022
өлшемі64,5 Kb.
#137496
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Байланысты:
тоттн дарис (копия)

Биохимиялық үдерістердің жылдамдығына әсер ететін факторлар
Биохимиялық үдерістердің жүруі бірқатар факторларға байланысты: әсер етуші химиялық табиғатына, ферменттердің және олардың әсер етуші орта(суб­страт) концентрациясына, ортаның температурасы және рН, активатор және ингибиторлардың болуы.
Ферменттердің құрылысы мен қасиеті және олардың жіктелуі
Ферменттер(энзимдер) — табиғаты ақуызды органикалық катализаторлар. Олар өсімдік, жануар және микроорганизм клеткасында көптеген күрделі биохимиялық түрлендірулердің өзара байланыстылығын және реттілігін қамтамасыз етеді. Құрылысы бойынша барлық ферменттер екі топқа бөлінеді:
- біркомпонентті, каталитикалық қасиетке ие тек қана ақуыздардан тұратын ферменттер;
- екікомпонентті, ақуызды бөліктен(апофермент) және табиғаты ақуызды емес органикалық заттармен байланысқан ферменттер.
Көптеген ферменттердің құрамына оларға белсенділік беретін металдар кіреді. Ондай металдарды кофакторлар деп атайды. Мысалы, α-амилазаның кофакторы кальций, ал каталазаныкі — темір. Бірқатар ферменттер маг­ний, марганец, мырыш, мыс, молибден қатысында өзінің белсенділігін күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет