Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Б.Майлин разаблачен как подлый предатель Родины, как один из соучастников национал-фашистской банды»



бет35/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   105
Б.Майлин разаблачен как подлый предатель Родины, как один из соучастников национал-фашистской банды», – деген мақаланың алдыңғы «үндесуден» қандай айырмашылығы бар.
Журналистердi ол үшiн жазғыру – әбестiк. Олар да «уақыттың» тiлiмен сөйледi.
Сонымен, «жапон-герман фашизмiнiң жалдамалы төбеттерi, кiсi өлтiргiш сұмдардың, қарғыс атқан күшiктердiң шiрiк ұясы талқандалды». Олар – Сәкен Сейфуллин, Iлияс Жансүгiров, Бейiмбет Майлин, Ғаббас Тоғжанов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсiрепов... едi. Тек бұл тiзiмге Мұхтар Әуезовтың есiмi жетiспей, шолақ қайырылып тұр.
Иә, ол неге оқшау қалды?
Әр адамның маңдайында кездейсоқтықпен астасып жатқан бақ жұлдызы, белгiсiз қорғаушысы бар дегенге нанбаймыз. Өйткенi, диалектиканың мойындап-мойындалмайтын заңдылықтарының бiрi осы. Мұхтардың бақытына орай «кезегi келген кезде» сол кездейсоқтық күтпеген жерден тағы да «жанын олжаға» сыйлады. Екi-үш айдың iшiнде қазақ мәдениетiнiң барлық белдi қайраткерлерiнiң саны күрт сиреп, өнер орманы асқан шапшаңдықпен оталып, жалаңаш қалды. Әр жерде бiр қарауытқан емендердiң де түбi босап, құлауға шақ тұрған. Ендi сәл кешiгiп барып тiзгiн тартса, орны толмас өкiнiшке ұшырарын аңғармау мүмкiн емес-тiн. Басқа адамды қайдам, Мирзоян сияқты жандар ол қасiреттiң орны толмасын бiлген.
Мұхамеджан Қаратаев: «Мұхтар қалай аман қалды дейсiң бе? Мен оның анық-қанығын бiлмеймiн. Әйтеуiр, қатты торығып, қалтырып, үреймен күнелткенi рас. Сәбиттi де, Ғабиттi де, Мұхтарды да ұстамақшы болып әрекеттендi. Анық-қанағына дәл көзiм жетпейдi, бiрақ, Мирзоян осы мәселеге орай арнайы Москваға барып, Сталинге жағдайды түсiндiрiп: «Егер де осы бетiмен кете берсе, онда қазақ мәдениетiн өркендететiн тiрi жан қалмайды. Өнер отының мүлде өшiп қалу қаупi төнiп тұр. Бұтақсыз, қорғансыз ағаш сияқты боп қалды. Ендiгiлерiн мәдениет үшiн, халық үшiн аман сақтайық. Қолда ұстайық», – дептi-мыс. Қазақ әдебиетiндегi аты аталған осы үшеуi болыпты», – дегендi естiдiм. Шындық болуы да. Әйтеуiр олардың аман қалуына сондай әңгiменiң себебi тиген», – деп тосын жақсылықтың нышаны қай жақтан келгенiн мегзедi.

Тағы бiр жай: жиырмасыншы жылдың басында Мұхтар Әуезов пен Ежов Губкомда бiрге iстеген. Топ боп түскен суреттерi де бар. Осы таныстық септiгiн тигiзбедi ме екен деп те жорамал жасауға болады.


Мұхтардың өзi теңеген «жетi басты жалмауыздың» бетiн қайтарған Мирзоян, Мүсiрепов сынды азаматтар. Өкiнiштiсi, олардың қолынан жазықсыз жәбiрленгендердiң барлығын аман алып қалу, арашалау келмедi. Ол мүмкiн де емес-тiн.
Ал сонша адамды құрбандықтан сақтап қала алатындай адам бар ма едi? Бар едi. Ол – Сталиннiң өзi болатын. Оның көсемдiк атына көлеңке түсiргiсi келмегендер: «Сталин iстiң нақты барысын, ауыртпашылығын кеш бiлдi», – деп лақап таратты. Иә, лақап, бiрақ шындық емес. «Дақпырт пен қасiрет» атты монография арқылы Сталиннiң саяси портретiн жасаған Д.А.Волкогоновтың пайымдауынша, Жоғары Соттың председателiнiң орынбасары В.В.Ульрих пен Вышинский екеуi сот процесi мен үкiмнiң орындалу барысы жөнiнде тұрақты түрде Сталинге (сонымен қатар Молотов пен Ежовқа) мәлiмдеп отырған. Өндiрiлген көмiр мен астықтың мөлшерiмен қоса жазаға тартылған адамдардың санын да Сталин күн сайын есепке алыпты. Партияның ХХ съезiнде жасаған баяндамасында Н. С. Хрущев бұл қасiреттi:
«Бiзге оның iстеген әрекеттерiн шектен шыққан деспоттың әрекетi едi дей алмаймыз. Ол партияның, еңбекшi бұқараның мүддесi үшiн, революцияның жеңiстерiн қорғау үшiн осылай iстеу керек деп түсiндi. Ең басты қасiрет осында!», – деп негiзгi мәселеден аулақтатқысы да келдi.
Қандай мақсатты көздесе де, ол – сол партияны құрған адал большевиктердi, сол еңбекшi бұқараның өкiлдерiн құрбан етуге ешқандай да қақысы жоқ болатын. Күнделiктi баспасөздегi халық жауын әшкерелеген тергеу жұмыстары туралы хабарларға көзi түспеуi мүмкiн емес-тiн. Тiптi, «зиянкестiкпен егiн ектiрiп, зиянкестiкпен мал бақтырды» деген сөздiң астарындағы арандатуды аңғару үшiн ойланудың өзi артық.
Сондай тергеудiң бiрi Қазақстанда да өттi. Тергеу – Семей облысы Үржар аудандық партия комитетiнiң хатшысы мен атқату комитетi председателiнiң және басқа да колхоз басқармаларының үстiнен жүргiзiлдi. Бұл ауданның ерекше назарға iлiгуiнiң басты себебi – кезiнде өкiмет комиссиясының құрамында Халық Комиссарлар советi председателiнiң орынбасары Құлымбетов, Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллиндер осында келген екен. Тергеудiң Сәкенді айыптауға тiкелей қатысы болғандықтан да сәл ғана үзiндi келтiремiз. Ешқандай бұрмалауға ұрынбас үшiн әдейi түпнұсқауға иек арттық. Тергеу iсi «Процесс антисоветской национал-фашистской банды в Урджарском районе» деген атпен «Казправданың» бiрнеше санына жарияланды. Тергеудiң сұрақ-жауабын жариялаудағы мақсатын газеттiң өзiнiң бас мақаласында:
«за них спиной стоят гнуснейшие убицы, Японские шпионы – Кулумбетов, Жандосов, Садвакасов, Ж. Нурсейтов, Сәкен Сейфуллин и другие... Всех, кто поднимает руку на нашу прекрасную Родину, мы будем беспошадно уничтожать, как бешеных собак», – деп түсiндiрдi.
Зады, айыптаушылардың iшкi ыза-запыраны шарасынан аса көпiршiсе керек, «бидай егуге нұсау бердi» дегеннiң өзiн «зиянкестiкпен iстеттi» дейдi. Мүмкiн, қолдан жасалған жала шығар. Сонда да жалпы жағдайдан толық мағлұмат алу үшiн де аса қажет. Тергеу iсiнен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет