Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет1/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
d9bd8556-da50-4609-b605-f67f95595c30 2

Билет № 1

  1. Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы.

Жұлындық жансыздандыру өткізгіштік анестезияға жатады. Онда анестезиялаушы препаратты жұлынның субарахноидалды кеңістігіне енгізу жолымен өткізіледі. Диафрагмадан төмен жатқан ағзаларға, яғни, асқазан, ішек, бауыр, өт жолдарына көкбауырға, кіші жамбас қуысы ағзаларына, жәнеде аяқтарға жасалынатын операцияларда қолданылады. Анестезиялаушы зат жұлынның артқы түбіршіктерін бөгеттеп ауырсыну, тактильді, температуралық сезімталдықтың жойылуына және алдыңғы түбіршектерінің қозғалыстық салдануын дамуына әкеледі. Сонымен бірге, алдыңғы түбіршектерінің құрамына өтетін преганглионарлы симпатикалық талшықтарының бөгеттелуінен, қантамырлық иннервациялық өзгерісті шақырып, иннервациялау аймағында артериолалардың кеңеюіне әкеледі. Құрсақтық талшықтарының түзілуіне әкелетін симпатикалық талшықтардың бөгелуінде іш, жамбас қуысы ағзаларының аяқтардың қантамырларының кеңеюіне, онда қанның АҚ төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Жұлындық анестезия үшін арнайы мандрені жақсы бекітілген, милилитрдің оң үлесіне градуирленген, жақсы бекітілген піскегі мен шприцтер қажет.
2% лидокаин ерітіндісі, 0,5% бупивакаин, 5% прокаин, 0,75% бупивакаиннің декстрозадағы ерітіндісін қолданады.
Енгізу:

  1. Науқасты үстелге көлденеңнен отырғызады,

  2. аяқты табуретке бекітеді,

  3. тізе көтерілген, арқасы максимальді бүгілген.

  4. Мейірбике науқастың алдында тұрады, науқасқа қабылдаған қалыпты ұстауға көмектеседі

  5. Пункцияны жатқан қалпында өткізгенде науқасты бүйірімен жатқызып, арқасы үстелдің жиегінде орналастырады, тізе ішке тартылған, иегі кеудеге тигізген, арқасы максимальді бүгілген

  6. Көмекші науқасты бір қолымен мойнынан, екінші қолымен жамбасынан ұстап, пункция орындалатын жерді бүгуге тырысады.

Пункция әдетте, LIII және LIV немесе LII және LIII қылқанды өсінделері арасында жүргізеді. Бағдарлау ретінде мықын сүйектің артқы жоғарғы қылқанын біріктіретін сызықта орналасатын LIV қылқанды өсіндіні пайдаланады.
Операция аймағын диэтилді эфирмен және спиртпен өңдейді. Иньекция орнындағы теріні 0,25% прокаин ерітіндісімен инфильтрациялайды. Инені қылқанды өсінділер арасымен ортаңғы сызық бойымен аздаған қисықпен (5-10*) төмен қарай енгізеді.
Ине ---- қылқан арасы ---- қылқан үсті ---- сары байлам ---- мидың қатты қабығы ---- тоқтайды ---- мандренді алып тастау ---- мидың қатты қабықшасының ішкі жапырақшасын тесіп, инені 2-3 мм айналмалы қозғалыстармен жылжытады. Мөлдір сұйықтықтықтың бөлінуі дұрыс жасалды деген сөз. Сұйықтық болмаса немесе аз бөлінсе 1-2 мм жылжытады. Егер сұйықтық бөлінбей немесе қан көрінсе иенені алып тастап басқа қылқанды өсінділермен қайталайды.
Пункция дұрыс орындалғаннан соң, шприцке 2-3 мл цереброжұлындық сұйықтықты алып, анестетиктің ерітіндісімен араластырып, мижұлын өзегіне енгізеді. Науқасты тез арада операционды үстелге бас жағын төмен 15* түсіріп(лидокаин н\е 0,5% бупивакин) немесе оны көтеріп(прокаин н\е 0,75% бупивакаин) жатқызады(анестезиялаушы заттың тығыздығына байланысты).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет