Гудпасчер синдромы дамуында маңызды болып табылады: {
=бүйректің базальды мембранасына циркуляциялаушы антиденелердің пайда болуы
~жедел фазалық белоктар
~гипохромды анемия
~лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарылуы
~қан құрамында креатининнің артуы
} 16 жастағы науқас дене қызуының 38,5° дейін жоғарылауына, тізе буындарының ісінуі мен ауырсынуына, координация бұзылысына шағымданады. Анамнезінен: 10 күн бұрын баспамен ауырған. Диагнозды нақтылау үшін маңызды қосымша зерттеу: {
=стрептококқа қарсы антиденелер титрін анықтау
~Scl 70 антиденелерін анықтау
~Ваалер-Роуз реакциясы
~Хеддельсон және Райт реакциялары
~цитруллинді пептидке антидене
} Жүйелі склеродермия диагнозындағы маңызды лабораториялық көрсеткіш: {
=қан құрамындағы оксипролин деңгейі
~комплемент титрі
~қан сары суында LE – клеткалар саны
~қан сары суында КФК деңгейі
~ЭТЖ
}
Ревматоидты артритке тән: {
=эрозиялы-деструкциялық артрит
~сакроилеит
~остеосклероз
~қол басы фалангаларының остеолизі
~остеофитоз
}
Подаграға тән рентгендік белгі: {
=сүйек тканінің эрозиялары (ойық синдромы)
~подаграның жедел ұстамасында жұмсақ тіндердің ісінуі
~остеофиттер
~сүйек маңы остеопорозы
~дистальді фаланганың остеолизі
}
РА IV рентгендік сатысының белгісі: {
=анкилоз
~бұлшық еттер атрофиясы
~шеміршек деструкциясы (узуры)
~остеопороз
~буын деформациясы
}
Омыртқа патологиясын анықтауда мәліметті тәсіл: {
=МРТ
~радионуклидті диагностика
~КТ
~УДЗ
~омыртқа бөліктерінің рентгенографиясы
}
К. есімді 50 жастағы науқасты жүргенде күшейетін оң тізе буынындағы ауырсыну, жарты сағатқа созылатын таңертеңгілік сіресу мазалайды. Буындарындағы ауырсыну соңғы екі жыл көлемінде мазалайды, ауырсыну ұзақ жүргенде күшейеді. Обьективті: тізе буындары дефигурацияланған, периартикулярлы тіндердің тығыздалуы, оң жақты гипертермия, крепитация анықталады, буын қозғалысы сақталған. Дистальді фалангааралық буындары аймағында тығыз түйіндер мен саусақтардың таюы. ҚЖА: эр-4,2 млн., л-5,6 мың. ЭТЖ-15мм/сағ. СРБ – теріс, Ваалер-Роуз реакциясы 1:8. Зерттеуді келесі әдістен бастаған жөн: {
=буын рентгенографиясы
~ревматоидты факторды анықтау
~қан құрамында несеп қышқылының деңгейін анықтау
~синовий сұйықтығын зерттеу
~несеп құрамында несеп қышқылының деңгейін анықтау
}