1.Үлгілі бағдарлама бойынша 2-4 сынып аралығында бастауыш сынып оқушылары фонетика саласынан игеруге тиісті білім мазмұнына талдау жасау



бет1/4
Дата07.03.2022
өлшемі33,53 Kb.
#134504
  1   2   3   4
Байланысты:
6 тапсырма


Жоспар:
Үлгілі бағдарлама бойынша 2-4 сынып аралығында бастауыш сынып оқушылары фонетика саласынан игеруге тиісті білім мазмұнына талдау жасау.
2.Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы туралы талдау жасау. (Менталды карта)
3.Сөз әдебі, интонация жолдары, жұмыс түрлері

1.Үлгілі бағдарлама бойынша 2-4 сынып аралығында бастауыш сынып оқушылары фонетика саласынан игеруге тиісті білім мазмұнына талдау жасау.
Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыны птан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.
Бастауыш сынып оқушыларына орфографияны игерту тілді оқыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асады. Бағдарламада қазақ әліпбиіне қатысты мәселелерді шешуде әліппеге дейінгі кезеңнің, әліппеден кейінгі кезеңнің талаптары анық көрсетілген. Талдап көрсеткенде, бастапқы кезеңде төмендегі білім-білік дағдысына көңіл бөлінеді:
дыбыстарды әріппен белгілеу, яғни, бас әріп пен кіші әріптердің баспа және жазба түрлерін біртіндеп енгізу және оларды меңгерту;
бас әріп пен кіші әріптерді дұрыс каллиграфиялық тұрғыда жазу, оларды бір-бірімен өзара байланыстыра қосып жазу. 
Ал, екінші кезеңде дыбыс және жұп дауыстылар, буын, әліпби туралы түсінік беру, жазу тәсілдерін (мәтінді көшіріп жазу, естуі бойынша жазу) жетілдіру; орфографиялық және пунктуациялық дұрыс жазу сауаттылығын қалыптастыру ескеріледі. Сондай-ақ кейбір дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар түрлерінің емлесіне мән беріледі.
Типтік бағдарлама бойынша 1-4 сынып аралығында бастауыш сынып оқушылары фонетика саласынан игеруге тиісті білім мазмұны нақты көрсетіледі. Атап айтар болсақ, 1-сыныпта ескерілетін мәселелер:

  1. бас әріп және кіші әріптің кескінімен танысу;

  2. әріп элементтерін жазу; бас және кіші әріптерді жазу;

  3. бас және кіші әріптер элементтерін өзара дұрыс байланыстырудың негізгі түрлері (төменгі) қол үзбей және үзіп қосу;

  4. бас және кіші әріптерді жұмыс жолына сәйкес жазу;

  5. 5-6 сөзді орфоэпия нормасын сақтай отырып, айту бойынша жазу;

  6. -4 сөйлемді (2-3 сөзден құралған) айту бойынша жазу;

  7. адам аты мен фамилиясын, үй жануарларының аттарын бас әріппен жазу;

  8. сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен жазу.

  9. 2-сыныпта фонетика тарауын игертуге 26 сағат бөлінеді. Бұл сыныпта ескерілетін мәселелер:

  10. У әрпінің емлесі, осы дыбыстың дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке болып келуі;

  11. И дыбысының емлесі, оның жуан, жіңішке болатыны;

  12. дауыссыз й, оның емлесі;

  13. Я, Ю әрпінің жазылуы;

  14. дауыссыз дыбыстардың түрлері және Б, П, Л, Р, Н, Ң дыбыстары, олардың емлесі.

  15. 3-сыныпта фонетика тарауын игертуге 12 сағат бөлінеді. Бұл сыныпта ескерілетін мәселелер:

  16. Э, в, ф, ц дыбыстары мен әріптері, жазылу емлесі;

  17. Ч, щ дыбыстары мен әріптері, жазылуы;

  18. Х, һ дыбыстары, олардың айтылу ерекшеліктері. Х, һ әріптерінің емлесі.

  19. 4-сыныпта фонетика тарауын игертуге 6 сағат бөлінеді. Бұл сыныпта ескерілетін мәселелер:

  20. дыбыс және әріп бойынша берілген ұғымды еске түсіру;

  21. буын үндестігі туралы түсінік;

  22. дыбыс үндестігі туралы қарапайым түсінік;

  23. сөздерге түбір сөздің соңғы буынына қарай қосымшаларды дұрыс жалғау;

  24. жалпы сауатты жазу мәселесі

Орфографияны игерту барысында мұғалімнің көмегімен фонетика тарауы бойынша жоғарыда көрсетілген білім мазмұнын меңгерген оқушылардың білім-білік дағдыларына төмендегі талаптар қойылады.

    • әліпби әріптерін айыра білу, дыбыс пен әріптің дұрыс атауын білу;

    • кісі аттары мен үй жануарлары және жер-су аттарының, сөйлемнің бірінші

    • сөзінің бас әріппен жазылуын, сөйлемдегі әрбір сөздің бөлек жазылуын білу;

    • сөз, сөйлемнің шегін тауып, сөзді буынға бөле білу және тасымалдап жаза алу;

    • кіші, бас әріп элементтерін жазу, оларды каллиграфия нормасына сақтай отырып, бір-бірімен байланыстырады;

    • жазуда орфографиялық және пунктуациялық ережелерді қолданады;

    • баспа әріптермен берілген мәтінді көшіріп жазады (10 белгіден кем емес);

    • сөздің дыбыстық және дыбыстық-әріптік сызбасын көрсете алады;

    • сөздегі дауысты, дауыссыздарды ажыратады;

    • өтілген орфографиялық нормаларға сай қатесіз жазады.

Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегі талаптар қойылады, және бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс:

  • әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;

  • әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы қылмай, тегіс, бірдей жазу;

  • әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай сәл көлбете жазу;

  • әріптердің, сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап отыру, бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.

Жазудың түрлеріне қарай оқушыға қойылатын талап та түрліше. Фонетикалық жазу тілдің дыбыстық жағын дұрыс түсініп, дыбыс пен әріптің ара жігін ажырата білуді, соның негізінде дұрыс жазуды талап етеді. Морфологиялық жазу сөздің грамматикалық мағыналарын түсініп, сөз құрамын аңғаруды, түбір мен қосымшаның, күрделі сөздердің ережелерін түсініп, дұрыс жазуды талап етеді. Мұғалім тарапынан әрқашан жазуға қажетті тиімді деген тәсілдер ескеріледі. Олар оқушыға түсіндіріліп отырады:

  • жазу құралын дұрыс пайдалана алу;

  • дәптерді дұрыс орналастыру және жазу кезінде оны жылжытып отыру;

  • сабақ кезінде дұрыс отыру;

  • жазу кезінде қолды жол бойымен дұрыс қозғай білу .

Бастауыш сыныпта сауатты әрі әдемі жазудың бірден-бір кепілі – көркем жазуға мән беру. Оған көңіл бөлу бірінші сыныптан басталады. Өкінішке орай, қазіргі уақытта барлық мектеп бағдарламасына көркем жазу енбеген. Көркем жазуға арнайы сағат бөлінгенде ғана біз көтеріп отырған мәселе толық шешімін табары даусыз. Бастауыштың баласы 5-сыныпқа барғанда орта буын мұғалімдері тарапынан оқушылардың сауатсыздығы туралы әңгімелер де естіліп қалатыны жасырын емес. Десек те, мұғалім алдында тұрған басты міндет оқушыны орфографиялық нормаға сәйкес дұрыс жазуға үйрету болғандықтан, уақыты мен білгенін аямай, осы жұмыстың нәтижесін көргенше, аянбай тер төгу қажет. Бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында тұрған міндет өте ауыр. Оқу жоспарына сай бағдарламаны меңгерту ғана емес, сауаттылық мәселесін тиісінше шешу арқылы ғана өзінің ұстаздық борышын адал атқара алады деуге болады. Осы орайда мұғалімге көмекші болатын әдіс-тәсілдер сан алуан. Атап айтқанда:

  • түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор.

  • сөздікпен жұмыс істету.

  • тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату;

  • сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіріп жазуға мән беру

Орфография туралы сөз қозғағанда мектеп шеңберінде ғана емес, үлкендер үшін қиындық тудыратын бір мәселе алдымыздан шығады. Ол «Ң» әрпінің емлесіне байланысты. Менің ойымша, осы әріпті дұрыс айтып, дұрыс жазуды оқушы бастауышта игермесе, орта буынға келгенде игеріп кетуі екіталай. Ол туралы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жиі айтады. «Ң» әрпін меңгерту барысында орындалар жаттығулар аз емес. Ең бастысы, мұғалім бастауыш сынып оқушысы үшін орфографияны игеруде туындайтын проблемаларды дұрыс танып, содан шығатын жолды дер кезінде іздестіріп, шара қолданса ғана еңбегінің жемісін көрмек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет