Литература:
Непомнящая Н.И. Становление личности ребёнка. – М.: Педагогика, 1992.
Харламов И.Ф. Нравственное воспитание школьников. – М.: Педагогика, 1983
Божович Л.И., Конникова Т.Е. Нравственное формирование личности школьника в коллективе. М., 2001.
Алымова Н.А., Белибихина Н.А. Сотрудничество педагогов и семьи. Организация систем работы. Волгоград, 2008. 191с.
Түйіндеме
Бірінші сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің тиімді факторы ата-аналар мен ұстаздың бірлескен іс – әрекеті.
ОЙЫН – МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ
А.М.Жұбандыкова,
п.ғ.к., аға оқытушы
ҚазМемҚызПУ. Алматы. Қазақстан
Мектепке дейінгі балалар болашақ қоғам иесі болғандықтан дүние жүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, силайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын, деңгейі жоғары, білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибиесін мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр-түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Балалармен ойынның әр-түрін ұйымдастыра отырып дене қимылын жан-жақты дамытуға, салауатты өмір салтына тәрбиелеуге болады. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғышарттары және халықтың салтын үйретеді, табиғат құбылысын танытып, олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. К.Чуковский «Адам өркениетке бейім болу үшін балалық шақты бастан кешу міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп, бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрыпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз- жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі, қызығуы қанықпай қалады. Ойындар мазмұны мен түріне қарай бөлінеді. Мысалыға алсақ, соның ішінде қимыл-қозғалыс ойынды балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарымқатынасын реттеп, олардың бойында адами сапаларды қалыптастырады. Бала қалаған ойынына сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады. Соның ішінде, дене шынықтыруда жиі қолданылатын қимыл-қозғалыс ойынында балалар әр-түрлі қимылдар жасай отырып, санамақтар, өлеңдер тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі қимылдың әсемділігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты сапалар тәрбиеленеді. Бала өмірінің құбылыстарына, адамдарға жануарларға деген ынтасын қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың жан-жақты тәрбиесін дамуында маңызды роль атқарады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті-ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтарғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнет қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдарда шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерлі көркем бейнелер арқылы сүреттегеніде мәлім. Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразі өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындық, оның бейнелі сәулесі көрінеді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әр-түрлі құбылыстарымен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық т.б тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық өте тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүнгиді. Сондықтанда мектепке дейінгі тәрбиеде бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірлік өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат- мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман- қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп, бүгінгі ойын, бейнелі әрекеттің ертеңгі шындық ақиқатқа айналуына жол салады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің дене қимылын дамытады, шынығады, күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған ортамен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып еңбек дағдысына үйрене бастайды. Болашақ құзыретті жеке тұлғаның даму, тәрбие жолы тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Осындай ой-пікірлерден кейін ойын туралы тұжырым жасасақ:
Ойын – тәрбие негізі;
Ойын – ұлттық сананың қалыптасуы;
Ойын – дене қимылын дамытудың бірден бір жолы;
Ойын – дене қасиетін дамытудың таптырмас құралы;
Ойын – қоршаған дүниені танудың жолы;
Ойын – еңбекке тәрбиелеудің басты құралы;
Ойын – әлеуметтік ортаға үйренудің алғышарты;
Ойын – шығармашылықтың бастауы;
Ойын – денсаулық;
Ойын – қатынас құралы.
Қимыл-қозғалыс ойындары жасөспірімдердің сүйікті де пайдалы іс-әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Көңіл-күйін сергітіп, тамаққа тәбетін ашады, еңбекке құлшынысын күшейтеді. Ойын ежелден келе жатқан адам өмірінің маңызды бөлігі екені сөзсіз. «Бала ойынмен өседі» демекші қимыл-қозғалыс ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол – ондаған ұрпақтың керегіне жарап, олардың өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Ойын жігерлікке, шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға т.б. тәрбиелейді. Сондай-ақ, тез арада ойлау қабілеттері дамытады. Қимыл-қозғалыс ойындарының спорттық ойындардан айырмашылығы, ол ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды және уақытты талғамайды. Оларды бүгінгі білім беру саласында (балабақша, мектеп т.б) дене шынықтыру сабақтарына және тәрбие жұмыстарына пайдалануға қолайлы. Қимыл-қозғалыс ойындары бірнеше түрге бөлінеді: ұлдарға және қыздарға арналған ойындар, топтық ойындар, командалық ойындар, эстафеталық ойындар, жекп-жек ойындары және қысқы ойындар. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде қимыл-қозғалыс ойындарына жетекші роль беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралдарымен әдістерінің бірі ретінде қимыл-қозғалыс ойындары сауықтыру және тәрбие білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Ол бала денесінің дамуына және сауығуына жан-жақты ықпал жасайды. Ойын процесінде балалардың қозғалғыштық ширақтылығы бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, өмірлік тонусын арттырады. Қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу кезінде қол жеткен сауықтыру тиімділігі балалардың ойнау әрекеті процесінде пайда болған және баланың психикасына ізгілікті әсер ететін жағымды эмоциямен тығыз байланысты. Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады және тапсырманы айқын түсінуінен, қимылдырдың жақсы үйлесімінен, кеңістікте жіне ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгіленуінен, тапсырманы жедел қарқынмен орындауынан көрінеді. Мақсатқа жетуге ұмтылу қуанышы баураған балалардың осындай әуестенуі кезінде әр-түрлі кедергілерді жеңуге көмектесетін жігердің ролі артады. Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді. Ойын процесінде бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп және сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсаттылық пен әрекет етеді. Сондықтан, мысалы «Апандағы қасқыр» ойыны балалар жүгіріп келе жатып ұзындыққа секіруді игерген кезде өткізіледі.
П.Ф.Лесгафт: «ойындарда жүйелі түрде жүргізілген сабақ кезінде игерілгендердің бәрі қолданылады, сондықтан мұнда жұмсалатын қимылдармен әдістердің бәрі ойынға қатысатындардың күші мен икеміне толық сай келуі және мүмкіндігінше өте дәлдікпен және ептілікпен жасалуы тиіс», - деп жазады. Бұл ереженіңдұрыстығын педагогтар (М.М.Конторовичтың, Л.Михайлованың, А.И.Быкованың, Т.И.Осокинаның, Е.А.Тимофееваның, Н.Н.Кильпионың, Н.В.Потехинаның, Э.Я.Степаненкованың, С.Я.Лайзаненің және т.б) жұмыстары дәлелдейді, олар балабақшадағы қимыл-қозғалыс ойындарын жүргізудің әдістемесін талдап жасауға елеулі үлес қосты. Қозғағыш іс-әрекет ретінде қимыл-қозғалыс ойындары белгілі бір ерекшелікке ие: ол баладан сигналды тез сезінуді және күтпеген жерден ойын жағдайын өзгертуді талап етеді. Ойын кезінде пайда болатын әр-түрлі ситуациялар қимыл мен әрекеттің сипатын, қимыл бағытының тез өзгеруімен бұлшық ет ширығуының дәрежесін өзгерту қажеттігін туғызады. Мысалы, «ұстап алу» ойынында әрбір бала жетекшінің әрекетін назар аударып бақылауы керек. Ол жақындаған кезде бала қарама-ақрсы жаққа тез қашып кетеді.
Өзінің қауіпсіз жағдайда екенін сезген соң қимыл қарқынын бәсеңдетеді, тежейді, тоқтайды. Жетекші тағы да жақындаған кезде ол қимылын тағы да тездетеді. Әрбір қимыл-өозғалыс ойынында балалардың ойын әрекеттері мен қимылдарын өзгертуге берілетін сигналдар болады. Мысалы «бағытпен қимыл сипатын өзгертуді білдіретін сигналдар балалардың тез сезінуін, қабылдауын туғызады: бітіраңқы жеңіл жүгіріс бұрын белгіленген орындағы бірінің артынан бірі тізбекті сапқа тез қосылу үшін мақсатты тура бағытта жүгірумен өзгереді. Мұндай ширақ қимыл әрекеті еліктіру және тежеу процестерін жетілдіре және теңестіре отырып баланың жүйке жүйесін шынықтырады. Қимыл-қозғалыс ойынында бала назар аудару және бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйренеді: ойынның қалыптасқан ситуацияға байланысты ол қимылды тынығумен кезектестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу, тез шешім қабылдап, оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, инициатива, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі».
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін ұрпаққа үлгілі өнегелі тәрбие беру-қазіргі міндеттердің бірі. Ұрпақ бойында жалпы адамзаттық құндылықтармен адамның айналадағы дүние мен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени-рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Әр халық өз халқының мәдениеті мен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Дегенмен, халық (ұлттық) ойындарыда тәрбиенің мықты құралы деп танылған. Ойынды оқу тәрбиеде қолдану балалардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, әр халықтың асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.Сөйтіп , өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларда отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерінде жаңылтады. Ойын дегеніміз адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін, дене қимылын дамытатын ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «ойынсыз, музикасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды»,- деген. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді.
Батылдыққа өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды қолдану бала дамуына зор ықпал етеді.
Халқымыздың ұлы президенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыдың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері барғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,- деп тегіннен тегін айтпас керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Пакровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков,Е.А.Алекторов, Ә.Дибаев, А.Левшин,Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин,Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзен,А.Горячкин,П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов т.б болды. Е.Сағындықов өз еңбегінде: «қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және әр-алуан болады»,-дей келіп ұлттық ойындарды негізін үш салаға бөліп топтастырған. А.Дибаев «игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі-орыс ғалымы А.Алектыров. Мәселен, оның «о рождение и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор,1891 )атты еңбегін атауға болады. Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Ұлттық ойындардың ел арасындағы беделі, тарихи қоғамда алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғалымдар көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зерттелген ғылыми еңбектер хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөлініп қарастырылады:
Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскері шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары.
Кеңес заман кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.
Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін) аталған атқырыпқа қатысты ізденістер.
Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгіні Ә.Диваевтің еңбегінен басталады. Ол өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Ә.Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады. Ә.Диваев: «как киргизи развлекают детей» деген мақаласында: «бала бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап Құдай тәңірнен рұқсат сұраған »,- дей келіп «бес саусақ » ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және атаған мақалада саусақпен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық
Философиялық мағынасы жатқындағы сөз естіледі. Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі-орыс ғалымы А.Алекторов. мәселен, оның «о рождении и воспитание детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады. Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқын өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ы.Алтинсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен атын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой-талабын өсуіне оның атқараты қызметін жоғары бағаласа, Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс тіршілігі еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық –батылдық туралы түсінігі, адалдыққ, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық т.б құндылықтарға мән берілуі-халық данышпандығының белгісі. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этногроф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:
Жалпы ойындар.
Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар.
Ашық алаңқайдағы ойындар.
Қыс мезгіліндегі ойындар.
Демалыс ойындары.
Ат үстіндегі ойындар.
Атракциондық-көрініс ойындары.
Әдебиеттер:
1. Молдагаринов А. «Казахские детские игры» - Алма-Ата, «Жалын», 1987 г.
«Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.
Төтенаев Б. «Қазақтың ұлттық ойындары» -Алматы. «Қайнар»,1994 ж.
Резюме
В статье рассказывается, что игра — важное средство эстетического воспитания дошкольников, так как в этой деятельности проявляется и развивается творческое воображение, способность к замыслу, развивается ритм и красота движений.
Summary
In article it is told that game — important means of esthetic education of preschool children as in this activity the creative imagination is shown and develops, ability to a plan, develops a rhythm and beauty of movements.
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Б.Р.Қонақова,
Алматы қаласы Білім сапасын бақылау департаментінің бастығы.
Алматы. Қазақстан
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Жас ұрпақты өткенін ұлықтап, бүгінімен мақтанатын, болашағына үмітпен қарайтын патриоттық-азаматтыққа тәрбиелеу, әлемдік сапа деңгейінде білім беру, рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру – қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Ал осы білім беру жүйесінде, әсіресе, орта мектепте ана тілі мен әдебиетінің рөлі ерекше. Қазақ тілі өмір таныту, тәрбие беру, қарым-қатынас жасау құралы. Тіпті, елдігіміздің бір белгісі – ұлттық тіліміздің өгейсімей өмір сүруі. Тілдің атқарар қызметі көп-ақ. Тіл мен әдебиетті оқи отырып, адамдық болмысың қалыптасады, бүкіл дүниенің әлемдік қақпасы тіл арқылы ашылады. Тарихымыз - өткеніміз бен бүгініміз және ертеңгі болашағымыз сол тіл арқылы сыр шертеді.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат – өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауатттылықты талап етуде.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет ауыр»,- деген болатын. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға саналады.
Бүгінгі күні мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегідей анықталады:
1. Құндылықты – бағдарлы құзыреттілік – жасампаз қоғам өмірінде өз рөлін таба білу, азаматтық белсенділік көрсету, саяси жүйені түсініп, әлеуметтік жағдайларға баға беру.
2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік – өз халқының және әлемдік мәдениетті түсініп, рухани келісім жүргізе алу.
3. Когнитивтік құзыреттілік – зерттеушілік дағдыларын игеруге мүмкіндік жасайтын өз әрекетіне талдау, қорытынды жасай алу.
4. Коммуникативтік құзыреттілік – байланыстың түрлі обьектілерін қолдана отырып, түрлі әлеуметтік топта қарым-қатынас жасай алу, мемлекеттік және шет тілдерді меңгеру.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – білім мен ақпаратты ақпараттық-технологиялар көмегімен жүзеге асыра білу.
6. Әлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі – әлеуметтік-қоғамдық өмірде кәсіби бағдарын дұрыс таңдай алу.
7. Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі – әлеуметтік-қоғамдық, өмірлік жағдайларда өз мүмкіндігін анықтап, өмірі мен ісіне жауапты қарауды, жеке және қоғам пайдасына сай шешім қабылдауды қарастырады.
Сонымен, оқу үрдісіндегі құзырлылық дегеніміз – оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу үшін қолдана алу мүмкіндігі болып табылады.
Тіл мен әдебиет пәндерін құзыреттілік пен әрекеттілік тұрғыда оқыту дегеніміз - әр ұстаздың құзырлылыққа жету жолындағы іс-әрекеті, әдіс-тәсілдері болып табылады. Бұған бүгінгі заман талабына сай инновациялық технологияларды тиімді қолдана алудағы ұстаз шеберлігін жатқызамыз
Егемендік алып, жылдам дамып келе жатқан ақпараттық құзыреттілік мұғалімнің өзінің құзіреттілігін арттыратын құралы. Заман ағымына қарай күнделікті сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»,-деп Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интелектуалды дамуын жобалаушы. Ал, бұл мұғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың дамыту бағыттарын талап етеді. Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда, өмірде өз жолын өзі таңдауына түрткі болу – ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы абыройлы борышы.
Шығармашылық құзыреттілік – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекеттерінде сол жетістіктерді жаңа жағдайда бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға ие болады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашыл педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен жаңа шешімдер іздестіру болып табылады.
«Шын мәніндегі педагогтардың ерекшелігі - өзінің барлық білімін ғылыми-зерттеу тәжірибесін түгелімен шәкірттеріне беру, өз шәкірттеріне өз баласындай қарап, олардың жетістіктеріне сүйсініп, кемістік жақтарына күйіну», - деп Қажым Жұмалиев ағамыз айтқандай, білім – қоғамдағы әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты – педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту. Олай болса, білімге негізделген қоғам құрылысының негізгі басымдықтарын есепке ала отырып, әлемдік бәсекеге қабілетті ұрпақты оқытып тәрбиелеуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |