ІІ Жаттығу жұмыстары 8-жаттығу. Сөйлемдегі есімдіктер мен зат есімдерге кешенді сатылай талдау үлгісі бойынша морфологиялық талдау жаса.
Кім көрінгені би болып, малымызды талап ала берді. 2) Тұратын үйлері қандай! 3) Қай жерде тазалық аз болса, сол жерде ауру құрты көп болмақ. 4) Шырағым-ау ана содырдың атын мініп нелерің бар еді? 5) Түркістанға ертең жүретінімді естігенімде, барамын деп келіскеніме өзім өкіндім. 6) Қазақтың бар мұңы сиезде тұрған. 7) Біреу желіп, біреу шоқытып келеді. 8) Әр ауылдың, әр үйдің бір қазан бұзары, бір биі болады ғой. 9) Қартқожаның ойына әлденелер келді. 10) Бірақ ойымда ешқашан арамдық болып көрген емес.