Жоғарғы және өте жоғарғы жиіліктегі айнымалы электр тогын пайдалану.
Тағам өнімін жоғары жиіліктегі айнымалы электр өрісіне орналасқанда (ВЧ және СВЧ) ауыспалы номеризация нәтижесінде ауытқу әсерінен өнім молекулалары мен атомдары электр энергиясын жұта отырып, ішкі үйкелісті жылуға айналдырады. Электр энергиясын жұту өнімнің бүкіл көлемі бойынша бірдей жүреді де өнім тез жылиды. Жылу сырттан келмей, өнімнің ішінен түзіледі. Аз уақытты қарқынды жылыту жоғары сапалы консервілерді алуға мүмкіндік береді. Бірақ консервілеу тәжірибесіне ВЧ және СВЧ енгізу біраз қиыншылықтар әкеледі. Мысалы, құрал-жабдықтың қымбатшылығы, температуралы режимді бақылаудың қиыншылығы және т.б.
Антисептиктерді қолдану. Антисептиктер дегеніміз микроағзаларға улы болып болып табылатын химиялық заттар. Микробтардың клеткаларына ене отырып протоплазманың ақуыздармен әсерлей отырып оның тіршілік функцияларын тоқтатады. Тағамдық өнеркәсіпті қолданылатын идеалды антисептиктер микробтарға аз мөлшерде улы болып, тұтынушыға, өнімге, ыдысқа, жабдыққа әсер етпей, қолданылуы оңай болу қажет. Тағам өнімдеріне идеалды антисептиктердің табылмауына байланысты бор қышқылының тұзын, күкірт диоксидін жартылай фабрикаттарды, ыдыс және қоймаларды өңдеу үшін қолданады. Әсіресе табиғм қыщқыл консерванттар – және олардың тұздары – сорбаттар және бензоаттар кең қолданыс табуда. Олардың консервілеуші әсері шектелген болса да, басқа әдістермен бірлескен кезде тиімді және қауіпсіз.
Иондаушы сәулелерді қолдану. Ол үшін жоғары энергияға ие α-, β-, және γ-сәулелер пайдаланылады. Олар өнімдегі нейтрал атомдар мен молекулалардың иондануын және химиялық реакцияларын қамтамасыз етеді. Тағам өнімдерін өңдеген кезде шикізаттың да, микробтың даклеткаларын жоятын улы тотықтар түзетін судың радиолизі байқалады. Бұл өңдеу түрі қызметкерлер үшін зиян және басқарылмайды. Радиациялы стерильдеу шектеледі және өсімдіктекті шикізатты ұзақ уақыт сақтау үшін ғана қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |