Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет24/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
АТЕРОСКЛЕРОЗ


Атеросклероз (грекше: athere - ботқа және sklerosis - тығыздалу) - бұл ірі артериялардың ішкі қабатыңда май және белок алмасуының бұзылуы нәтижесінде пайда болатын арнайы морфологиялық өзгерістермен сипатталатын созылмалы ауру. Осы күрделі өзгерістер атеросклероздың макро- және микроскопиялық негізін құрайды. Бұл үрдіс қолқада, жүрек, ми, мықын, ішек және бүйрек артерияларында айқын көрінеді. Атеросклероз деген атауды Америка ғылымы Маршан 1904 жылы ұсынған болатын. Орыс ғалымдары Н.Н.Аничков және С.С.Халатовтың (1914) жүргізген эксперименттері атеросклероздың жеке дара сырқат екендігін, оны артериосклероз деген бір топ аурулар ішінен бөліп қару керектігін дәлелдеді. Атеросклероз дамыған елдерде өте көп тараған аурулар қатарына жатып, миллиондаған адамдардың өліміне себепші болып отыр. Осы елдерде жүрек-қантамырларының атеросклерозына байланысты болған жүректің ишемиялық ауруынан жыл сайын ересек адамдардың 50%-ынан артығы өледі. Атеросклероз әртүрлі елдерде немесе бір елдің әртүрлі аймақтарында түрліше таралған. Мысалы: Балтық жағасындағы республикаларда атеросклероз Орта Азияға, әсіресе Якутияға қарағанда едәуір көп кездеседі.
Атеросклероздың этиологиясы мен патогенезін үйренуге жоғарыда айтылған Н.Н.Аничков пен С.С.Халатовтың жүргізген эксперименттерінің маңызы өте зор. Олар үй қояндарын таза хо-лестеринмен тамақтандыру арқылы алғаш рет қан тамырларында адам атеросклерозына ұқсас өзгерістер алған болатын. Осы эксперименттер нәтижесінде Н.Н.Аничков бұл ауру тамақ құрамындағы холестериннің қан тамырына сіңуі (инфильтрациясы) нәтижесінде келіп шығады деп түсіндірген. Осы бағытга жүргізілген зерттеулер атеросклерозбен ауырған адамдардың қанында да холестерин мөлшерінің көбейіп кететіндігін (гиперхолестеринемия), ол аурулардың 70%-ында кездесетіндігін анықтады (А.Л. Мясников, 1965).


Үлестірмелі материалдар.кестелер ,муляждар, тесттер
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1.Жүрек қантамырлар жүйесінің патологиясы
2.Жүрек қабаттарының қабынуы
3.Атеросклероз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет