Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру
Ал 1 жастан 1,5 жасқа дейінгі балалар тағамы әр түрлі болуға тиіс. Олардың құрамына сүзбе, ірімшік, ет, бидай наны, қант, майда жарма, қарақұмық жармасы, күріш, картоп, капуста, сәбіз, қызылша, жас және кепкен жеміс, қуырма, т. б. енеді. Бұл өнімдердің әрқайсынан бала үшін арнайы тағам дайындаудың қажеті жөң. Жалпы от басы үшін пісірілген көкөніс сорпасынан 1-2 ас қасық, еттен бір кесек, тағы басқалардан осындай аз-аздан беріп отырса жетіп жатыр. Ал 1,5 жастан 3 жасқа дейін түрлі көкөністен, еттен, сүттен, жармалардан, онша майлы етпей өздеріне арнап тағам дайындаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |