«Қазақ тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар 9-сынып



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі32,04 Kb.
#84271
  1   2
Байланысты:
Қазақ тілі 9-сынып 2020-2021
5 сынып КТП әдебиет 2020-2021, ТФП-Перечень-вступительных-экзаменационных-вопросов-на-2017-г-Магистратура 2, титульный лист, №10 «Электр тоғынан зақымданудан қорғану»

«Қазақ тілі » пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар 9-сынып
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген , Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) басшылыққа алынып құрылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген бұйрық, Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығына 2 қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) негізге алынған. «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:9 - сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат
"Қазақ тілі" пәнінің базалық білім мазмұны: 1) тыңдалым және айтылым:
әртүрлі жанрдағы орта көлемді мәтіндердегі мақсатты аудитория мен тілдік құралдардың рөлін талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу, мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау, мәтінде айтылған ойға өз көзқарасын білдіру, сыни тұрғыдан баға беру;
2) оқылым:
тұтас емес мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу, қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану, мақала, аннотация, презентация, тезистердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату, әртүрлі стильдегі мәтіндердің қызметін, құрылымын, ерекшелігін салыстыру, белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу, ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау;
3) жазылым:
күрделі жоспар құру, әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру, жағдаятты талқылау, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе), перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу, тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу;
4) әдеби тіл нормалары:
орфографиялық норма: жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру, мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру, мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу,эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу, жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау;
орфоэпиялық норма: мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;
лексикалық норма: лексикалық стилистика заңдылықтарын дұрыс қолдану;
грамматикалық норма: құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу, салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану, сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану, аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану;
пунктуациялық норма: құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын) ережеге сай қолдану.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет