З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым


 Зерттеу нәтижелерін ғылыми жұмыстар түрінде ресімдеу



Pdf көрінісі
бет63/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97
Байланысты:
Академ

 
10 Зерттеу нәтижелерін ғылыми жұмыстар түрінде ресімдеу 
 
10.1 Тезис 
Баяндаманың, мақаланың немесе басқа да көлемді материалдың тезисі 
дегеніміз – логикалық жағынан бір-бірімен байланысты жекелеген 
ережелердің жиынтығы. 
Кез келген тезисті жазудың негізгі мақсаты – қолдағы бар материалды 
жинақтап қорыту, оның негізгі ойын қысқаша беру, көлемі жағынан үлкен 
баяндаманың немесе мақаланың мазмұнын ашу, мәселеге терең бойлап, оған 
талдау жасау және басқалардың ойына өз ойын қоса білу не өзгенің ойын 
толықтыра білу. 
Басқа ғылыми мәтіндерден тезистің айырмашылығы оның көлемінің 
аздығында (1-2 бет), соған қарамастан, тезисте баяндаманың (мақаланың) 
барлық негізгі идеясы берілуі керек. Оқырман сапалы жазылған тезистен 
жұмыс туралы толық мәлімет алады және толық көлемдегі материалмен 
танысудың қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
Сәтсіз жазылған тезистер оқырманды қызықты жазылған ғылыми 
жұмысты оқудан бас тартқызуы мүмкін. Керісінше, сәтті жазылған тезис 
мәтіні ғылыми материалға да, баяндамашыға да назар аудартады.
Тезистің түрлері: 
1.
Басқа автордың жарияланымы бойынша құрылған тезис. 
2.
Автордың өз материалының негізінде жазылған тезис. 
Бірінші жағдайда тезис авторы материалмен алдын ала таныс болмайды, 
сондықтан оны мұқият оқуы керек. Оқи отырып, мәтінді бірнеше бөлікке 
бөледі. Әрі қарай мәтіннің бөлінген бөліктерінен негізгі ойды тауып, оны 
көшіреді немесе сол мәтінде белгілеп қояды. Содан кейін бөлінген бөліктер 
бойынша жекелеген тұжырымдар жасайды.
Екінші түріне баяндама, мақала, таныстырылым сияқты ғылыми 
жұмыстардың тезистері жатады. Бұл жағдайда автор мәтінде қозғалып 
отырған мәселені жақсы біледі, сол себепті осы мәселені жазбаша түрде қысқа 
әрі нұсқа беру автордың міндеті болып табылады. Соңғы типтегі тезисті жазу 
әрдайым оңай бола бермейді. Тезис жазып отырып, жаңа идеялар келуі де 
мүмкін. Авторға өз жұмысының мәнін басқаша түсіндіру керек болады. Осы 
міндеттерді жеңілдету үшін төмендегі нұсқаулықты беріп отырмыз. 
Ғылыми жұмыстардың тезистерін жіктеу. 
Мұндай тезистер негізгі екі 
топқа бөлінеді: 
1.
Қолда бар материал (көлемді мақала немесе баяндама) бойынша 
жазылған тезистер; 
2.
Баяндама мәтіні құрастырылғанға дейін жазылған тезис. 


122 
Бірінші жағдайда басылған мәтіннің мазмұнын барынша сақтай отырып, 
оның көлемін айтарлықтай дәрежеде азайту тезис жазу кезінде негізгі 
қиындық болып табылады. Автор материалды қаншалықты нашар меңгерген 
болса, соншалықты дәрежеде ойды қысқа беру қиын болады. Бұл жағдайда 
басқа автордың материалы бойынша тезис құрастыру ережесі негізге 
алынады. 
Алдымен, тезис жазып, уақыт өте келе, автор сол тезисті көлемді 
мақалаға немесе баяндамаға айналдыратын жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай 
жағдайдағы негізгі қиындық – автордың не жазғысы келгендігін аяғына дейін 
байыптай алмайтындығында. Ғылыми зерттеулерде бұл қалыпты құбылыс 
болып табылады. Басында не жазғысы келетіндігі туралы ой келеді. Әрі қарай 
автор бұл ойды жетілдіріп, тезис жазуға отырады. Оқырманға тезисте 
айтылатын идеяны түсінікті жеткізу үшін оны қажетті дәйектермен
толықтыру керек. Бастапқы сипаттау қысқа әрі нұсқа болады.
Тезис жазудың негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады: 
-
Мәселені қоя білу; 
-
Зерттеу нәтижелері; 
-
Жұмыстың жаңа әдістемесі. 
«Мәселені қоя білу» типіндегі тезисті жазу
кезінде мынадай 
мәліметтерді беру қажет: 
-
қысқаша кіріспе (тақырыптың өзектілігі); 
-
жұмыстың мақсаты (мәселе/міндет қою); 
-
мәселеге қатысты бұрын айтылған пікірлерге шолу жасау; 
-
осы тақырыпқа қатысты кейбір жеке ойларын беру; 
-
тұжырым (алдағы жұмыстарда қандай міндет немесе мәселе 
қойылады). 
«Зерттеу нәтижелері» типіндегі тезисті жазу
кезінде мынадай 
мәліметтерді беру қажет: 
-
қысқаша кіріспе, мәселені қою (мәселені қоя білу тезисіндегі сияқты, 
тек қысқа жазылады); 
-
жұмыстың мақсаты (нақты бір нәрсені зерттеу); 
-
зерттеудің негізгі ережелері немесе жорамал (эксперименталды зерттеу 
жағдайында); 
-
қолданылған әдістер; 
-
аралық нәтижелер (қажет болған кезде); 
-
негізгі нәтижелер; 
-
түсіндіру (интерпретация) және тұжырымдар. 
«Жұмыстың жаңа әдістемесі» типіндегі тезисті жазу
кезінде 
мынадай мәліметтерді беру қажет: 
-
әзірленген әдістің қажеттілігін шешуге арналған міндеттерді 
сипаттайтын қысқаша кіріспе, әдіс қолданылатын сала (өзектілігі); 
-
жұмыстың мақсаты (қажетті әдісті әзірлеу); 
-
қолданыстағы әдістерді сипаттау; 


123 
-
жаңа әдістерді сипаттау; 
-
қолданылған әдістердің нәтижелерін сипаттау; 
-
жаңа әдістің артықшылықтары мен кемшіліктеріне баға беру; 
-
тұжырымдар. 
Тeзиcтepдi peciмдeу. 
Тeзиcтepдi peciмдeугe қoйылaтын тaлaптapды 
кoнфepeнцияны ұйымдacтыpушы кoмитeт бeлгiлeйдi жәнe oны бapлық 
қaтыcушылapдың нaзapынa жeткiзeдi. Ұйымдacтыpу кoмитeтi бeлгiлeгeн 
тaлaптapды қaтaң caқтaу қaжeт. Әдeттe, тeзиcтiң көлeмi 1-2 бeт бoлып 
бeлгiлeнeдi. Кeйдe cөз нeмece тaңбa caнымeн бeлгiлeнeдi. Тeзиcтepдi 
peciмдeудiң жиi кeздeceтiн тaлaптapы Тimes New Roman, 12 шpифт, бip 
интepвaл, Word фopмaтты құжaттa, бacылғaн мәтiннiң 1 бeтiндe шaмaмeн 45 
қaтap нeмece 5-7 aбзaц бoлaды. Бұл peттe пapaқтың eлeулi бөлiгiн тeзиcтiң 
тaқыpыбы, aвтopдың aты-жөнi мeн жұмыc icтeйтiн (oқитын) ұйымы aлaды. 
Қыcқacы, aвтopдың oйын aнық жeткiзу үшiн aз ғaнa көлeм бepiлeдi. Ocы aз 
көлeмдeгi мәтiндe aвтopдың oйы oқыpмaнғa aнық жeтуi кepeк. 
Тезис жазу алгоритмі: 
1.
Сіздің тезисіңіз қандай типке жататынын анықтаңыз және тиісті 
құрылымды таңдаңыз. 
2.
Сіздің жұмысыңыздың негізгі нәтижесі немесе тұжырымы не 
болатынын анық белгілеңіз. 
3.
Тезиске тақырып таңдаңыз. Тезиске тақырып қою конференция 
тақырыбына сәйкес келуі қажет. Егер конференция тақырыбына сіздің 
тезисіңіздің тақырыбы сәйкес келмесе, сізді конференцияға қатыстырудан 
ұйымдастыру комитеті бас тартады. Сондықтан өтетін іс-шараға қатысты 
тақырып таңдап, соған сай тезис жазуды естен шығармаңыз. Тезис тақырыбы 
тезистің барлық мазмұнын айқындайтынын да естен шығармағаныңыз жөн. 
4. Жоғарыда көрсетілген типтерге сәйкес тезис құрылымын құрыңыз. Әр 
бөлімде не айтатыныңызды, тезистің негізгі идеясын бір сөйлеммен беріңіз. 
Әдетте, тезис мәтініндегі бір бөлімге (нақтырақ айтқанда, әрбір идеяға) бір 
абзацтан сәйкес келуі керек. Егер сіздің бір бөліміңізде бірнеше идея болса, 
бұл бөлім бірнеше абзацтан тұрады. Осылайша, сіз тезистің жоспарын құрап 
аласыз. 
5. Жазған тезисіңізді мұқият оқып шығыңыз, тақырыптың толық 
ашылуына бөлімдер мен абзацтар жеткілікті ме, тағы бір рет тексеріңіз. Егер 
жеткіліксіз болса, толықтырыңыз. Әрбір абзацтағы ой жұмыстың негізгі 
идеясын – нәтижесін/тұжырымын дәлелдеу үшін логикалық байланыста 
болуы қажет. Қажет болған жағдайда абзацтардың ретін ауыстыруыңызға 
болады. Мүмкін жұмыстың атауына түзету енгізу де қажет болар. Бәрін қайта 
тағы бір рет пысықтап шығыңыз.
6. Тезисті ресімдеу талаптарын мұқият оқыңыз. Тезистің көлеміне мән 
беруді ұмытпаңыз. 


124 
7. Дайын болған тезисті ғылыми жетекшіңізге көрсетіп, тезистің 
мазмұны, жаңалығы, жұмыстың стилі туралы ой-пікірін тыңдаңыз. Егер 
айтарлықтай түзетулер мен толықтырулар қажет десеңіз, енгізіңіз. 
8. Дайын тезисті конференцияның ұйымдастыру комитетіне жіберіңіз. 
Тезис жазуға қойылатын жалпы талаптар: 
-
әрбір пайымдау қысқа әрі нұсқа болуы керек; 
-
әрбір пікір, пайымдау не логикаға, не ой-пікірге негізделуі тиіс; 
-
интернеттен немесе бұрын жазылған мақаладан көшіріп алмаңыз; 
-
баяндама, реферат жазып кетпеңіз; 
-
оқырман түсінетіндей болсын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет