|
Жауап: Медет-ау, кәдімгідей сес көрсеткен екенсің. Сен – қорқытқан бол, мен – қорыққан болайын.
1.Сол баланың обалы, бірінші, әке-шешесінде, жас сәбидің өзегін күйдіріп алмаса нетті? Жүйкесі бұзылады. Бұл ерте ашылған таланттың дені ұшырайтын дерт. Жылдам психологпен ақылдасуын өтінемін.
2. Мырзакең мені бауырына басып көрген емес. Сондықтан да бір нәрсені ойына алса, Мырзекең менімен ақылдаспайды. Ондай қаражатты шашатындай жомарттықты Мырзекеңнен өз басым көрген еемеспін.
3. Айтыстағы сөзге, ең бірінші, ақындардың өздері жауап беруге тиісті. Талантын қайда жұмсайтынын білетін түйсікке бәрі де ие. Екінші, демеуші дегеннің шарты бар емес пе? Қалайда айтысты тоқтатпаған дұрыс. Сол қателіктің өзі де сабақ.
Сұрақ: Қазақ қыздары кейбірі жалаңаштанып барады. Емшектерін ашық көрсетеді. Газетке береді. Время газетін қараңыз. Айша деген қазақ қызы туралы оқыдыңыз ба? Осы дұрыс па? Айша деген құрметті атты былғау ғой бұ! Назерке.
|
|
Жауап: Мақаланы оқығамын жоқ. Әдепсіздікті ұнатпаймын. Қостамаймын. «Енесіздің емшегі үлкен» деген. Сол қыздың анасы, әпкесі, жеңгесі қайда қарап жүр?
Сұрақ: Мен де Назеркеге келісемін. Время деген газет нағыз қазаққа дұшпандық саясаттағы арандатушы, азғындатушы басылым. Бізде соны көрмейтін "ақпараттық кеңістікті қорғағыш" депутаттар мен министрлер соқыр ма? Әлде олар да қазақтың дұшпандары ма?
|
|
Жауап: Қарағым, сол жалаңаш қыздардың суретін алдына ашып қойып, тамсанып отыратын депутат пен министрді көзім шалып қалғаны бар. Әйтпесе, «Депутатка» деген сөз қайдан шықты деп ойлайсыздар?
Сұрақ: Құрметті Алаш жоқтаушысы аға! Қазақтың қыздарының азғындап бара жатқанын қалай тоқтатуға болады? Сіздің ислам дініне көзқарасаңыз? Бұл сұрақтың жауабын сезіп тұрсам да қойып жатырмын. Сіз әрине мұсылмандығыңызды қатты құрметтейсіз.
|
|
Жауап: Алланың құлымын, Мұхаммедтің үмметімін, Имам Ағзамның тарихатындамын. Дін – әр адамның ажал алдындағы емтихан тапсыратын имани пәні.
Ар ілімін игеру арқылы қыздарды ойға қалдыруымыз мүмкін. Соларды бұзатын да сол ересектердің өзі емес пе. Әукесін салбыратып жүрген кәрі азбандар аз ба!
#
Пікір алынып тасталды!
|
|
|
Жариялаған Қонақ
пн, 04/11/2011 - 08:27
Жауап беру
#
минус
0
плюс
Пікір алынып тасталды!
|
|
|
Жариялаған Серікжан
пн, 04/11/2011 - 09:05
Жауап беру
#
минус
0
плюс
Пікір алынып тасталды!
|
Достарыңызбен бөлісу: |