«Тұран» Университі



бет143/212
Дата15.03.2022
өлшемі2,53 Mb.
#135460
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   212
Байланысты:
философия лекция (7)

В.И.Вернадскийднегiзгi ойлары жер бетiндегi өмiр мен адамзатқа арналды. Нәтижесiнде, ол биосфера мен ноосфера жөнiнде терең де тамаша ойларын адамзатқа ұсынды. Бұгiнгi қалыптасқан биосфера жөнiндегi “ұлкен жұйе² теориясы, тiршiлiктiң ғарышпен заттық және энергиялық алмасуға тұсуi т.с.с. идеялар В.И.Вернадскийдiң шығармашылық еңбектерiнде үлкен орын алды. Жер бетiндегi тiршiлiктi ол жердiң ерекше қалыптасқан геологиялық қабаты ретiнде қарайды. Тiршiлiк биогеохимиялық зат пен энергияның айналысын тудырып жер бетiн толығынан өзгертедi. Осы тұрғыдан қарағанда, адамзат тiршiлiк әлемiнiң ерекше ең жоғарғы бөлiгi. Ол ерекше бiр - басқа энергия формаларына ұқсамайтын- күш- қуатты тудырады . Оның аты - ақыл-ой, зерде . Адамзат ақыл-ойы мен еңбегiнiң арқасында жаңа геологиялық күшке айналып биосфера жаңа ақуалға - ноосфера (ақыл-ой арқылы ретке келтiрiлген жер бетi) сатысына көтерiледi. Сонымен, В.И.Вернадскийдiң ойынша, адамзат зердесi - ғарыштық құбылыс.
Н.Ф. Федоров адамзат зердесiн ғарыш эволюциясының заңды нәтижесi ретiнде қарайды. әрi қарай Ғарышты адамзат саналы тұрде өзгертедi. “Ғарыш хаос емес, нағыз Ғарышқа айналуы ұшiн зерденi талап етедi². Болашақта ғылымның орасан-зор дамуының негiзiнде адамзат өлместiк дәрежесiне көтерiлiп, сонымен қатар, жер бетiнде бұрынғы-соңды өмiр сұрген барлық ұрпақтарды қайтадан тiрiлтедi, -деген ойда болды.
А.Л. Чижевский жер бетiндегi тiршiлiктi тудырған жердiң өзi емес, күн деген пiкiрге келiп, күннiң жердегi биосфераға тигiзетiн ықпалын егжей- тегжей зерттейдi. Табиғаттағы геофизикалық аномалиялар, жер бетiндегi оқтын-оқтын болатын эпидемиялар, қуаңшылық т.с.с. құбылыстар Күндегi болып жатқан процестермен тығыз байланысты екенiн дәлелдеп, А.Л.Чижевский бұгiнгi ғылымдағы астрогеология, ғарыштық медицина, гелиобиология бағыттарының негiзiн қалады.
Адамзат ғарыштың әрi қарай дамуындағы саналы кұш болғаннан кейiн халықтар бiр-бiрiмен жақындасып, бiрiгiп, мемлекеттер арасындағы жасанды кедергiлердi алып тастауы керек деген идея көп ойшылдардың еңбектерiнде кездеседi.
Адамзатты бiрiктiретiн негiзгi күш - мәдениет, ғарыштық этика,- деген пiкiрдi орыс ғалымы, суреткерi, дiни философы Н.К. Рерих айтқан болатын. Оның ойынша, бұкiл ғарышта, кеңiстiк пен уақытта, адамның жан-дүниесiнде екi ғарыштық күш - Iзгiлiк пен Залымдық бiр-бiрiмен кұресте. Олар болмыстық жағынан келгенде тең емес. Дұние Ақиқат, Iзгiлiк пен Әсемдiк жолында өзгертiледi. Тек Жарық сәулесi ғана ғарыштағы қараңғы тұңғиық Хаосты тәртiпке келтiре алады.
Н.К. Рерих адамның iзгiлiгi, жасампаз белсендiлiгi Ғарыштың дамуындағы негiзгi күш екенiн паш етедi. Нәтижесiнде, адам Жаратушы-Құдайға ұқсайды. Тек оның ерекшелiгi - ол жағалай ортаны өзгертiп қана қоймай, сонымен бiрге өзiн де жетiлдiре алады. Надандықтан кейiн цивилизация келедi, содан кейiн ғылымның дамуының негiзiнде адамдардың бiлiмi өсiп, нәзiктене келе биiк мәдениеттiң есiгiн ашады,-деп қорытады Н.К.Рерих.
Н.К.Рерихтың ойынша, адамдардың арасындағы барлық ұлттық, нәсiлдiк, дiни, әлеуметтiк т.с.с. айырмашылықтар болмау керек. Адамдардың арасындағы айырмашылық тек қана оның мәдени дамуының негiзiнде қаралуы керек. Адам - Ғарыштың бiр бөлiгi, олай болса, ол - мәңгiлiк, барлығымен байланысты, бәрiне де тәуелдi, сонымен қатар, бәрi де оған тәуелдi.
Адамның жасампаздық-шығармашылық iстерi әсемдiктiң негiзiнде жұредi. Әсемдiк - рухтың мәдениетi, дүниенiң зерделi тәртiбi. Әсемдiк дегенiмiз - Ғарыштың өзi. Жалпы алғанда, ойшылдың эстетикалық, гуманистiк-өнегелiк идеялары осы уақытқа шейiн өзiнiң өзектiлiгiмен танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет