Күні Уақыты Істелген жұмыстың мазмұны



бет55/70
Дата31.05.2023
өлшемі3,09 Mb.
#178070
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70
Байланысты:
Күнделік Ербол Жедел Жәрдем
!16-ОШ СОР дебиет 8кл, !16-ОШ СОР дебиет 8кл, !16-ОШ СОР дебиет 8кл, Vektor megamath, 1548644038, arifmetikaly--geometriyaly-progressiya
Күні
Уақыты

Істелген жұмыстың мазмұны
Содержание работы

Бағасы
Оценка

Қолы
Подпись

01.05.18
08.00
18.00

Бүгінгі тәжірибелік күнімді терапия бөлімшесінде өткіздім.Бұл күні медбике Айтолқын Қарсақбаевнамен дәрігер терапевт Жасұлан Экласовичтін науқастарға жазған тағайындауларын орындадым.
Алдымен науқастардан биохимиялық зерттеуге көк тамырдан ваккум арқылы қан алдым.
Көк тамырдан ваккум арқылы қан алу әдісім:
Мақсатым: диагностикалық.
Дайындадым: стерильді:қауіпсіздік клапаны бар екі жақты ине, бір реттік ұстағыш, вакуумдық пробиркалар, мақта шариктері, қолғап, лоток, 70% спирт, жгут, клеенкалық жастықша, маска, пробиркаларды тасымалдауға арналған контейнер, КБУ.
Вакутайнер – көк тамырдан қан алуға арналған толық жабылған вакуумды пластикалық бір ретті жүйе.
Үш компоненттен тұрады:

  1. Қауіпсіздік клапаны бар екі жақты ине.

  2. Бір ретті ұстағыш.

  3. Вакуумды көлемі бар стерильді пробиркалардан.

  • Алдымен пациентке процедураның мақсатын түсіндіріп, келісімін алып, таңғы асын ішпеді ме екен анықтап біліп алдым.Лабораторияға жолдама жазып, пациентке ыңғайлы орналасуына сұрап қолымды гигиеналық тазартып, тері антисептигімен өңдедім.

  • Маска, қолғапты киіп қан алуға арналған системаның қорабының бүтіндігін және қан алуға арналған негізгі компоненттердің жарамдылық мерзімін тексеріп алдым.

  • Қорабын ашып.

  • Инені алып, қорғаныс қалпағын шештім.

  • Инені ине ұстағышқа салып, қаттырақ бұрап әзірледім.

  • Пациенттің шынтағының астына жастықша қойып, иығының ортаңғы үштен бір бөлігіне киімінің үстіне жгут салдым.

  • Шынтақ артериясынан пульсін тексеріп,тамырын тауып

пациенттен қолын бірнеше рет ашып- жұмуын содан соң қысып тұруын сұрадым.

  • Инъекция орнын спиртке батырылған 2 мақта шаригімен өңдеп, оны КБУ-ға тастадым. Үшінші мақта шаригін сол қолымның IV және V саусақ арасында ұстап,оң қолыма системаны алдымда,ине салатын жердің астын сол қолымның үлкен саусағымен ұстап, ине мен ине ұстағышты пациенттің қолына 150 бұрышта ұстап, инені қан ағысы бойынша 1-1,5 см енгіздім.

  • Ине ұстағышты сол қолыма ауыстырып, оң қолыммен пробирканы ине ұстағышқа жалғап, қан ағуын қамтамасыз етіп, стерильді пробиркаға қан түскенде жгутты шештім.

  • Ине ұстағыштан пробирканы ажыратып, пробирканы аудара отырып араластырып, сыртына науқатың аты-жөнін, туған жылын, қан алған күнін жазып пробирканы қанды тасымалдауға арналған контейнерге жолдамамен қоса салдым.

  • Инъекция орнына стерильді мақта шаригін қойып, тамырдан инені алып, ине ұстағыштан шешіп инъекция орнына стерильді мақта шаригін қойып, пациенттен қолын бүгіп 3-5 минут ұстауын сұрадым.

  • Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастап қолымды жуып кептірдім. Биохимиялық анализге жолданған барлық науқастардың қан материалдарын осы ретпен алып, жолдама жазып лабораторияға жеткіздім.

  • Кейін мына науқастарға дәрігер тағайындаған Полярка ертіндісін көк тамырға тамшылатып енгізу жүйесін қолдану арқылы инъекция жүргіздім.

Нурман А.С 5 палата
Құдайберген В.А 5 палата
Жамантай. Б.С 4 палата
Полярка ертіндісінің құрамы:
Глюкоза 5% 150мл
Калли хлорид:
Аскорбин қышқылы:
Ертіндіні енгізу үшін, оны мына ретпен әзірлеп алдым:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет