}
Дерматомизитке тән емес:
{
=остеофитоз
~параорбитальді ісіну
~бұлшық ет атрофиясы
~қан сары суында креатинфосфокиназа (КФК) деңгейінің артуы
~аяқ-қолдардың проксимальді бөліктеріндегі бұлшық еттік әлсіздік
}
Дерматомиозиті бар науқастарға тағайындауға болмайды:
{
=триамцинолонды
~преднизолонды
~метилпреднизолонды
~азатиопринді
~делагилді
}
Қол басы дистальді фалангаларының остеолизі көбіне байқалады:
{
=склеродермияда
~ревматоидты артритте
~анкилоздаушы спондилитте
~буындардың ауыспалы гигромасында
~дерматомиозитте
}
Қатерлі ісіктік процесс көбіне ... қабаттасады:
{
=дерматомиозитпен
~ЖҚЖ
~ЖСД
~түйінді периартериитпен
~Бехчет синдромымен
}
Ревматоидты артритте сілекей және жас бездерінің зақымдануымен жүретін синдром:
{
=Шегрен
~Каплан
~Фелти
~Рейтер
~псевдосепсистік
}
35 жастағы әйел науқасты кеуде сарайының сол жартысында және сол аяқтарында жағымсыз сезім мен сыздап ауырсыну мазалайды.Терілік өзгерістер соңғы 3 жылда пайда болған. Обьективті: кеуде сарайының сол жағында және сол аяқтарында әртүрлі көлемді қара-қоңыр түсті теріден шығыңқы ошақтар, ошақтардың беті тегіс және жылтыр, сау теріден көкшіл-қызыл жиекпен бөлініп тұр. Ішкі мүшелерде патологиялық өзгеріс жоқ. Сіздің диагнозыңыз:
{
=лимиттелген (шектелген) склеродермия
~дерматомиозит
~жүйелі қызыл жегі
~псориаздық артропатия
~жүйелі склеродермия
}
30 жасар науқаста тұмаудан кейін бұлшық еттерінің ауыруы, бұлшық ет әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аз физикалық күштемеде ентігу, жоғарғы қабақтарында эритемалық бөртпе, дауысының қарлығуы, дисфагия анықталды. Обьективті: аяғын сүйреп басады, қабақтары ісіңкі, жоғарғы қабағында, мұрын қанаттарында, «декольте» аймағында эритематозды бөртпелер анықталды. Иық, сан бұлшық еттерін сипағанда ауырсынады, қолды жоғары көтеруі қиын. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ 100 мин. Қан анализінде: эр. 4,5 млн., Нв110 г/л, лейк.7мың, ЭТЖ 66 мм/сағ. Диагнозды қою үшін арнайы және сезімталдылығы жоғары тексерулерді көрсетіңіз:
{
=КФК, КФК БЕ фракциясының, ЛДГ деңгейінің артуы
~ЭТЖ жоғарылауы
~қос спиральді ДНҚ антидененің артуы
~ревматоидты фактор титрінің жоғарылауы
~лейкоцитоз
}
20 жасар науқаста босанған соң бұлшық еттерінің әлсіздігі, ауырсынуы пайда болды. Бір апта бұрын қабақтарының ісінуі, аз физикалық күштемеде ентігу, дауысының қарлығуы, тамақпен шашалу мазалай бастаған. Обьективті: иық,сан бұлшық еттерінің ісіңкілігі мен ауырсынуы, бет мимикасының жойылуы. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ 100 рет мин. АҚ 140/90 мм сын.бағ. Қан анализінде: эр. 4,5 млн. Нв110 г/л, лейк. 7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ, АЛТ17. Диагнозы: Идиопатиялық дерматомиозит. Емді мына топ дәрмектерінен бастаған жөн:
{
=глюкокортикостероидтардан
~цитостатиктерден
~аминохинолинді дәрмектерден
~қабынуға қарсы стероидты емес дәрмектерден
~Д-пеницилламиннен
}
30 жасар науқаста склеродактилия, тырнақ фалангаларының остеолизі, буын айналасы терісінің көптеген кальциноздары, өңештің дистальді бөлігінің моторикасының бұзылысы, ортаңғы бөлігінің кеңеюі байқалды. Болжам диагнозы:
{
=жүйелі склеродермия
~жүйелі қызыл жегі
~дерматомиозит
~ревматоидты артрит;
~Шарп синдромы
Достарыңызбен бөлісу: |