Дайындаған «Бота» тобының
тәрбиешісі: Ольжабаева.А.А
«Сөйле, балақай!»
4-5 жастағы балаларға арналған
вариативті компонент
(қатынас бөлімі)
2015-2016 оқу жылы
Түсіндірме жазба
«Тіл ұстарту» бойынша құрастырылған бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептің шағын орталық тобының ортаңғы тобына арналған.
Таңдалып алынған оқыту бағдарына сәйкес вариативті бөлімінің тақырыбы:
«Сөйле, балақай!» (Тіл ұстарту)
Бағдар құрылымындағы вариативті бөлімінің алатын орны:
Шағын орталық топтарына арналған бұл бағдарламаға:
Балалардың тілдік қатынас жасау дағдыларын, әдеби шығармалар мен халық ауыз әдебиеті шығармаларына қызығушылықтарын дамыту;балалардың жалпыға ортақзат есім,етістік, үстеу,сын есім және қосымшалармен пассив және белсенді сөздіктерн кеңейту, тілдің грамматикалық құрылымын, дыбыстық мәдениетті, байланыстырып сөйлеу әдістері қарастырылды.
Бағдарламаның түсінік хаты:
Тіл ұстарту бөліміндеі өзінің атында тұрғандай баланың тілін дамыту,еркін сөйлеу,тез жаттауға, тез ойлауға дағдыландыратын пән деп алған едік . Расында да тілдік мәдениет,әдеби тіл, тілдік, сөздік қордың молайюы оқылған ертегіні мазмұндап айту, сурет бойынша әңгімелеу, кез – келген сұраққа толық, нақты жауап беруден басталады.
Баланың байланыстырып сөйлеуін тәжірибелік іс – әрекеттердегі оның сөздік шығармашылығы арқылы дамыту.
Міне осы «Тіл ұстарту » пәні балалардың жан – жақты дамуына өте зор әсер ететін пән деп қарадық.
Орта топтарында инварианттық пәндерден басқа бірнеше вариативтік ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттері өтеді.Осы «Тіл ұстарту »ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті аптасына 1рет жүргізіледі жылына 36 сағат. Пәннің жоспарын құру барысында негізгі материалдар ретінде мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, ертегілер, ұлттық киімдер, Қазақстан Республикасының рәміздері, заттар, ұлттық музыкалық аспаптар және киіз үй тақырыбы көтерілген.Сол сияқты ұлттық мерекелер мен қалыпты мерекелік күндер туралы да материалдар енгізілген.
Вариативті бөлімнің мақсаты:
Баланың күнделікті өмірде кездестіретін заттарын түрлі – түсті, қызықты,сюжетті суреттер арқылы атау, көрсету, табу тәсілдерін пайдаланып, тілдік дүниетанымын арттыру.Тәрбиенушілерді ойната отырып, табиғи тілдік ситуацияларға түсіру, олардың қарапайым, өздеріне қажетті комуникативті дағдыларын қалыптастыру.
Вариативті бөлімнің міндеттері:
Тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу
Сөздік қорын байыту
Байланыстырып сөйлеуді дамытуды жүзеге асыру
Балалардың өзіндік тілін жандандыру , белсенді сөздікті қалыптастыру
Сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөйлеу интоннациясын қалыптастыру
Сөйлемді қолдануға, оны грамматикалық жағынан дұрыс құруға үйрету
Тәрбиенушілерге қойылатын талаптар:
Қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп, өмірмен байланыстыру
Оқылған әңгіме, ертегі, тақпақтарды түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білу
Белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай күнделікті іс – әрекетке пайдалана беру
Жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына енгізу
Оқылған шығарма , ертегі, көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді ажырату, олар туралы өздігінен қорытынды жасау
Дыбыс аппараты мен артикуляцияны дамыту жаттығуларын орындау
Ұлттық салт – дәстүрге, өнерге байланысты сөздерді меңгерту
Тілдегі дыбыстарды анық, таза, дұрыс айтып, бір – бірінен ажырата білу
Тіл ұстартуға арналған дидактикалық ойындарды мақсатына, шартына байланысты орындай білу
Балалардың дайындығына қойылатын талаптар:
Жаңадан меңгертілген сөздерді ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде, ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінен тыс өтілетін тәрбие, ойын, ермек, бақылау,т.б. жұмыстарында ұдайы қайталату, тәжірибелік ойын – тапсырмалар орындату арқылы бекітіп,тереңдету.
Дыбыстарды анық айта білуге үйрету.
Тілдегі дыбыстарды анық, таза, дұрыс айтып, бір – бірінен ажырата алуын қадағалау.
Пәнаралық кіріктіру:
Қоршаған ортамен танысу, сурет салу, дене шынықтыру, жапсыру.
Вариативті бөлімнің ұйымдастыру формасы:
Жеке, топтық жұмыс, бақылау
Уақыт көлемі , ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің жиілігі:
Толық күнді шағын орталық тобындағы «Тіл ұстарту » ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті аптасына 1 рет 20-25 минуттан, жылына 36 сағат.
Күтілетін нәтиже:
Сөздік қорларының көбейюі
Байланыстырып сөйлеуі
Әңгімені сурет бойынша әңгімелету
Сұрақтарға толық жауап беру
Заттардың аттарына, қасиеттеріне,белгілеріне қарап ажырату
Вариативті бөлімнің аяқтау формасы :сараптама
Тәрбиешілерге ұсынылатын әдебиеттер:
«Ұяда не көрсең ..» Б.Момышұлы
« Педагогика » М.Жұмабаев Алматы. 1994ж.,
« Қазақтын халық жұмбақтары » М.Әуезов Алматы.1995 ж.,
« Тілашар » Р.Нұртазина Астана «Арман - ПВ» баспасы2007 ж.
« Қуырмаш » С.К.Раева Алматы «Алматыкітап баспасы» 2009 ж.
« Тіл дамыту » әдістемелік құрал Әмірова Ә.С., Анартаева К.А. Астана : «Арман - ПВ» баспасы 2010ж.
«Мектепке дейінгі жалпы білім беру бағдарламасы » Алматыкітап 2009ж.
«Ұлттық тәлім мен тәрбие» С.Дорженов
«Қазақ халқының салт – дәстүрлері» С.Қалиева
«Дәстүр және жалғастық» Ә.Дербісалин
Оқу құзреттілігінің күтілетін нәтижесі
Оқу іс –ірекетінің компоненті
|
Мектеп жасына дейінгі балаларға ортаңғы топ 4-5 жас
|
Жоспардың құрылымы
|
Жоспар балалардың жас ерекшеліктеріне сай жасалу
|
Күтілетін нәтиже
|
Баланың ана тілінде, әлеуметтік құзіреттілігін қалыптастыру, сондай-ақ, баланың ана тілінде сөйлесуіне жас ерекшелігіне сай, сөздік қорларын барлық әрекеттерде қолдану.
|
Жыл соңында балалардың бағдарламаны меңгеруінің нәтижесі
|
Айтылуы
|
Ана тілінің дыбысын себтіктерге жіктеуге келістіру, сөйлемдерді толық қолдану, әңгіме құрастыру 2-3 сөйлемнен әңгіме құрау.
|
Түсіну
|
Жаңа сөздерді құрау жұрнақ жалғауларды қолдану, сөйлемдерді дұрыс құру, кейіпкерлердің образын мазмұндауда интонациялық тәсілін қолдану
|
Қолдану
|
Күнделікті әлеуметтік дағдыларды және екі тілдік компанентті қолдану
|
Оқу іс-әрекетінің өткізілу уақыты
|
20-25
|
Сағат саны
|
36
|
Тіл ұстарту (тіл дамыту)
Аптасына 1 рет 36 сағат
Айы
|
Вариативтік компанентің тақырыбы
|
Сағат
саны Уақыты
|
Қыркүйек
|
Біздің топ
«Күз» сурет бойынша әңгімелеу
Қызыл қоңыз (жәндіктермен танысу)
4. Диқаншының еңбегі (сурет бойынша әңгіме
бидай,күріш,арпа,тары)
|
1
1
1
1
|
Қазан
|
Менің отбасым
«Түлкінің туған күні» мазмұнды сурет бойынша әңгімелеу
Менің Отаным - Қазақстан
Ойыншықтар дүкені
|
1
1
1
1
|
Қараша
|
Досыма телефон шаламын
«Күшік пен мысық» ертегісі
Күзгі орманға саяхат
Менің кішкентай достарым.(күшік,мысық ш,с дыбыстары)
|
1
1
1
1
|
желтоқсан
|
«Алақай қыс келді»
2. «Қыс қызығы»сурет бойынша әңгіме
3. Мұз айдында(таза ауадағы ойындар).
|
1
2
1
|
Қаңтар
|
Табиғат әсемдігі
Жұмбақтар шешу
Ойнай-ойнай шынықтық (таза ауадағы ойындар)
Әдептілік-әдемілік
|
1
1
1
1
|
Ақпан
|
Қар ериді, Су болады. (сенсорика тіл дамыту)
«Көпіршіктер» танымдық ойын
«Сыңарын тап» дидактикалық ойын
Қысты шығарып салу мерекесі
|
1
1
1
1
|
Наурыз
|
Наурыз жыл басы
Мамандықтың бәрі жақсы «Кім немен ойнайды?»
«Кеме» Е. Өтетілеуұлы жаттау
Күшік неге көңілсіз?
|
1
1
1
1
|
Сәуір
|
Құстар біздің досымыз
Құрлысшы (сурет бойынша әңгімелеу)
Біз көмекші (Сурет бойынша әңгімелеу)
Ғарышқа саяхат (сурет бойынша әңгіме)
|
1
1
1
1
|
Мамыр
|
«Жаздың кезі көңілді» сурет бойынша әңгімелеу
«Сиқырлы сандық» ойын
Үй жиһаздары
«Үш аю» орыс халық ертегісі
|
1
1
1
1
|
Достарыңызбен бөлісу: |