Бағыты: химия Орындаған: 7 сынып оқушысы Намаз Ақерке Ғаниқызы



бет1/10
Дата15.02.2023
өлшемі474,91 Kb.
#168862
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
031 02.12.22


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Шымкент қаласы, №59 жалпы орта мектебі

Тақырыбы: «БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТАҒАМДЫҚ ӨНІМДЕРДЕГІ ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАЛАР»


Бағыты: химия


Орындаған: 7 сынып оқушысы
Намаз Ақерке Ғаниқызы

Ғылыми жетекшісі: №59 жалпы орта мектебінің
мектебінің химия пәні мұғалімі
Еркінбекова Айгерім Ізбасарқызы
2022 жыл.


МАЗМҰНЫ
Кіріспе ...........................................................................................................................4
І. Әдебиеттерге шолу

    1. Адам денсаулығына зиянды тағамдарды анықтау.............................................5

    2. Зиянды тағамдарының қысқаша тарихы ............................................................7

ІІ . Негізгі бөлімі:
2.1 Зиянды тағамдарының құрамы және адам ағзасына әсері .................................8
2.2 Зиянды тағамдардың оң және теріс жақтары .....................................................11
2.3 Зиянды тағамдарды көп қолданғаннан пайда болатын аурулар.......................12
ІІІ. Зерттеу бөлімі:
3.1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы............................13
3.2 Кириешки және Чипсы өнімдеріне және “коко-кола” сусынына сапалық реакция...........................................................................................................................13
3.3 Қазақ тағамтану академиясының зерттеу қорытындылары................................15
Қорытынды ....................................................................................................................16
Қолданылған әдебиеттер тізімі ...................................................................................19


КІРІСПЕ
Адам денсаулығына зиянды тағамдар қазіргі заманның ажырамас бөлігі. Қарқынды өмір салты қазіргі заман адамына асықпай, сүйіспеншілікпен отырып тамақтануға мүмкіндік бермейді. Күнделікті тамақтанудың орнына жақын маңдағы тамақтанатын жерден пакеттегі жылдам еритін лапша, гамбургерлер немесе хот – догтар мен газдалған сусындар сияқты жеңіл тамақтармен тамақтануға тура келеді. Осындай зиянды тағамдардың адам ағзасына әсерін тәжірибе арқылы зерттеп, оқушылар арасында үгіт жүргізу арқылы жұмыстың өзектілігі анықталады.
Қазіргі таңда қалада кез – келген аяқ басқан жерден тамақтануға болады. Түске таяған уақытта ауылдағы дүкенге кіріп, қандай тағамдарды балалар көп алады деп біраз бақыладым. Екінің бірі жылдам еритін лапша, чипсы коламен, кириешки, газдалған сусын,хот дог алып жатты. Мені қызықтырғаны, осы тағамдар қайдан шықты? Неліктен, ол ересектер мен балалар арасында танымал? Дәрігерлер мен диетологтар айтқандай зиянды тағамдар адам ағзасына, денсаулығына, әсіресе балаларға шынымен зиян ба? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, оның шығу тарихымен, дайындалу барысымен және құрамымен таныса отырып, жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалады.
Мақсаты: Оқушылар жиі қолданатын өнімдердің құрамында қандай тағамдық қоспалар бар, олар қандай түрге жатады: тыйым салынған немесе рұқсат етілген, балалардың денсаулығына қалай әсер ететінін анықтау.
Қазіргі уақытта жылдам тағамдар өте көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді. Осындай тағамдармен тамақтану шын мәнінде адам ағзасына зиян ба? Зиянды тағамдарды жиі пайдалану зерттеу жұмысымның өзектілігі болып табылады.
Зиянды тағамдарды біреулер күнде ішіп – жеп жүрсе, кейбіреулер анда – санда ғана пайдаланады. Тамақты асықпай үйде дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, ол бізге қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауіпті. Соған қарамастан кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Дәрігерлер қаншалықты зиян екендігін айтқанымен көптеген адамдардың жиі пайдалануы жұмыстың қарама – қайшылықтарын айқындайды.
Осы орайда барлықтарыңызға қызық болар деген ниетпен осы тағамдар туралы қызықты фактілерді ұсынамын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет