Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Қазір әшекереленіп отырған Тоғжанов, Жансүгіров сияқты ұлтшыл



бет15/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105
«Қазір әшекереленіп отырған Тоғжанов, Жансүгіров сияқты ұлтшыл-фашист сілімтіктерінің, сол тектес жапон шпиондарының қолымен жас қазақ әдебиеті тұншықтырылды... Бандит Тоғжанов «сыншы» есебінде ұлтшыл-фашизмнің жансызы Жансүгіровті қазақ әдебиетінің «әкесі» етіп көрсетті. «Осыдан бір-екі ай бұрын ол (Сейфуллин Т. Ж.) өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» деп аталатын «тарихи роман» деп әспеттеген қайта басылған шығармасында өзін батырсымақ қып көрсетеді және контрреволюциялық алаштардың деректерін келтіріп, халық жауларын суреттейді. Өзінше дұшпандық энциклопедия!», «Қазіргі совет жазушылар одағының председателі Сәбит Мұқанов Сейфуллинді ауыздықтай алмады, оның өзі буржуазиялық ұлтшылдықтың айқайшысы, тірегі боп отыр. Өзінің ұлтшылдықпен уланған «Бай баласы» атты зиянды шығармасымен, қазақ әдебиетінің тарихын алашорданың көзімен баяндауымен Сәбит Мұқанов өзінің бағытын доғаша иіп барады. Ол енді контрреволюциялық, ұлтшыл кітаптың редакторы боп отыр. Контрреволюциялық, ұлтшылдықтың иісі аңқыған алашорданың белді қайраткері және идеологы болған кезінде жазған Әуезовтің әңгімелер жинағының алғы сөзінде, «егерде идеялықты есепке алмасаң Әуезовтің бұл әңгімелері мен басқа шығармалары оның үлкен шеберлігін танытады» деп жазады. Бұл әңгімелердің идеясын ескермеу бір тамшы партиялық ұяттың, бір шымшым большевиктік қырағылықтың қалмағандығы, демек қазақ совет әдебиетінің есігін ұлтшыл контрабандаға кеңінен ашу екендігін Сәбит Мұқанов неге түсінбейді. Жазушылар одағындағы былыққа Орталық Комитеттің ағарту бөлімінің меңгерушісі, жазушы Мүсірепов жолдас та жауапты. Мүсірепов жолдас қауіпті бағыт ұстап отыр. Әдеби өмірден жақсы хабардар, жазушылардың арасындағы ұлтшыл-фашистік жалдамалылардың күшті ықпалын біле тұрып, ол қасарыса үнсіз отыр», – деп көкіген мақаланы оқығанда, мінбеде отырып Сәбит пен Ғабитті еңірете жылатып, партиялық билетін тапсыртқанда, жан-жүрегі суынып, тітіркенген.
Онысын қойшы, сол жайсаңдардың аяғы ауыр әйелдерін боқырауынның қарлы-жаңбырында үйлерінен қуып шығып, панасыз қалдырғанын көргенде мүлдем түңілген. Сол үйге мұны қонаққа шақырып, жең ұшынан тартқандар да болды-ау. Болды. Және олар ұзақ өмір сүрді.
Тағдыр дауылы көтерілгенде Мұхтар Ақсайдағы саяжайда еді. Алғашкы суық хабарды сол кездегі жас әдебиетші Темірғали Нұртазин мен Мұхаметжан Қаратаев жеткізіпті. Ашық күнде найзағай ойнағандай болған сол бір күнді «Біздің Мұхтар» атты естеліктер жинағындағы сөзінде Мұхаметжан Қаратаев:
«Отыз жетінші жылдың август айы еді. Бір күні Ақсайдағы семьяма барып қайттым. Сонда жатқан Мұханды, Тайырды, Сағыр Камаловты көрдім. Олар менен қала жаңалығын сұрады. «Құлагер» авторының Құлагер жолын құшқанын тұспалдап жеткіздім. Үшеуінің де түсі құбыла қалды.
Қой, жай бір қате болар,деді Мұхаң бір мезетте ауыр әсерді шайып-жуғандай болып,мүмкін емес... Мына аңызақ жел сықылды кездейсоқ бірдеңе шығар... Ақиқатына келеді ғой.
Бұдан кейін мұндай тақырыпқа мүлдем сөйлеспейтін болдық. Үнсіз алақан ашып, иық қимылдатамыз да қоямыз. Ол жылы да, келесі жылы да алақан аз ашылған жоқ, иық аз қимылдаған жоқ. Бұл тұстарда Мұхаң тұнжыраңқы жүрді, бірақ басқамыздай еш жерде тіс жарып, сөйлеген емес, жауқаттылап атой да салған жоқ», – деп өкінді.
Бұл да шындық. Бірақ өкінішті шындық және ол өкініштердің орны қайтып толмайтын еді. Француз саясаткері Бенжамен Констанның:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет