Анкилоздаушы спондилоартритке тән:
{
=мықын-сегізкөз байламының cимметриялы эрозиялары
~ «балық» омыртқалары
~омыртқа денесінің остеофиттері
~ «стакандағы қарындаш» симптомы
~мықын-сегізкөз байламының бір жақты эрозиялары
}
Подагралық артритке тән рентгендік белгі
{
=«ойық» симптомы
~эрозиялық артрит
~остеофиттер
~кальцификаттар
~буын жігінің тарылуы
}
50 жастағы науқас кешкі мерзімде күшейетін буындарындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: 7 жылдан бері артралгия мазалайды, бастапқыда тізе буынының мерзімдік ісінулері байқалған. Өз бетінше халықтық ем қабылдаған. Обьективті: тері асты клетчаткасы жақсы дамыған. Қол басының III-IV саусақтарының дистальді фалангалық буындарында тығыз түйіндер, тізе буындары қозғалысы кезінде «сықыр» естіледі, сипағанда жергілікті гиперемия және буынның ісіңкілігі анықталады. ҚЖА: Нв-120 г/л, Эр-4,0х1012/л, ЦП-0,9, л-7,5х109/л, ЭТЖ-20 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализінде: жалпы белок 70 г/л, СРБ +. Осы ауруға тән рентгенологиялық көрініс:
{
=буын жігінің тарылуы, остеосклероз, остеофитоз
~остеопороз, буын жігінің тарылуы, ойықтар
~остеопороз, буын жігінің тарылуы, "тесілу" симптомы
~дистальді фалангалар остеолизі, эпифизарлы остеопороз
~буындардың симметриялы зақымдануы,остік қаңқаның энтензопатиясы
}
РА тән рентгендік көрініс:
{
=эрозиялық артрит
~ «ойық» симптомы
~остеофиттер
~остеосклероз
~периартикулярлы тіндердің әктенуі
}
Тофус дегеніміз –
{
=тіндерде ураттардың шөгуі
~остеофиттер
~гранулемалардың қабынуы
~тері асты клечаткасының тығыздалуы
~барлығы дұрыс емес
}
46 жастағы науқас бетінің, аяқ-қолдарының ісінуіне, қатты тағамды жұтынудың қиындауына, құрғақ жөтелге, күштеме кезіндегі ентігуге шағымданады. Обьективті: пальпацияда терісі тығыздалған, қуқыл. Өкпеде везикулалық тыныс әлсіреген, әр түрлі көлемді ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Қан анализінде: эр-3,2 млн. НВ 117/л, лейк. 7,4 мың, ЭТЖ 38 мм/сағ. Бұл жағдайда таңдамалы дәрмек болып табылады:
{
=Д-пеницилламин
~глюкокортикостероидтар
~цитостатиктер
~каптоприл
~клофелин
}
32 жастағы науқас, С вирусты гепатитінің тасымалдаушысы, ұзақ уақыттан бері ревматоидты артритпен ауырады. Базистік дәрмек метотрексатпен емделу барысында токсиндік гепатит дамыды, метилпреднизолонмен пульс-терапия нәтижесіз. Науқасқа тағайындаған дұрыс:
{
=ремикейд, TNF-2 қарсы моноклонды антидене ретінде
~кризанол, мононуклеарлы фагоциттермен Т-лимфоциттер қызметін тежеуші ретінде
~азатиоприн, пуринді негіздердің антиметаболиті ретінде
~диклофенак ЦОГ ингибирлеу және МЕ2 синтезін тежеу үшін
~D-пенициламин, СД4+, СД8+- лимфоциттердің пролиферациясын тежеу үшін
}
60 жасар науқаста аяқтағы ірі буындарының ауырсынуы байқалады. Обьективті: науқастың салмағы артық. Тізе буындарының варустық деформациясы, пальпацияда ауырсынады, қолғалысы шектелген. Аяқ басы «Halus valgus» түрінде деформацияланған. Осы жағдайда тағайындалған дұрыс:
{
=хондропротекторлар
~стероидты емес қабынуға қарсы дәрмектер
~кальций препараттары
~глюкокортикоидтар
~дезагреганттар
}
40 жастағы науқас, ауызының, көзінің құрғауына, көздеріндегі «құм»сезіміне, құрғақ жөтелге, аяқтарында майда нүктелі бөртпелердің пайда болуына, құлақ маңы және жақ асты сілекей бездерінің ісініп ауырсынуына шағымданады. Тексеру барысында лимфоаденопатия және гепатомегалия анықталды. ҚБА: жалпы белок - 85г/л, гипергаммаглобулинемия, СРБ+++, РФ 1:120. қанның иммундық тексеруінде (ИИК) криоглобулинемия. Сиалография: көлемі 1,5 мм сиалоэктазалар. Қолдануға тиімді дәрмек:
{
=ритуксимаб
~преднизолон
~азатиоприн
~сульфасалазин
~метотрексат
}
Достарыңызбен бөлісу: |