Тұрсеке! Сізді өз басым нағыз алаштанушы ғалым ретінде танимын. Қазіргі кезде екінің бірі алаштануды меншіктегісі келіп, оны сәнге айналдырып алғандай көрінеді. Олар жан-жаққа тарап жүргендей



бет11/15
Дата05.11.2016
өлшемі0,98 Mb.
#568
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15








  • Жариялаған Қонақ

  • вс, 04/10/2011 - 23:34

  • Жауап беру

  • #

  • минус

  • 0

  • плюс

Сұрақ: "Заманың Мырзатай болса, Несіпбек болып шал" деген мақалыңыз ғажап, керемет. Бүгінгі күннің тамырын дәл басқан. Ал, Өмірбек Бәйгелді туралы мақалыңыз жоқ па? Болмаса, қашан шығарасыз?







  • Жауап: 1. Бұл менің шығарған мәтелім емес, өзге бір курстасының туындысы.

  • 2. Қытайлар – қазақтарды қытайландырады, ал Өмкең, қытайлардың өзін қазақыландырады.

  • #

Сұрақ: Тұрсеке! Ассалаумағалейкум! Сіз Айқын газетіне осыдан неше жыл бұрын берген сұқбатыңызда Жәдидшілік қазақтың идеологиясы болуы керек деген едіңіз. Былтыр сол газетке сол жорналшыға берген сұқбатыңызда Алашорда қазақтың идеологиясы болуы керек депсіз. Екі сұқбат та осы айтылған екі түрлі тақырыппен айқайлап тұр. Енді осының екеуін қосып көрсек, қалай қарайсыз?








  • Жауап: Жәдидтік таным – Алаш идеясының көктамыры. Жәдидтік қозағлыстың нәтижесінд, бүкіл мұсылман әлемі, түркі қауымы тәуелсіздікке қол жеткізді.

Сұрақ: Жәдидшілік деген қандай секта, ол тағы?






  • Жауап: Ол секта емес, дүние танымдық қозғалыс. Өркениеттік, рухани азаттық жолы.

Сұрақ: құрмеte tuke aha :


меның оз басым шалғаи ауылда оқтушымын. быр аида быр жол ғана мектебымызден рұхсат алу еркындыгымыз бар. қызметке келып- кету барсында быр кұнде 4 рет қол қоямыз. ар жолғы қол қою уақты 15 минот қана сол аралықта қол қоя алмасаң « себепсыз жоқ» есептелып жалақыңнан ақша тартады. мыне осында и уақыт шықпаитын сорлы кұиде жұрып ата мекен қазақстанға барып ол жақтың даму жетыстыгын козбен корып, коңылге тұиып келу сынды когылдыр арманды ыске асыру қаншама қиын екенын тұсыну уақыт кеңыстыгы санасында жоқ адамдар ұшын тұк емес. адете паспорт бытру ұшын 10 мың шақырым жол баспасаң есеп емес оның ұстыне дұисенбы кұны орталық ауданға бармасаң апте аяғында жұмысың бытпеиды, даиым дұисенбы саиын рұхсат берып жұретын қытаи бастығың арине бырге тұған ағаң емес. мектебымызде азыр мен емес коп азаматтар амалдап жұрып паспортын бытырседе ұрымжыге барып ұиза аштыруға уақыт жағдаиы келмеи пасортын 1-2 жыл боиы сандығының тұбыне басып тастап ане- мыне деп ұмытын ереңге артып жұрген жаиы бар. ал ұрымжыге номыр алу ұшын быр жол, ұиза ашытру ұшын жане быр жол бару қызмет басымдлығы ауыр келып, жалғыз жалақы мен быр ұилы жанды асырап отырған быз секылды адамдар ұшын оңаи шаруа емес қои ?ұрымжыге тұнде барып, ертесы таңертең ошыретке тұрып бытыре сап, таңертең қаита қаитып келып алуға болса быр сары. бырне ше кұн жатуға тұра келсе амал не?
тыпты қазақстанға барсақ тек жаздық дем алыста ғана баруға жағдаи келеды. сол мезгылге тұралап ұиза аштыра алмасаң бекер арам тер боламыз. мыне осы секылды коп ақуалдар мен секылды коп санды азаматтарды тығырыққа тыреп отырған соң ашынбаи қаитеды? осы жағдаиға озгерыс болса деп арман етумен бырге сыздерден жылап тұрып отынш етер тылегымыз: қазақстан сыртқы ыстер мынстерлыгыне аитып бұл жақтағы <<номыр берумен>> <<ұиза аштыру>>дың бырын қысқартқызып , жане быр жылда, быр жолда коп марте ұиза ашуға жағдаи жасацаңыздар демекпыз. бұл бұл жақтағы қалың қазақтың тылегы...
құрметпен : торжоға ..








  • Жауап: Торғожа! Бұл өзі әбден намысқа тиетін шаруа болды. Не дерімді білмеймін. Кейде: келісіп ап істеп отырған іс емес пе деп те қаламын. Аңсарыңды басатын күнге тезірек жет, Алла қолтығыңнан демесін! Ал бұл мәселеге Елбасы да хабардар болар деп сенемін. Өйткені, көптің тілегі осы. Биыл Қазақ қауымдастығының құрылтайы өтеді. Сондағы басты әңгіме де осы болар деп ойлаймын.

Сұрақ: құрметты аға , мен быр қытаи елынде туып-оскен қазақ азаматымын , мен жоғары былым алғамын , осы депломыммен қазақстанға барсам деимын , семям , быр балам , аэлым бар , аэлым де жоғары оқу орнын тамамдаған , быз тек орс тылын былмеимыз , быз осы ұрпағымыз ұшын қазақ мемылекетыне , оз елымызге кошып барғымыз келеды , сонда бызге ылаиықты қызымет табу ұшын қандаи даиындықтармен баруымыз керек ?





  • Жауап: Сіздің жеке басыңызды білмеймін, ал ұрпағыңыз үшін алаңдамай-ақ келе беріңіз. Үш айдың ішінде құлындай кісінесіп, тайдай тебісіп кететініне мен кепіл.

  • #

Сұрақ: Түсімде Анахарсистен естуімше Қассақ – қайсар, қатал, жаратымпаз, жаугер адам болыпты, ал Сұссақ – сүйретпе, сүйкімсіз, сұрқия адам болыпты. Қассақ пен Сұссақтың шайқасы екі түрлі рухтың, екі түрлі талғамның, екі түрлі жолдың қақтығысы екен. Қассақ өзінің санаулы болсада санға бергісіз адуын жаугерлерін бастап Сұссақтың қалың тобыр қолымен сан мәрте айқасқан. Ақыры Сұссақ өліп, Сұссақтың қалың қолы Қассаққа бағынған. Үстемдікке ие болған Қассақ ұлан даланың қақ төсінен алып кеңістікті ілгері-кейінді жаулап, оны ұрпағына енші етіп қалдырыпты, әрі өз өмірі арқылы Қазақ Рухының түпнұсқа үлгісіне айналыпты. Алғашында Сұссақтың сойылын соққандар енді Қассаққа адал болуға құлшынып баққанымен, Сұссақтан жұққан сорақы да, сұрқия әдеттерден арыла алмаған олар Қассақтың өршіл өлшемінен толық шыға алмаған. Сонымен олар көріністе Қассаққа бағынғансып, көмескіде Сұссақтың сорақылығы мен сұрқиялығын жалғастырудай тың өнер тапқырлапты. Кейін Қассақ және оның адуын нояндары ілгерінді-кейінді жарық дүниеден аттанған соң Сұссаққа адал сүйретпелердің бірі мәлім бір тарихи сын сағат кезеңінде Қассақ атында үстемдікті жалғастырған. Міне содан бері біз байқағанымыздай Сұссақтың сорақылықтары мен сұрқиялықтары Қассақтың атын малдынып жалғасып келеді. Ал Ата Қассақ рухындағылардың саны сиреуімен қоймай, Қассақ атын жамылған Сұссақтың қалың сойылсоғарлары жағынан қақпайланып, ығыстырылып, қағыстықта тентіреуге мәжбүр болды. Қассақ пен Сұссақтың ең өзекті айырмашылығын тану, түпнұсқадағы Ата Қазақ Рухын ояту, Ата Қазақ үстемдігінің түп үлгісіне қайту Қассақ атындағы осынау Сұссақтың қалың сойылсоғарларымен түрлі майдандарда табанды күресуден дерек бермек.
Тұрсын аға, сіз менің бұл түсіме қалай қарайсыз? Анахарсис маған шын айтып тұр ма?
Асау ТАРПАҢ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет