Қазіргі ұрпақ уақыты және қҰндылықтар т. Е. Тұмашбай



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата13.11.2023
өлшемі370,34 Kb.
#191347
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚАЗІРГІ ҰРПАҚ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Practice 6


63
https://adamalemijournal.com
ISSN 1999-5849
ӘОЖ 101.1:316
https://doi.org/10.48010/2022.1/1999-5849.06
ҚАЗІРГІ ҰРПАҚ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
 
Т.Е. Тұмашбай
АҢДАТПА
Зерттеудің тақырыбы жаһанданудың қазіргі үрдісіне 
қазақстандық қоғамның интеграциялану мәселелеріне 
арналған. Жаһанданудың ықпалымен қазақстандық қоғам-
да жаңа ұрпақтың қалыптасуы орын алуда. Дүниедегі 
технологиялық және ақпараттық инновациялар компетентті, 
сан қырлы, ашық адамдардың түзілуіне жаңа талаптар-
ды қоюда. Ұрпақтардың сабақтастығы адамның рухани 
және әлеуметтік қалыптасуындағы тарихи субъективтіліктің 
әсерімен жүруде. Бұл мақаланың мақсаты тәуелсіздік 
жылдарында түзілген ұрпақтардың мінез-құлығындағы 
өзгерістерді ашу болып табылады. Сондықтан бұл мақаланың 
теоретикалық мағынасын біздің жаһандану дәуірінде 
әлемнің барлық адамдарымен тығыз интеграцияда және 
күннен күнге артқан өзара байланыстылықта өмір сүруіміз 
құрайды. Біздің қоғам өзінің дамуының барлық салаларын-
да жаһанданудың өзгерістеріне бейімделу керек. Тиісінше, 
мақалада қазіргі қазақ қоғамының цифрлық технологиялар 
негізіндегі дамуының құндылықтық негізі, оның адамның бос 
уақытын өткізуіндегі қайшылығы қарастырылды. Бір жағынан 
алғанда сандық, ақпараттық қоғам адамның мүмкіндіктерін, 
оның көкжиегін арттырғанымен, екінші жағынан жастардың 
виртуалды дүниеге бүтіндей кірігуі орын алуда. Мұндай 
ақпараттық технология қоғамдық факт ретінде бар, бірақ 
біздің әлеуметтік ортамызда, ол теріс-мінез құлық форма-
сында көрініс беруде. Дамыған технологиясы бар қоғамдар 
цифрлық мүмкіндікті жасанды интеллектіге айналдырып, одан 
материалдық табыспен бірге, қоғамдық өмірдің барометрі, 
әлем бір үй фокусі өлшемінде қолдануда. Біздің қоғамдық 
ортада, бұл әлеуметтік үрдіс өзгеше түрленіп көрінуде. Олар: 
кибербуллинг, уақытты босқа өткізу, балалардың арасында-
ғы смартфонға, интернетке тәуелділік. Мақалада зерттеудің 
теориялық, методологиялық және салыстырмалы әдістері 
қолданылды. Зерттеудің теориялық негізін Ф. Ницшенің, 
И. Валлерстайнның, Г. Маркузенің, Д.К. Богатыревтің,
Г. Мямишеваның, Л.В. Турарбекованың ғылыми концепция-
лары құрайды.
Түйін сөздер: 
ұрпақтар уақыты, ұрпақтардың жасампаздығы, 
тәуелсіз елдің азат ойлы адамдары, құндылықтар.
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық 
университеті, 
Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Автор-корреспондент: 
Т.Е. Тұмашбай

tumashbai@mail.ru
Мақаланың сілтемесі: 
Т.Е. Тұмашбай. 
Қазіргі ұрпақ уақыты және 
құндылықтар // 
Адам әлемі. – 2022. 
– №1 (91). – Б. 63-79.


64
АДАМ ӘЛЕМІ
№1 (91) 2022, наурыз


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет