Оқушылардың бөлшек жөнінде білімдерін кеңейте отырып, оларды дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек ұғымдарымен таныстыру, осы тақырып бойынша есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 минут
I.Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім және оқушылар бір-бірімен амандасады. Сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижелерін оқушылармен талқылайды. Өзара сыйластық, ашықтық құндылығын дамыту. Мұғалім оқушылардың зейінін шоғырландыратын жаттығу орындайды.
Мысалы,оқушылар мен мұғалім шеңбер бойы орналасады. Мұғалім оқушыға допты лақтырып, қысқартылатын бір бөлшекті атайды. Ал оқушы допты келесі оқушыға лақтырып, қысқартылған бөлшекті атайды. Егер бөлшек қысқартылмайтын болса, онда оқушы өзінің қысқартылатын бөлшегін атайды. Осылайынан ойын жалғаса береді. Дұрыс жауап бермеген оқушылар ойыннан шығады. Оқушылардың бір бірін сыйлауға, қарым қатынаста ашық болуға баулиды.
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
Психологиялық ахуал.
Негізгі бөлім Тақырыпты ашу 10 минут
Жаңа мәліметті түсіну Фронтальді сұрау. Білімін актуалдандыру үшін
«Не туралы сұрағанын анықта?» әдісі бойынша, бұл әдіс оқушыларды ойлауға, ойын жүйелеуге жұмылдырады. (алдын ала үлестірмелер дайындалады, оқушылар кезекпен келіп үлестірмені алып өзі сұрақты іштей оқиды да, жауабын дауыстап айтады, оқушылар үлестірмеде қандай сұрақ қойылғанын табады)
Үлес дегеніміз не?
Сабақты бекіту Рефлексия Үйге тапсырма: Сандар сыры туралы мәлімет жинау
Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау.
Кері байланыс
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Оқушыларға
«Жетістік сатысы» әдісі кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.
«СМС»
Кері байланыс парағы.
Сабақ №30
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып:
Қатысқан оқушы саны:
Қатыспаған оқушы саны:
Сабақтың тақырыбы
Аралас сандар
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
5.1.1.11 аралас сан анықтамасын білу;
5.1.2.13
бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру;
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар аралас сандарды оқи және жаза алады, бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыруды үйренеді.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 минут
Ұйымдастыру сәті
Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылар жұп болып жұмыс жасап, бір-бірінің есебін тексереді.
.
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады
Өзара бағалау.
Негізгі бөлім 10 минут
Жаңа материалды түсіндіру. “Венн Диаграммасы” әдісі Тақта үш бөлікке бөлінеді. Ортаңғы бөлікке оқушылар «Аралас сан» және «Бұрыс бөлшек» ұғамдарына ортақ мәліметті жазады, ал қалған екі бөлікке әр ұғымның ерекшеліктерін сипаттайды. Диаграмманы талдаған соң, мұғалім сұрақтар қояды:
- Бұрыс бөлшекті аралас санға ауыстыруға бола ма?
Оқушылар өз нұсқаларын ұсынады.
Осылайша оқушылар өз бетімен ережені қорытуға бағдарланады.
Слайд № 2 Слайд бойынша мұғаліммен бірге бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырудың анықтамасын жазып алады.
.
“Венн Диаграммасы” әдісі
Оқушыларға берілген тапсырма бойынша фронтальді жұмыс жүргізу. Оқушылардың жауаптарын талқылау және қорытындылау арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашу.
Оқулық, жұмыс дәптері
Оқулықпен жұмыс 25 минут
.
Тарсия әдісі бойынша аралас бөлшектерді есептеу
Дескриптор: Білім алушы - жауапты аралас сан түрінде жазады;
- бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазады;
- өлшем бірліктерді ауыстырады және аралас сан түрінде жазады.
Бағалау: Қатар отырған оқушылар дәптерлерін ауыстырып, бірін – бірі бағалауды жүргізеді.