Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


ОО ерекше бөлімінің бастығы – (Попов). «Келісілді» – ОО бастығының орынбасары – (Волохов). «Бекітілді» – тергеу бөлімінің бастығы – (Пирогов)»



бет45/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   242
ОО ерекше бөлімінің бастығы – (Попов). «Келісілді» – ОО бастығының орынбасары – (Волохов). «Бекітілді» – тергеу бөлімінің бастығы – (Пирогов)».

Бәрі де түсінікті. «Алашордашылардың» түрмеден жазасыз шықпайтыны анық. Түсініксіздігі 1930 жылдың қарашасында тергеу ісінің 1932 жылдың қаңтарына дейін аяқталмайтынын қалай болжап, біліп отыр? Демек, қылмысы дәлелденсін мейлі, дәлелденбесін мейлі, алаш зиялыларының тағдыры шешіліп қойған. Қалай да олардың темір құрсаудан құтылмайтындарына тергеушілердің сенімі кәміл. Келесі келтірілетін хаттама мәтінінен сондай сенімнің таты шығып тұр.

Тура біз күткендей, оларға көрсетілген бір жыл екі ай да жетпепті. Сондықтан да 1931 жылы 16 тамызда тағы да:

«Мен, ОППП ОГПУ-дің 3 бөлімінің КССР-дегі өкілі Лаптев астыртын ұйым құрған қазақ ұлтшылдарының үстінен қозғалған № 2370 іс бойынша ҚІК-нің 58-7, 58-11 және 59 баптарымен қамауға алынған Тынышбаев Мұқамеджанның, Қожамқұлов Наширдың, Қордабаев Рамазанның, Серікқанов Нәрібектің, Сұлтанқұлов Насырдың, Мұсаев Шынәлидің, Ахметов Ілиястың, Қадырбаев Сейдазымның, Досмұхамедов Халелдің, Ақбаев Жақыптың, Мұрзин Мұхтардың, Ақбаев Әбдіхамидтің, Сүлеев Біләлдің, Кемеңгеров Қошмағамбеттің (түпнұсқада солай), Омаров Әшімнің, Қашқымбаев Исаның, Ермеков Әлімханның, Бұралқиев Мұстафаның, Әуезов Мұхтардың, Күдерин Жұмақанның, Меңгелин (алдыңғы хаттамада – Мамырбердин) Алдабергеннің, Кенесарин Әзімханның, Досмұхамедов Жаһаншаның, Мұхаметшин Сейдахметтің, Омаров Уәлиханның, Ысқақов Даниялдың, Қожықов Қоңырқожаның, Мұңайтпасов Әбдірахманның, Тілеулин Жұмағалидың, Үмбетбаев Алдабергеннің тергеу ісі ОПК-тің 616 бабында көрсетілген уақыттан асып кеткенін ескере отырып, жоғарыдағы ұйымға қатысы бар жаңа айыпкерлердің іске тартылуына және соған орай қалыптысқан жағдайға байланысты тергеу жұмысын аяқтап үлгеру мүмкін емес болғандықтан да:

2370 іс бойынша тергеуге тартылған жоғарыдағы айыпкерлерді 1932 жылдың қараша айына дейін қамауда ұстауға Қаулы етемін. Бұл жөнінде тергеу жұмысын бақылайтын ОГПУ-дің аймақтық прокурорына хабарланды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет