Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет16/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   105
«Тек бір ғана адамның батырлығымен жеңіске жеткен мемлекеттің бақыты ұзақ болмайды, тіпті сол адамның көмегімен де алысқа бара алмайды; оған бас июдің өзі ағаттыққа соқтырады», – деген сөзінің кері келді.
Мұндай қоғамдық пікірдің алапат тасқынына жалғыз адамның, оның ішінде тағылған «қоңырауы» алынып үлгермеген Мұхтардың қарсы шығуы мүмкін еместін. Ең қатерлі кезең 1937 жылдың мамырынан басталған болатын. Қыркүйектен қарқын алған қара дүлейдің құйыны 1938 жылдың көктеміне дейін ұйтқыды. Күндіз-түні күдікпен күн кешіп, есіктің әрбір тықырына елегізіп қараумен жүрді. Өзінің арыз-аманатын айтып, отбасымен қоштасып қойды. Кезегін тосты. Бақытына орай ол «кезекке» ілінбеді. Сәбит Мұқанов Жазушылар одағының билетін қолынан шығармай: «Қаламымды қалдырыңдар!», – деп көзінен жасы ыршып кеткенде: «Пошел вон!» – деген сөзді естіген күні Мұхтар әйелі Валентина Николаевнамен ұзақ бақұлдасып, іш киімдерін, сабын мен орамалын дайындатып, сақал-мұртын қырып, шашын алдырып, моншаға барып, тастүйін дайындалып отырыпты. Демек, Мұхтардың «жалмауыздың» аузынан аман-есен қалуы – тағдырдың кездейсоқ сыйына жатады.
Ал Мұхтар сол тұста өзін-өзі қалай ұстады?
Бұл арада сәуегейлік жүрмейді. Кез келген пенденің ғұмырын үлгі етуіне сол құбылыстың астарын, тарихи қажеттілігін, не қоғамдық құрылыстың мүдде-жүйесімен сәйкессіздігін түсіндіріп беру – –қиынның қиыны. Тарих талқысы мен тағдыр тауқыметін таразылау дербес әңгіменің арқауы, яғни, келесі кітаптің еншісіне тиесілі оқшау тақырып болмақ.

ҮШІНШІ ТАРАУ: ЗАМАН ТАЛҚЫСЫ



1.

Қандай қиыншылыққа қарамастан азаматтық арын таза ұстау – адам атаулының өмiр бойы мақсат етiп, тiршiлiк кешетiн асыл арманы. Бұл ретте, кез-келген пенденiң ғұмырын үлгi ету, не сол құбылыстың қатпарлы астарын, тарихи қажеттiлiгiн, не қоғамдық құрылыстың мүдде-жүйесiмен сәйкессiздiгiн түсiндiрiп беру қиынның қиыны. Сәуегейлiк бұл арада жүрмейдi. Тарих талғамы мен таразысы тұрғысынан талдау – қоғам тану ғылымының еншiсiне тиесiлi.


...........
Алайда бiр мемлекеттiң даму тарихындағы күрделi де күрмеуi қиын қатерлi кезеңдi басынан кешiрген Мұхтар сияқты дана адам сол кезде өзiн-өзi қалай ұстады, қандай пендешiлiк кештi, қандай көзқараста болды деген сұрақтар ерiксiз алдыңды орайды. Шындығында да назарға ерiксiз iлiгерлiк, орынды қойылған сауал. Бұған бiр сөзбен мәмiле айту ағаттық. Сол бiр аласапыранның қалай басталғанын, қатерлi дауылдың қалай тез күш алып, өртеңге қойған өрттей қаулағанын мемлекеттiң iшкi-сыртқы жағдайынан тыс қарау мүмкiн емес. Троцкийдiң және оны жақтаушылардың толықтай талқандалуы Сталинді жеке дара көсемдiк дәрежесіне көтерді. Қатаң тәртiпке негiзделген әкiмшiлiк қалыптасты. Сондай салтанатты кезде «халық жауы» деген сөз бұлтты күнгi найзағайдай әсер еттi. Француз саясаткерi Бенжамен Констанның:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет