3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет36/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
«БАЛАНЫ ЖАСТАН»

Бірде тоқылдақ пен қарға ұясын қатар басыпты. Қарға әкелген жемін балапандарының аузына салып тамақтандырады. Ал тоқылдақ балапандарының тұмсығын шоқуға келер-келместен-ақ жемін ағаштың қуысына тығып: «Өзің тауып же», - деп, әмір етеді екен. Одан кейін сәл есейісімен, бұтаққа қондырып, құрт-құмырсқаны өзі іздеп, тауып жеуге баулиды. Мұны байқап жүрген қарға бір күні:


- Тоқылдақ, сен неткен мейірімсіз едің? Бұғанасы бекімеген балапандарыңның тұмсығын ауыртып, әкелген жеміңді аузына салмай, бейнетпен жегізетінің не? – деп, ренжи сұрайды.
- «Баланы жастан» дегендей, бұлардың тұмсығын ерте қатайтып, осы кезден бастап еңбекке үйретпесең, есейе келе жалқау, әзірге – мәзір болып өседі, - деп, тоқылдақ қарғаға ақыл айта жауап беріпті.
- Ойбай-ау, мен балапандарымды теріс тәрбиелейді екенмін ғой, қап! – деп қарға өкінді.
Шынында қарғаның балапандары ескі жұрттағы көң-қоқырды, лас нәрсені шоқитын, сасып шіріген өлексені аңдудан басқаны білмейтін көр бала, жалқау болып шығады.
Ал тоқылдақтың балапаны еңбекқор, таңның атуы, күннің батуы ағашқа жабысып, оның құрт-құмырсқасын тауып, тесіп жейтін, орманның тазалығын сақтайтын пайдалы құс болып өседі.
(М.Төрежанов)
8. Мәнерлеп оқыңдар дауыс ырғағына назар аударыңдар.


Жұмбақ

Бұл не деген көп киім!


Тоқсан қабат көк киім!
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.


(Капуста)
Кідіріс (пауза)

Кез келген оқулық пен шығармалардағы, газет-журналдардағы белгілі тақырыпты баяндауға тиісті мәтіндер жазылу техникасы жағынан да, сауатты оқылуы жағынан да белгілі бір ізділікпен қалыптасқан. Сөйлеген сөз не оқылатын мәтіндегі сөйлемдер ешбір толассыз шұбыртылып айтыла бермейді, олардың арасында (дауыс ағысында) белгілі бір үзіліс, толас болады. Кідіріс (пауза) деп сөз түйдегі арасындағы не сөйлем араларындағы толасты айтады. Мәнерлеп оқуда не әңгімелеп беруде кідірістің өзіндік маңызы бар. Оқығанда дауыстың үзіліс, сәл іркілу жасауы жай ғана кідіріс емес. Ол - әдеби текстің мән-мағынасын ашып беру тәсілі болып табылады. Мерзім мөлшері шамасына қарай кідіріс әрқалай келеді. Кідіріс ұзақ, орташа, қысқа болып бөлінеді. Қысқа кідірістер сөйлемдегі сөз дестелерін (тактілерін, фразаны) бөліп тұрады. Ал орташа толасты – логикалық кідіріс дейді. Ол сөйлемнің аяқталғанын білдіреді, айтылған сөзге сымбаттылық әр кіргізеді, екінші сөзбен айтқанда, бір ойды аяқтап, екінші ойға көшу, немесе бүтін мәтіннің бір бөлімінен келесі бөліміне көшу жайлы емеурін білдіреді. Кейде жазба тілде тікстің мұндай бөліктерін абзацтан бастайды. Алайда сөз түйіні үзілістің ұзақтығында ғана емес, мазмұнына байланысты болады.


Пауза сөйлеуді сөйлемге, сөйлемді синтагмаға, синтагманы сөзге ажыратып, ара жігін көрсету үшін қолданылады. Сонымен қатар пауза сөздердің басын біріктіріп, бір синтагма жасай алады. Пауза сақтамау, оқып отырған мәтіннің мазмұнын дұрыс түсінбеуге әкеліп соғады. Мәселен, «ол үй емес» деген сөйлемді паузасыз айтсақ, айтып тұрғаным басқа деген ұғымды білдіреді, яғни ол сөзі сөйлемде үй сөзіне анықтауыш ретінде қолданылады. Ал сол сөйлемде ол сөзінен кейін пауза жасасақ, онда айтып тұрғаным үй емес, қора немесе басқа бірдеме дегенді білдіреді. Мұнда ол бастауыш қызметін атқарады.


Идеялық-тақырыптық мазмұнына байланысты көркем шығарма, қандай дауыс сазымен оқытылатынымен белгіленген соң, мәтіннің құрылысы қандай бөлімдерден тұрғаны қарастырлады. Соған орай қай бөлімі қалай оқытылатындығы, қай жерде дауыс кідірісі болу керектігі анықталады.
Паузаның қиындығы мәтінде қай жерде кідіріс жасауды білу керек. Зерттеулерге қарағанда шығарманы дауыстап оқығанда оқушылардың 50 пайызы паузаны дұрыс сақтай алмайтын көрінеді. Паузаның грамматикалық, логикалық, психологиялық түрлері болады.
Грамматикалық пауза тыныс белгілерін дұрыс сақтауға байланысты. Алайда оның сақталмайтын кездері де болады. Мысалы, қыстырма сөздегі үтірді сақтамайтын ситуация да кездеседі (Мүмкін, Әлия болар).
Логикалық екпін тіркестің мағынасын тез түсіну үшін жеке сөзді немесе бір топ сөзді бөліп оқу. Мысалы, бастауышты баса оқу керек болғанда (қуанышты хабар жер жүзін дүр сілкіндірді). Немесе тұрлаусыз сөйлем мүшелерін бөліп көрсету қажет болса. (Еділдің теңізге құятын жерінде Астрахан қаласы бар) т.б.
Психологиялық пауза мәтінде немесе тіркесте бір бөлікті басқаларынан ерекше бөліп көрсету үшін әсіресе, эмоцияны білдіретін жерлерде баса оқылады. Мысалы, 2-сыныптағы Ш.Смаханұлының «Тәкаппар» мысалында «Мөлдір суым, мекенім, Енді қайтсем, жетемін!? Қадіріңді білмедім, Неге шалқып жүрмедім!?» жолдары өте бір өкінішті күймен оқылады.
Паузаға үйрету 1-сыныптан бастап жүргізіледі. Мұның екі жолы бар:
1) Оқушы мұғалімге еліктеу арқылы үйренеді;
2) арнаулы жаттығулар арқылы үйретіледі.
Көркем шығарманы мәнерлеп оқу үшін, онымен алдын ала танысып, сонан соң оқығанда ғана автордың идеясын жтекізе оқып шығуға болады. Көркем шығармада адам психологиясы жан-жақты суреттеледі. Оны өз мәнінде тыңдаушысына жеткізу үшін, мұғалім оқитын мәтіндегі қай сөздің, сөйлемнің қандай мағынаны, қандай көңіл-күйді білдіретінімен алдын ала таныс болуы тиіс.
Міне, осы сияқты жәйттерге көңіл бөліп, дайындық жұмыстарын жүргізген мұғалімдер ғана оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрете алады.
Оқуға үйрену барысында оқушының білігі мен дағдысын былайша бағалауға болады:
1. Бая, бірақ дұрыс, түсініп, мәнерсіздеу оқиды;
2. шапшаң мәнерсіз, сөзді бұрмалап, түсінбей оқиды;
3. шапшаң, дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқиды;
4. орташа қарқынмен, дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқиды;
5. өте баяу, бірқалыпты, дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқиды.

Қажет болған жерде кідірісті сақтап оқу – мәнерлеп оқу шарттарын орындаудың бір белгісі. Дауыс кідірістері грамматикалық, логикалық және психологиялық болып үшке бөлінетіндігі белгілі. Бұлардың жеке-жеке анықтамаларын беріп, мысал келтіре кетейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет